Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Жетісу және Семей облыстарының қорғандары. 3-бөлім

2275
Жетісу және Семей облыстарының қорғандары. 3-бөлім - e-history.kz

Сурет: https://tengrinews.kz/science/dnk-kurganov-kazahstana-izuchat-norvejskie-uchenyie-poiskah-270177/

Копал алқабының қорымы келесі Ақ-Ішке станциясына дейін созылды (27 вер.). Бұл таулы аймақтың қорғандары қаланың алдындағы және қаланың өзіндегідей сипатта, бірақ саны жағынан аз болды. Осылайша, тар, бірақ өте әдемі алқапта орналасқан бұл қорымның шекаралары солтүстік-шығыстан - Абакумов асуының тау жотасымен, оңтүстіктен - жалпы Алатау жотасымен, ал батыстан - Қаратал өзеннімен астасып жатты. Қаратал алқабында, Сарыбұлақ пен Қарабұлақ станцияларының арасында, бес үлкен және бірнеше орташа қорған болған. Алайда, одан әрі Қарабұлақ пен Жаңғызағаш бекеті арасындағы аралықта (22 вер.), бұл соңғы станция қорған қорымын салуға жарамды болғанымен, ол жерде қорғандар болмаған. Бұл жер мейлінше әсем, әрі біршама жазық болған.

Жаңғызағаш бекетінен Царицын станциясына дейін шамамен 20,5 верст болған. Бұл жердегі жол алдымен жазық арқылы өтіп, содан кейін бірте -бірте Көксу өзенінің негізгі тау жынысын құрайтын еңіс тауға көтерілетін. Бұл аралықтың 9 верстасынан Көксу алқабына тиесілі қорғандардың жаңа орталығы басталатын. Некрополис  негізінен Царицын станциясының маңында, Көксу өзенінің алқабының террассаларында шоғырланғандықтан, бұл қорған орталығы Царицынский деп аталған. 9-шы верстадан бастап жолдың оң жағында да, сол жағында да қорғандар кездесіп отырды, Царицын станциясына жақындаған сайын олар тіпті көбейе түсті. Әдетте олар қатар-қатар орналасты. Кейде олардың арасында өте көлемді қорғандар да болғанымен, басым көпшілігі орташа көлемді болатын. Барлық қорғандар таспен кезектесе қаланған. Арасында тек тастан ғана қаланған қорғандар кездесетін. Қорғандар санын нақты айту қиын, бірақ тау төбесіне жеткенге дейін бірнеше ондаған қорғандар болғаны анық. Таудан Көксу өзенінің оң жағалауының төменгі террасасына түскен кезде қорғандар саны одан да көп болды. Бұл жерде олар топтасып та, жалғыздан да орналасты, алыстан қарағанда қазақ көшінің киіз үйлері сияқты болып көрінетін. Бұл жердегі өзен алқабы екі террассадан тұрды. Сол жылдары Царицын казак станицасы төменгі террассада, өзеннің дәл жағасында орналасқан болатын. Өзен тасыған кезде бұл жағалау кейде ішінара су астында қалатын. Жоғарыда айтылған тас қорған және тағы басқалары осы төменгі террассаның кішкентай төбелерінде, суға өте жақын орналасты. Бұл жағдай осы қорғандар салынған тарихқа дейінгі замандарда Көксу өзені суының қар еріген кездегі су деңгейі аса жоғары болмағанын көрсетеді. Әйтпегенде, олар үшін өзен жағасынан жарты верст қашықтықта басталатын келесі террассадан жоғары орын таңдалар еді. Бұл екінші террассада көпшілігі өте үлкен болып келетін қорған көп болды.

