Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Түркілердің тарихы қайдан басталады?

7193
Түркілердің тарихы қайдан басталады? - e-history.kz
Орта Азия түркілер үшін қасиетті жер болып саналады. Өйткені бұл жерден барлық түркі халықтары мен тайпалары бастау алады, олардың мәдениеттері мен тарихтары бірігеді

Түркілер көне заманда Хан Тәңірі мен Алтайды мекен еткен. Ойланып қарасақ, Хан Тәңірі Іле Алатауында орналасқан, ал Алтай тауларын Алатау деп санасақ, олардың пайымдаулары ақиқатқа сай келеді. Түркілер мекен еткен Тұран мен Түркістан жерлері Сібірден Шығыс Еуропаға дейін созылып жатыр. Түркістан өз ішінен Батыс және Шығыс деп екіге бөлінеді. Еуразия аумағындағы тарихи үрдістерді зерттеуде түркілердің тарихы мен мәдениеттері басты рөл атқарады. 

Мұсылман тарихшылары Тұран жерлерін үшке бөліп қарастырады. 

Біріншісі: Қытайдың солтүстігіндегі ауқымды жерлер. Оның ішіне Манчжурия, Моңғолия, Шығыс Түркістан және Солтүстік Қытай кіреді. Бұл жерлерге Қарақұм, Жемкут, Ханко, Сусе, Отукен және көне қытайлардың астанасы болған Хан-Балық (Халық-Балық) қалалары кіреді. 

Екіншісі: Түркістан, Мәуереннахр, Тохаристан, Бадахшан – Сыр және Аму өзендерінің бойындағы жерлер. Қазіргі Сібірдің оңтүстік бөлігін мекен еткен түркілер уақыт өте келе егіншілікке ыңғайлы осы жерлерге көшіп келіп, отырықшы күйге көшеді. Түркілер әрқашан көшпенді болмаған. Солтүстікте олардың жерлері Солтүстік Мұзды мұхитқа жақын құнарсыз тундрамен шектелсе, батыста Кавказды қоса алғандағы Каспий және Қара теңізге дейін жеткен. Оңтүстігінде Иран, Персияға дейін таралса, шығысында Қытайға тірелген. Барлық бұл жерлер парсы және көне қытай жылнамаларында Батыс Түркістан-Тұран деп аталған. Батыс Түркістанға ежелден мына қалалар енген: Қашғар, Хотан, Алмалы, бұл қалалардан бөлек Соғдиана, Ферғана, Самарқанд, Ходжент, Термез сияқты мәдени қалалар да құрамында болды. 

dff2cb35e5f472fc5f22fa8354449fbd.jpg

Үшіншісі: Хорезм және қыпшақ жерлері. Қорғанж, Қас – көне түркі қалалары. Бұның ішіне Дешті-Қыпшақтың шөл мен шөлейт аймақтары, Каспийдың жағалауы(Хазар хандығы), Азов теңізі мен Азов қаласының аумағындағы жерлер кірді. 

bba5c78dd60b861ceddd6ade8c6ee9df.jpg

Тұран тарихы 3500 жыл бұрын басталады. Ежелгі түркілердің астанасы болған бұл қала атауы көне еврей Інжілінде, ассириялықтардың, вавилондықтардың, еженгі қытай, парсы(мидия), ежелгі грек және римдықтардың жазбаларында Орта Азия көшпенділерінің ғұндарға айналған уақытына дейін кездеседі. Сақ-скиф хандықтарының орнына Ұлы Ғұн Империясы келеді. Оның аумағы Енисей мен Дунайдан бастап бүкіл көне Тұран жерін алып, Тынық мұхиты жағалауына жетіп, Қытай және Жапонямен шектеседі. Солтүстіктен жиілеген шабуылдардан қауіптенген ежелгі қытай халқы Батыстан Шығысқа дейін бүкіл шекара бойы созылған тас дуал тұрғызады. 

