«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

«Қасиетті Қазақстан» ғылыми экспедициясы Атырау облысында

788
«Қасиетті Қазақстан» ғылыми экспедициясы Атырау облысында

Бүгін Атырау қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ҚР Ұлттық музейінің «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы және Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастырумен «Қазақстанның заманауи мәдениетіндегі қасиетті кеңістік: дәстүр мен жаңашылдық» атты онлайн дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - қасиетті ұғымының географиясы мен мәдениеті туралы түсініктерін кеңейту, қасиеттілікті институционалдық және антропологиялық тұрғыдан ұғынуды ескере отырып, қасиетті ұғымы үрдісінің шынайы тарихи және мәдени қайта құрылуына ықпал ету.

Онлайн форматта өткен дөңгелек үстелге Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақтыгүл Хаменова, Жоба жетекшісі, социалогия ғылымдарының кандидаты, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің проректоры, т.ғ.д. Рақым Бекназаров, Ғ. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының директоры, т.ғ.д., профессор Жанна Қыдыралина, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Жамбыл Артықбаев және Батыс Қазақстан өңірі бойынша Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармаларына қарасты мәдениет мекемелерінің басшылары мен сала мамандары, өлкетанушылар қатысты.

2ba2e330-5273-46f9-86a4-c4616b56f7dc.jpg

Шараның модератор тізгіншісі Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев.

Дөңгелек үстелдің алғы сөзі Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Қайыржанқызы берілді. Одан кейін Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі Берік Әбдіғалиұлы сөз сөйлеп, «Қасиетті Қазақстан» жобасының тарихына қысқаша тоқталып, онлайн конференцияға қатысушыларға сәттілік тіледі. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының бөлім басшысы Анар Екибаева "Қасиетті Қазақстан" ғылыми зерттеу орталығы бірнеше жыл аралығында қасиетті нысандар тізіміне енген орындарды жаңғырту, насихаттау, тұрғындар арасында дәріптеу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылғанын тілге тиек етті.

236ca1ab-e607-44af-9754-2d48f024fd8b.jpg

Елімізде «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру қарқынды жүргізіліп жатыр. «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы жұмыс сапарларынан өңірлерге республикалық экспедиция жасауға көшті. Осы орайда «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері батыс өңірлері бойынша қасиетті нысандарды аралап, зерттеу жүргізуде. Орталық қызметкерлері алдымен Атырау облысында болып, кейін Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарына да баруды көздеп отыр.