Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ХХ ғасырдың басындағы Торғай облысы

2517
ХХ ғасырдың басындағы Торғай облысы - e-history.kz

XIX ғасырдың соңында Торғай облысының барлық 418 мың шаршы метр жері негізінен мал шаруашылығымен, ал солтүстік бөлігінде – астық шаруашылығымен айналысатын қазақтардың қолында болды. Ол кезде облыста жасанды түрде құрылған бес қана шағын қалалық елді мекен болған, ал солтүстік бөлігінде қазақтардан жалға жерде бірнеше сирек кездесетін шаруа қожалықтары болған. Ол кезде қалалар шағын және қатынас жолдарынан алшақта орналасқандықтан, облыстың әкімшілік орталығын Торғай облысының шекарасынан 20 верст жерде орналасқан Орынборға орналастыру туралы шешім қабылданады. Ташкент темір жолы сол кезде облыстың едәуір бөлігі арқылы өткеніне және Ақтөбе мен Қостанай қалалары өскеніне қарамастан, мұндай жағдай ХХ ғасырдың басына дейін сақталды. Qazaqstan Tarihy порталы ХХ ғасырдың басындағы Торғай облысының өмірі туралы баяндайды.

Торғай облысы, сол кездегі барлық қазақ даласы сияқты, біркелкі емес екі бөлікке бөлінді. Кішірек бөлігі негізінен егіншілікке жарамды және салыстырмалы түрде суға бай солтүстік аумақтардан тұрды.  Үлкен бөлігі, яғни даланың орталық және оңтүстік бөлігі, өсімдіктің нашар өсуімен және тау, құм, тұзды батпақтардың көптігімен және судың жетіспеушілігімен ерекшеленді: 

«Оңтүстікке қарай климат анағұрлым құрғақ, жазы өте ыстық және дала нағыз шөлге айналады, оны тек қырғыз ғана қыста және қыстың басында мал жаю үшін пайдалана алады. Жазда ол шөбі мен суы мол солтүстікке қарай кетуі керек. Басқа амалы жоқ, өйткені қуаңшылық пен судың жетіспеуінен малы қырылып қалады»

«Сибирский Вопрос», №45-46 

Сырдария облысының солтүстік бөлігінің қазақтары жыл сайын бүкіл Торғай облысын оңтүстіктен солтүстікке қарай өтуге (1000 версттен астам) және Қостанайға ғана емес, сонымен қатар Орынбор губерниясының Троицк маңында тұратын қандастарына дейін жетуге мәжбүр болған жағдайлар жиі болған.

"Болашақ шөл" ("Сібір мәселесі", №45-46) мақаласында автор даланың оңтүстігінде мал шаруашылығын жүргізу және онда үлкен аумақтарды кәдеге жарату тек жазда солтүстік және орталық бөлікте азық-түлікті еркін пайдаланған жағдайда ғана мүмкін болады деп жазады. Алайда, отарлау қанатын жайған сайын, бұл мүмкіндік жоғалып кетуі мүмкін, ал бұл өз кезегінде аймақтағы ірі мал шаруашылығына теріс әсерін тигізеді.  Ол кезде бұл жағдай қоныс аудару басқармасын да, жер өңдеу және жерге орналастыру Бас басқармасын да, жергілікті агроөнеркәсіпшілерді де толғандырған жоқ, олар үшін қазақ даласында "жер көп, ал халық аз" екенін білу маңызды болды»: 

«Когда наши устроители наталкиваются (всегда случайно!) на вопрос о будущности степного скотоводства, то у них всегда имеется шаблонный и поражающий необдуманностью ответ: когда будет нужно, то на юге явится и орошение, и травосеяние, и культура, и все пойдет отлично!». Откуда только будут доставать в достаточном количестве пресную воду, как будет процветать травосеяние на песках и солончаках - думать благодетелям неугодно... С такой решительностью и успехом можно говорить и о превращении Сахары в цветущий оазис...»

«Сибирский Вопрос», №45-46 

ХХ ғасырдың басында қазақ даласы ресейлік аграрийлер, биязы жүнді қой өсірушілер, жерсіз шаруалар үшін, шаруа-кулактар үшін, ақыры сол жылдары табын жылқы шаруашылығы жойыла бастаған Доннан келген жылқы өсірушілер үшін нағыз панацея және Эльдорадо болып көрінді. Соңғылары өз мақсаттары үшін Торғай облысының қиыр солтүстігінде орналасқан "миллионыншы үлесті" таңдады.

Миллионыншы үлес туралы айта кетсек. Бұлай деп 1898 жылы Орынбор казак әскерінің әскери қорынан қазақ халқына берген бір миллион десятина жерді атайды. Бұл жер қазақтарға тұрақты пайдалануға арналды, бірақ сонымен бірге бұл қазақтардың Торғай облыстық басқару органдарына бағынуы керек дегенді білдіретін. Сонымен қоса миллионыншы үлес ішінде казактардың станицалары мен кенттері де болған. Көп өтпей олар бұл жерлерден қазақтарды шығару жөнінде өтінішхат тастайды. Ақырында казактар миллионыншы үлесті өз еріктерімен беруге мәжбүр болады. Содан бері бұл аумақ қоныс аудару үшін жабық деп саналды, алайда бұл Дон жылқы өсірушілеріне және қоныс аудару басқармасына оны жүзеге асыруына кедергі бола алмады.