255ecb5d5c533d3b9b71f5c41425d74b.jpg

Ғұндардың тікелей мұрагерлері ретінде «аспан түркілері» саналады. Олар Батыс және Шығыс Түркістанды өз қарамағына алу арқылы бүкіл көне түркі шекараларын біріктірген. Күлтегін, Тоныкөк, Бумыс, Істеми сияқты «аспан түркілерінің» әйгілі өкілдерінің орнына моңғолдар келеді. Олардың көпшілік батырлары мен қолбасшыларын түркілер құраған. Көптеген түркі тайпалары мен рулары түгелдей моңғол әскерінің құрамына кіріп, Шыңғысхан балаларының қол астында соғысқан. 

630d596f6700b5bb8c9d00fec4d656dc.JPG

Көне түркі жауынгері. Жаңғыртпа

«Түркі» этнонимі туралы аз сөз

Түркі көсемдерінің есімдері мен мемлекеттердің атаулары қытай жалжазбаларында кездеседі. Тарих атасы Геродоттың жазбаларында Тарғытай, Тариғатай деген скиф есімдері жазылған. Інжіл жазбаларында Нұхтың баласы Яфес әкесінің рұқсатын алып, Зюд тауынан Еділ және Жайық өзендерінің жағалауына көшеді. Ол жерде 25 жыл тұрып 8 баласын қалдырады: Тюрк немесе Түрк, Хузяу, Камар, Тарх немесе Барыж, Соклат, Рус, Меисик. Олардың ішінде Түрк барлық жерлердің мұрагері болып қалады. Оның 4 баласы болған. Үлкен ұлы Түтек Сыр өзенінің бойында Алатау тауының маңында өмір сүрген. Түрктен түркі атаулары пайда болса, Рустан – рус атаулары тараған. Скифтардың жерлері інжіл жазбаларында Туражлер, Таурутта – Яфестің немересі(Ияпис), Иафета, – Тогхарман деп жазылып, түркі атаулары екендігін көрсетеді. Мұсылман жазбаларында да Яфис туралы деректер кездеседі. Оның баласы Турок болған делінеді. Фирудинның Турадж яхут, якут Тур деген баласы болғандығы жазылған. Осыдан Тұран деген атаудың пайда болуы әбден мүмкін. Байқасаңыз, түркі атауы көне дәуірден бері кездеседі, және түркілерді басқа халықтан ажырату үшін қолданғандығы анық. 

Әдеби және тарихи дағдыға түркі сөзін «аспан түркілері» енгізген. Күлтегін жазуларында олар өздерін «түркі» халқы деп атайды. «Түркі» сөзінің мағынасы туралы әр түрлі пікір қалыптасқан. Біреулер «Тұр» сөзін – түрегеп тұру, яғни өзінің заңды орнында тұрған адам, тәртіпті жауынгер деп түсіндірсе, кейбіреулер мықты, қайсар, күшті деп келтіреді. Бұл – ең қарапайым анықтамасы. Біз үшін «түркі» сөзі көптеген тайпалар мен рулардың ортақ атауы екенін білу жеткілікті. Түркі тілі орал-алтай тілдер тобына жатады, және финн-угор мен мадьярам-венгр тілдеріне жақын. Алтай тілдеріне моңғол, манчжур, кәріс және тарихи алыс орналасуына байланысты жақындығын жоғалтқан жапон тілі де жатады. Бірақ барлық осы тілдердің ортақ атасы – көне алтай тілі. 

Түркілермен мың жылдан астам уақыт бойы соғысқан Парсылар Иран және Тұран деп бөліп қараған. Ол туралы Абулқасым Фирдаусидың «Шахнама» атты ұлы эпосында жазылған. Фирдауси поэмасы мың жыл бұрын жазылса да одан да көне уақыттардағы Тұранды парсы ханы Дарий мен Кирдың шабуылынан қорғаған сақтар туралы жазылады.

Материалды әзірлеген Мирас НҰРЛАНҰЛЫ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?