Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

1991 жылғы сәуір реформасы

2553
1991 жылғы сәуір реформасы - e-history.kz

КСРО-да қайта құру қызу жүріп жатты. Елде жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалар нарыққа өтуге бағытталды. Депутаттар түрлі мінберлерден халық жақсы өмір сүруге лайық деп жар салды, бірақ неге екені белгісіз елде тауар жетпей жатты. Халық тұтынатын тауарлардың жетіспеушілігі бұрын да болатын, алайда үкімет бағаны көтеру немесе ақша реформасын жасау сияқты жаңа жолдарды іздеді.

1990 жылы-ақ үкімет басшысы Николай Рыжков КСРО-дағы бағалардың төмендігін айтып, елдің барлық дүкендерінде дүрбелең тудырған еді. Қаржы министрі В.Павлов Рыжков бағдарламасынан кейбір идеяларды қолданбақшы болады. 1991 жылдың қаңтарында жүргізілген ақша реформасы ақша айналымын белгілі бір дәрежеде тұрақтандыруға мүмкіндік бергенімен, бұл елдің қарапайым азаматтарына тиген алғашқы соққы болды. «Көлеңкелі айналымдағы үлкен ақша массасы» деген себеппен 50 және 100 рубльдік купюралар ақша айналымынан алынды. Бұл ретте осының алдында ғана көптеген ұйымдар қызметкерлеріне еңбек ақыларын ірі купюрамен төлеген болатын. Жаңа купюраға алмастыру қатты шектелді. Адамдар ақшадан да, жинақтан да айырылды. 

2f4e1da0b9391d98993a6f221a243455.jpg

Содан кейін үкімет реформаның екінші кезеңі - бағаны көтеруге дайындала бастады. 1991 жылы 2 сәуірде Валентин Павлов КСРО-ның жаңа премьер-министрі болып тағайындалды – айта кетерлігі, ол осы лауазымдағы жалғыз адам болды. Сәуір айындағы баға реформасы қаңтар айында болған ақша алмасуының нәтижелерін бекітуге арналды. Осы реформаның нәтижесінде мемлекеттік бөлшек сауда бағалары үш есе өсті, халықтың сатып алу қабілетінің шегі анықталды және кооперативтік бағалар ішінара төмендеді.

Облыстық газеттердің материалдары бойынша 30 жыл бұрын Қазақстан Республикасының болашақ астанасы Целиноградта өткен сәуір оқиғаларын қайта елестетуге болады.

Реформаның алғашқы күнінде қала, бүкіл ел сияқты, бағаның уәде етілген өсуін күтті. Бір күн бұрын қалалықтар ұн, жарма, ыдыс-аяқ, киім-кешекті молынан алып алды. Негізінен – бірінші қажеттіліктегі тауарлар. Қала тұрғындары бағаның өсуі бірінші қажеттіліктегі тауарлардың бай таңдауымен өтеледі деп үміттенді. Алайда, бәрі бірден бола қоймады. Бұрын еркін сатылатын көптеген тауарларға талондардың енгізілуі дүкендердің айналасындағы жағдайды қиындата түсті. Жаңа талондық жүйе қала тұрғындарын алаңдатып, көптеген сұрақтар туғызды. Жартылай бос орталық әмбебап дүкендегі ет сөресінде таңертеңнен ет еркін сатылымда болған, ал 2 сағаттан кейін ет өнімдерін талонмен ғана сату туралы жоғарыдан өкім келіп түседі. Кезекте тұрғандардың бәрінде бірдей талон болмағандықтан, аяқ астынан туындаған осы бір жағдай олардың наразылығын тудырады. Талон жүйесінің құрылтайшылары мен сауда қызметкерлері арасындағы келісімнің болмауы, халық арасында түсіндіру жұмыстарының нашар жүргізілуі және жалпы баға саясатындағы ауытқулар наразылық тудырды.

4956d6c43a98f70354be0227e2d4bad6.jpg

Зейнеткер И.С. Киселева негізгі азық-түлік берудің төменгі нормаларына наразылығын білдірді. «Маған арақ керек емес, - дейді ол, алайда, алу керек, сосын өзіме қажет азық-түлік алу үшін оған айырбас іздеуім керек»,- деп күйінеді. Айта кетерлігі, сол кезде бір шөлмек арақ ең мығым «сұйық» валюта болатын. Оған кез-келген тауар алуға болатын.

Зейнеткер Л.М. Яцун үшін реформа көңілсіз кезеңнің басы болды. 70 жасының ішінде ол аштықты да, соғысты да, жақындарының қазасын да бастан кешірген, қажырлы еңбегі үшін медаль да алған. Бір зейнетақыдан екіншісіне әрең ілініп жүргенде бағаның көтерілгені оны қатты үрейлендіріп отырғаны шын. «Жұрт қандай да бір қор жасап алды, ал менде ол да жоқ»,-деп мұңаяды зейнеткер.