Жалпы, қазақ даласына қоныс аудару қозғалысының алғашқы кезеңі Торғай облысы, атап айтқанда оның солтүстік аудандары - Қостанай мен Ақтөбе болды. Қоныс аудару пионерлерін Қостанай уезінің салыстырмалы түрде жақсы топырағы қызықтырды, ал 1881 жылы Қостанай қаласы құрылды. Қостанай тұрғындары көп ұзамай қазақтардан 40 мың десятинаға дейін жерді тартып алып, оны тез арада жыртып тастайды, содан кейін уезден жаңа жерлерді іздей бастады да, жазда қазақтардан жалға жер алу және әлі ешкім тиіспеген жерлерді иеленіп қалу үшін уақытша Ақмола облысына өтеді.

Алдымен қоныс аударушылар заңды айналып өтіп, болыстық жиындардың үкімінсіз жекелеген қазақтардан жерді жалға алады. «Болашақ шөл» мақаласының авторы, жалға алушылар аз болып тұрған кезде мәселе болмағанын, кейін олар көбейіп, қазақтардың жері тарыла бастағасын, олар жалға алушылардан жерден кетулерін талап етеді. Жалға алушылар болса, орналасып алған жерлерінен кетуден бас тартып, нәтижесінде әкімшілік оларға жерді бөліп береді.

Щербина экспедициясынан кейін қоныс аудару мәселесі тіпті күрделене түседі. Щербина жергілікті халықтың қолданысында орасан көп артық жер бар екенін анықтайды. Осылайша күшейтілген отарлау басталды.

1908 жылға қарай Қостанай уезіндегі қазақтар мен орыстар саны теңескен. Сол жерде 100-ден аса учаске бөлініп, көбінесе орыстарға, жекелеген жағдайда немістерге қоныстануға берілген. Ақтөбе уезінде іс баяуырақ жүрді, алайда онда да 80-ге жуық учаске бөлінген. Екі жақта да 100 және кейде одан да көп тұрғыны бар кенттер болған.  

«Попадаются поселки новые, неокрепшие, в которых только и видишь жалкие землянки, за то встречаются целые села, прочно и хорошо застроенные, пестрящие домами с претензией на некоторый «стиль». В таких селах и кругом них на пашнях замечается обилие разных сенокосилок, жнеек, молотилок, плугов. Крестьяне возделывают землю хорошо, ездят и возят кладь на огромных возах немецкого типа на железных осях с дышловой запряжкой»

«Сибирский Вопрос», №45-46 

Автор утверждал, что этими благами культуры и щеголяли выходцы из Таврической губернии и Северного Кавказа, а также немцы, от которых первые многое переняли. Челябинск, Троицк пен Қостанай арасындағы жолда көлік сапырылысып жүрген, көп жүк, әсіресе егіншілік машиналары мен құрал-жабдықтары тасылған.

«Огромные зеленые фуры хорошей конструкции, дышловая запряжка, заставляют забыть, что это Киргизская степь, по которой недавно трусил на своей лошаденке киргиз... Правда, зато крайне редко видишь киргизские юрты и табуны, а где попадается аул, то юрты там черные, и строения и скота маловато... На первый взгляд в больших поселках, занятых разными ставричанами, тавропольцами, кубанцами и т.д. кажется, что все они прочно осели и глубоко пустило корни. Но вглядываясь и вслушиваясь, приходится приходить к другим, довольно неожиданным результатам»

«Сибирский Вопрос», №45-46

Жаңа қоныстанушылар арасында кедейлер мен егістерін ауқатты ауылдастарына жалға бергендер көп болғанын айтпағанда, "байлар" да сенім ұялатпағанын айту керек.

Қоныс аударудың жергілікті халық өміріне қалай әсер еткені туралы мақала авторы өзі көзімен көрген немесе біреулерден естіген фактілері негізінде жазады. Оның айтуынша қазақтар мен келімсектер арасындағы алауыздық барған сайын үдей түскен. 1907 жылы Сібір баспасы көшпенділер мен қоныс аударушылар арасындағы үлкен қақтығыс фактілерін атап өтті. 1908 жылы жаздың басында Торғайдағы жәрмеңкеде қазақтар мен орыс қоныс аударушылары арасында үлкен қақтығыс орын алды; одан да әсерлі оқиға Атбасар жәрмеңкесінде болды, онда қазақтар мен орыстар арасындағы қақтығысты қарумен тоқтатуға тура келген.  

Бұл жерде тағы бір айта кететін жәйт, оны орыстар да, қазақтардың өздері айтқан – бұл қазақтардың кедейленуі. Орыс қоныс аударушылары: «қырғыздар кедейленді» деп жиі айтқан екен. Мақала авторы бұны жер пайдаланудың тарылуымен және қазақтарға көбінесе нашар, егістікке жарамсыз және мал өсіруге де аса жағымсыз жерлердің бөлінуімен түсіндіреді.

Мал шаруашылығы сан жағынан да, сапа жағынан да құлдырай түсті, ал бұл кезде бұрын бір фунты 3 тиын тұрған ет сол кезде 13-15 тиыннан кем сатылмай, етке деген сұраныс өсіп тұрған кез болатын.

Далада егін кейде мүлде шықпай қалса, кейде оны жинайтын жұмыс күші жетіспейтін. 1906 жылы қазақ даласында астық шықпай, құрғақшылық болды деп айтады. Үкімет облыстың аштыққа ұшыраған қазақ халқын азықтандырудан бас тартып, азық-түлікпен тек орыс халқын қамтамасыз еткен. 1908 жылы Қостанай облысындағы егін жағдайы мәз емес еді: ерте шыққан егін кеуіп қалса, кеш егілгені пісіп үлгермеген. Бір десятина 10-20, ең көп дегенде 30 пұт қана берген. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?