Верный қаласынан қайтар жолда Царицын қорғандарының бірін қазуға әрекет жасалды. Ол үшін пошта станциясының маңайында орналасқан кішігірім қорған таңдалды. Оның өлшемдері шамамен келесідей болған: іргетасынан шеңбері - 48 сажын, жоғарғы алаңның диаметрі - 17 аршын (оңтүстіктен солтүстікке, шығыстан батысқа), шығыс және солтүстік беткейлер - 11 аршыннан, оңтүстік беткейі - 12 арш., ал батыс жағы - 9 арш., жер бетінен тік биіктігі - 5 аршын. Жоғарғы алаңда оңтүстіктен солтүстікке қарай ені 8 аршын, ал шығыстан батысқа қарай 11 аршын болатын үлкен шұңғыма тәрізді шұңқыр болды. Бүкіл шұңқыр тегіс төбе түрінде алаңнан шығып тұрған үлкен таспен (дөңгелек тастар) толтырылған.

В. М. Флоринскийдің басшылығымен Экспедиция қорғанды тастардан тазартып, содан кейін төбенің жоғарғы жағын шұңқырдың түбіне дейін кесіп тастады. В. М. Флоринскийдің басшылығымен экспедиция қорғанды тастардан тазартып, содан кейін төбенің жоғарғы жағын шұңқырдың түбіне дейін кесіп тастайды. Бұл жердің астында қалыңдығы 3 -тен 4 тұтамға дейін аздаған көмір қоспасы бар қара топырақ қабаты болды. Мұнда шұңқырдың астында жылқы мен сиыр сүйектері табылды. Сол қабатта сынған ыдыс-аяқ қалдықтары да көп болған. Қорғанды түгел қазуға уақыт болмағандықтан, экспедиция ортадан төртбұрышты 4 шаршы сажын құдық қазумен шектелген. Жұмыс өте ауыр болды. 10 жұмысшы құдықты күні бойы 5 аршын қазады, алайда моланың жақындығын меңзейтін ешбір із табылмайды. Бұл жұмыстар бірінші күні істеледі, ал екінші күні басталған нөсер жауыннан жұмысты тоқтатуға мәжбүр болады:  

«На следующий день я имел в виду продолжать работу и снять до основания всю восточную половину кургана, с целью отыскать следы погребальной ямы, но ночью разразилась сильная гроза с ливнем. После дождя в вырытых накануне выемках скопилось много воды, и это вынудило меня прекратить раскопку, не отыскав самой могилы. Для надлежащих археологических раскопок следовало бы посвятить Царицынской станице, по крайней мере, несколько недель, но, к сожалению, я не мог располагать таким временем»

В.М. Флоринский

«Топографические сведения о курганах Семиреченской и Семипалатинской областей» 

Царицын станицасынан шығып Көксу өзенінен көпір арқылы өтетін жол тік әрі биік тауға көтеріледі. Бұл Царицын асуы деп аталатын асу. Бұл тау жотасының арғы бетінде Қоғалы станциясы жатыр. Бұл кеңістікте қорғандар болмады.

Қоғалыдан Алтын Емел станциясына дейін жол 25 верстті құрайды. Жолдың сол жағындағы 7-ші верстаның басында одан 30 сажын қашықтықта дөңгелек пішінді зор қорған көрінеді. Үстіңгі алаң шетінен іргетасқа дейін 30 аршын, жоғарғы алаңы 20 аршын. Онда тереңдігі 0,5-нан 1,5 аршынға дейін, таспен толтырылған 14 шұңғыма тәрізді шұңқыр орналасқан. Қорғанның бүйір беткейлері де барлық тас қабірлердегідей, үйінді топыраққа қапсыра қойылған таспен жабылған. Қорғанның биіктігі шамамен 4-5 сажын, жан-жағы екі аршын тереңдіктегі ормен қоршалған, ол да қорған сияқты шөппен өсіп кеткен.

Жоғарғы террасадағ ауылға ұқсас, көптеген қорған тобын көруге болады. Станциядағы олардың жалпы санын айту қиын, бірақ асыра сілтеусіз бірнеше жүз деп айтуға болады. Әдемі үлкен қорған станцияға қарама-қарсы, жолдан батысқа қарай жарты шақырым жерде орналасқан. Осы керемет қорымның кейбір қорғандары қара топырақтан құйылды және бүйірлерінде де, шұңқырында да тастар болмады. Қазбай тұрып олардың ішкі жағының қалай қаланғанын анықтау қиын болды.