Жаңа баға екі баланың анасы А.Ф. Пуньконы жұтатып жіберді. Күйеуі де, өзі де ауыр дене еңбегімен айналысатын, еңбекақыларын бір айдан екінші айға там-тұмдап әрең жеткізетін. «Әрі қарай не болатынын ойлаудың өзі қорқынышты. Он бес жасар жасөспірім мен мектепке баратын алты жасар баланы әрі қарай қалай киіндіру керектігін ойласам басым зеңіп кетеді. Бәрі шектеліп, қымбаттап кеткен кезде отбасын қалай асыраймыз?», - дейді А. Пунько. Министр Павловтың баға реформасының алғашқы сағаттарында сатып алушылар осындай толқу, қорқыныш жағдайында болды.

Әмбебап дүкеннің директоры В.К.Овсянниковқа бәрінен қиын болды. Дүкеннің дәл ортасында оны сатып алушылар қоршап алып, сұрақтың астына алды. Қандай ет өнімдерін талонмен алса, қандайын талонсыз алуға болатыны, талонмен босатылатын еттің сұрыптылығы қандай болатыны, келісімді бағалар көтеріле ме, жоқ па? деген сияқты сұрақтарға жауап күтті. Ол кезде Валентин Константинович сұрақтарға нақты жауап бере алмайтын, бірақ білгенін – түсіндіріп, наразы жұртты тыныштандыруға тырысты. Кейбір әсіре наразылар азаматтарды тіпті ереуілге де шақыра бастады.

Орталық әмбебап дүкенде әлдеқайда тыныш болды. Кейбір сатып алушылар комиссиялық тауарлар бөлімін аралап жүрді. Ал болоньядан жасалған костюмдар түскен ерлер киімі бөлімінде әжептәуір кезек тұрды. Көпшілік бөлімдерде тауарларды қайта бағалау жүріп жатқандықтан, сауда болған жоқ.

7aae6c6e8b22afb1d021b2ae8d8f05d1.jpg

"Вечерний Целиноград" газеті арқылы Қалалық атқару комитеті қала тұрғындарына 1991 жылдың 1 сәуірінен бастап қалада азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын сатуды ұйымдастырудың жаңа жүйесі енгізілгенін хабарлады. Азық-түлікке 1991 жылдың соңына дейінгі тоғыз айға есептелген екі бірыңғай блоктан тұратын талондардың жаңа үлгілері енгізілді.

Тауарлардың бірінші блогында өнімдердің төрт түрі - қант, май, темекі және арақ өнімдері көрсетілді. Екінші блокта 5-тен 10-ға дейін саны ғана көрсетілген, өнімдердің атауы жоқ алты талон болды. № 5 талон ет, № 6 талон шұжық, № 7  жұмыртқаның сатылуын білдірсе, 8-ден 10-ға дейінгі үш талон азық-түліктің басқа түрлерімен қамту нашарлап кететіндей жағдай туындағанда қолдануға көзделді. Бұл туралы қалалық кеңестің атқарушы комитеті халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізуі керек еді.

Сауданы ұйымдастыруды ретке келтіру, қаланың азық-түлік ресурстарын ұтымды пайдалану, талондардың алыпсатарлығына, оларды қайта пайдалануға және басқа да ықтимал бұзушылықтар мен манипуляцияларға жол бермеу мақсатында талондар сатып алушы дүкенге тек бір блокта ұсынған кезде жарамды деп танылды. Алдын ала бір блоктан кесілген, белгілі бір мөлшерленген өнімдерге арналған жалғыз талон жарамсыз деп танылды және оларды дүкендер қабылдамады. Сонымен қатар талон жоғалған жағдайда қайта қалпына келтірілмеді.

Сәуір айына келесідей нормалар белгіленді:

май - 0,250 кг

ет – 2 кг

шұжық - 1 кг

қант - 1 кг

жұмыртқа - 8 шт.

Темекі өнімдері - 3 қорап

Арақ өнімдері -1 шөлмек.

Сауда қызметкерлерімен жанжалды болдырмау үшін қалалық кеңестің атқару комитеті қала тұрғындарынан азық-түлік талондарын қолданудың қабылданған шарттарын қатаң сақтауды талап етті.

Өте сирек кездесетін өнеркәсіптік ұзақ мерзімді тауарларды сату облыстық комитеттер, кәсіподақтардың қалалық комитеттері және кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің және оқу орындарының кәсіподақ комитеттері, қоғамдық құрылымдар мен қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі арқылы талон-хабарлама тарату арқылы қарастырылды.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?