Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Иллюстрациялық Қазақстан тарихы» атты кітап жарық көрді

2381
«Иллюстрациялық Қазақстан тарихы» атты кітап жарық көрді  - e-history.kz
Қазақ хандығының 550 жылдығына тарту ретінде ұсынылған бұл кітаптың құндылығы айрықша

Вашингтондағы Қазақстан елшілігінде жазушы Джереми Трединниктің ағылшын тіліндегі «Иллюстрациялық Қазақстан тарихы» атты кітабы таныстырылды. 

193f18eb6ef9f1772565e004fd2e5e23.jpg

Кітаптың авторы, ағылшын тумасы Джереми Трединник қазақ тарихына арнаған туындысында Орталық Азиядағы алып мемлекет Ұлы дала елінің өткенінен бүгінгісіне дейінгі түгел тарихын қамтуға тырысыпты. Әдемі безендірілген суреттер, карталар мен тарихи естеліктер сипаттала отырып, Қазақстанның ежелгі дәуірінен жаңа заманына дейінгі шежіресінен сыр шертеді. 

Қазақстан туралы әлемнің әр елінде түсінік әр түрлі. Әсіресе Америка құрлығы «Қазақстан» десе елеңдеп қалатыны рас. Елін келіп көрмеген, жерін келіп баспаған, суынан ішіп, тауына шықпаған олардың басқаша ойлауы заңдылық.

Ал елшіліктің қабырғасында өткен бұл игі шара қай жағынан алсақ та құптарлық. Екі елдің саяси-экономикалық қана емес, сонымен бірге мәдени-тарихи байланыстары терең болған жағдайда достық, сенім берік қалыптасады. Америкалық жазушының шын ықыласынан туындаған кітап елшілік арқылы сол мемлекеттің аз болса да оқырмандарының қолына жетсе бұл біздің ел үшін игілікті шаруа.

Таныстырылым барысында Елші Қайрат Омаров америкалық саяси элитаға тарихы тереңде жатқан қазақ мемлекеттігі және оның бүгінгі жетістіктері жайында әңгімелеп берді. Кеш барысында сондай-ақ америкалық оқырмандарға қазақстандық Пен клубы ұсынған ағылшын тіліндегі Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» мен ақын Мұқағали Мақатаевтың таңдамалы жинағы таныстырылды. 

5b011d5bbf17fe3a66ec6dbad842aa2c.jpg

Джереми Трединник, «An Illustrated History of Kazakhstan» кітабының авторы: 

– Бүгінде Қазақстан – әлемдегі ең жылдам қарқынмен дамып келе жатқан мемлекет. Өзге Азия елдерінің арасында аймақтық көшбасшы мәнге ие. 2050 жылға дейін жаһанның ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуды мақсат тұтуда. Бұл өте амбициялық арман, оның орындалатынына сенімдімін. Ұлы дала елінің тарихын түгендеп, өткеніне көз сала білгені мені қатты қуантады. 

Биылғы жылы Қазақстанда осындай жанр мен бағытта бірнеше кітап жарық көрді. Әсіресе жазылу формасы басқаша демесеңіз, Е. Кочетовтің «Қазақстанды өзгерткен сөздер» атты кітабы да оқырманның қызығушылығын туғызды. Бұл кітаптың  авторы қазақ даласының ұлы тұлғаларының даналық сөздерін хронологиялық тәртіппен жүйелі түрде ұсынады. Ертедегі Күлтегіннен бастап қазіргі тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаевтың ел аузында нақылға айналған ұлы сөздері жазылған кітап қазіргі уақытта жақсы оқылу үстінде. Сол  секілді бұл «Иллюстрациялық Қазақстан тарихы» кітабының да өз оқырмандары көп болатынына сенімдіміз.

Жігер Сәрсен, Ренат Садыров

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?