Алтын Емел станциясынан Қоян Құзға дейінгі аймақ бірдей сипатқа ие болды, бірақ жол бойында қорғандар кездескен жоқ. Олар келесі, Қарашеке аралығында да болған жоқ. Нағыз қорым Іле өзенінен өткен соң, Алматы өзенінің жағасында басталып, Верный қаласына дейін созылып жатты.

Верный қаласында жиналған мәліметтерге сәйкес, қорғандар көп мөлшерде Ыстықкөл көлінің жанында және Шу өзенінің аңғарында, Тоқмақ пен Пишпек маңында болған. Сол сияқты олар Сырдария өзеніне дейін және осы өзеннің арғы бетінде, Түркістан облысының солтүстік бөлігінде кездесті. Екінші жағынан, олар Іле өзенінің жоғарғы ағысында және Құлжа алқабында да өте көп болды. Сол маңайда пұт тастар да көптеп кездескен. Құлжа ауданынан әкелінген олардың төртеуі Верный қаласындағы губернатор үйінің қарсы бетіндегі саябақта тұрды. Олардың тұрпаты Жетісу облысы мен Ресей империясының оңтүстігіндегідей болды. Сондықтан қорғандық жерлеу ғұрпы мен осы дәстүрді ұстанған халық Орта Азиядан, атап айтқанда, дәл қазіргі Түркістан өлкесінен бастау алды деп қорытынды жасауға болады.  Осы жерден ол Жетісу облысына және Іле өзенінің алқабы бойынша бір жағынан Құлжаға, екінші жағынан Балқаш көліне, одан әрі Қарқаралы мен Ақмола облыстарына дейін таралды. Ертіске жетіп, қорған тайпасының бір бөлігі Нор-Зайсан көліне, Бұқтырма алқабына және Алтайдың солтүстік тау бөктеріне (Бийский және Барнаул округтерінде), бір бөлігі Ертіспен төмен солтүстікке қарай Тобыл және шығысқа Каинскіге қарай бет алды. Батыста ол Тобыл губерниясының оңтүстік бөлігінің құнарлы қаратопырақты даласын (Омбы, Петропавл, Есіл, Қорған және Ялуторов уездері) және Пермь (Шадрин уезі) бөлігін қоныстанды.

Жетісу облысының батыс бөлігін, Верный қаласының сыртын осы өлкенің халық училищелерінің инспекторы Городецкий археологиялық тұрғыдан қарап шықты. Жыл сайын қызметттік міндеттеріне сәйкес өз ауданының мектептерін аралап жүріп ол қорғандардың орналасқан жерін тек пошта жолы арқылы ғана емес, сонымен қатар археологиялық ескерткіштерге қызығушылық танытқан адамдар сирек баратын шалғай жерлерде де көруге мүмкіндік алды. Ол жинаған мәліметтер, сипаттамалар толық болмағанына қарамастан, Городецкийдің хабарламаларына ерекше құндылық беретін. Бұл кемшіліктерді ол қолжасзбасын жіберген кездегі хатында да көрсеткен: «бақылаулар үстіртін, көбінесе экипаждан, саяхат кезінде жасалады және көптеген қорғандар мұқият тексеріліп, өлшенген де жоқ. Сондықтан ұсынылған материал сипаттамалық емес, тек сандық, оның өзінде толық емес,  мәнге ие болуы мүмкін».

Қорғандардың есебін Городецкий Жетісу облысының ең шалғай нүктесінен, дәлірек айтқанда Қаракөл уезінің оңтүстік - шығыс шекарасынан бастап, содан кейін ол ауылдық жолмен, көбінесе Қаракөлден шығатын пошта жолымен (Ыстықкөл көлінің шығыс жағынан) Пишпекке, одан әрі Верный қаласына дейін жүргізді. Өкініштісі сол, сипаттамаға бағыттық географиялық карта қоса ұсынылмаған. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?