«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

25007
 Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
XIV ғасырда салынған бірігей сәулет ғимаратының тарихы

Кесене Әмір Темірдің бұйрығы бойынша тұрғызылған. Әмір Темір — әлемнің 27 мемлекетін жаулап алып, өз империясын құрған. Ғалымдардың жасаған болжауларының бірі бойынша билеуші Әмудария мен Сырдария өзендерінің ортасында дүниеге келген.

a30c89c2d7f31cefb1e7c09b7e175283.jpg


Әмір Темір 

Кесене — XIV ғасырдың 90-шы жылдарында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Айта кету керек, Қожа Ахмет Ясауи — суфизм (сопылық) дінін уағыздаушы, оның хикметтері бүкіл түркі әлеміне әйгілі. Ол жақсылыққа, азды қанағат етуге шақырып, өтірік және екі жүзділікті сынға алған. Тарихи мәліметтерге сәйкес, Мәуеренахр елінің әміршісі Арслан хан Ясауидің тәндік және рухани жағынан кемелденуіне ықпал етті. Қожа Ахмет Арслан ханның қол астында қызмет етіп жүрген. 

f64724590ac36d4e1fe1139a16f2d691.jpg

 Қожа Ахмет Ясауи 

Әмір Темір неліктен кесене тұрғызған? 

Тимурдың саясатына сәйкес ол ислам дінінің негізінде әділ мемлекеттің қалыптасатынына, билігінің нығаятынына әбден сенімді болған. 

XIV ғасырда Әмір Темір және Тоқтамыс хан Ортаңғы Сырдария маңындағы қалалар үшін ұзақ соғысқан. 1388 жылы Алтын Орданың ханы Тоқтамыс Қожа Ахмет Ясауидің кесенесін тонаған. Бұл оқиғадан кейін Әмір Темір Тоқтамыстың әскерін ойсыратып, тоналған заттарды қайтарып алған. Осы қаражаттарға Қожа Ахметтің мазарының үстінде жаңа үлкен кесене салғызуды ұйғарған. 

ed11e2c23a4d0e92cca4ce2d844421a7.jpg

Әмір Темір шешуші шайқастардың кезінде Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін оқыған. Билеуші олардың көмегімен жеңіске жеткен. 

Кесененің ішкі құрылысы қандай? 

Кесененің ішінде мешіт, кітапхана, екі сарай залы, сағана, тұрғын бөлмелер, асхана, орталық зал — қазандық, құдықхана бар. Кесененің оңтүстік жағындағы кіреберіс — арка ойығы орналасқан. Оның екі жағына минареттер тұрғызылған. 

Келген адам орталық залға негізгі есік арқылы кіреді. Орталық зал қазандық деп аталады. Залдың төрт қырлы пішінді, қабырғаның ұзындығы — 18, 5 м. Залдың ортасында тайқазан тұр. Қазандықтың төбесінде Орта Азиядағы күмбездердің ішіндегі ең үлкені орнатылған. Шағын тұрғын бөлмелер бұл залдың шығыс пен батыс жақтарына тиіп отыр. Орталық залдың ойып жасалған есігі арқылы сағананың ішіне өтесіз. 

Кесенедегі қабырғаның ұзындығы — 7,5 метр. Ортасында Қожа Ахметтің сағана-құлыптасы (биіктігі — 1,85 м) орнатылған. Сонымен бірге, сағанада Яссауи зайыбының қабірі және ұлы Ибраһим шахтың моласы бар. 

6fe2a836ace1d6e87e49509723b8b6d2.jpg

Кесененің солтүстік жағында — арка. Кесененің солтүстік-батыс жағында михрабы бар мешіт орналасты. Мешіттен кітапхана және қазандыққа өтесіз. Мешіт және сағананың арасында зиратханаға апаратын бөлмелер бар. Қожа Ахметтің қабірі және бөлмелер арасын есік орны бөліп тұр. 

Кесененің солтүстік-шығыс жағында кіші және үлкен сарай бөлмелері жайғасқан. 600 жыл бойы кіші сарайдың ғимаратында ең құрметті кісілер жерлеген, ал үлкен сарайда жиын өткізіліп тұрған, онда хан тағы және асаймұса (скипетр) бар. 

Кесененің оңтүстік-батыс жағында асхана орналасқан. Онда «халим» (кисель тәрізді ботқа) деп аталатын тағам әзірлеп, кедейлерге таратып берген. Кесененің оңтүстік-шығыс бөлігінде құдықхана бар. 

Ғимараттың алдыңғы жағында геометриялық және өсімдік сипатты ою-өрнектер салынған. Кесененің іші және сырты жазулармен әсемделген.

5426501921cec79d5c4a51eb52bcb0aa.jpg

Кесенедегі жазулар қандай мағынаны білдіреді?

Ғимараттың алдыңғы жағында Құранның 59, 60, 61, 62 және 63 сүрелері жазылған. Солтүстік порталдың алдыңғы жағында жұлдыздарға ұқсас 5 сегіз бұрышты өрнек бейнеленген. Сонымен бірге, кесенеде ту сақтаулы тұр. Ұзындығы — 96, 7 см, салмағы — 5 кг. Тудың бетінде «Ең даңқты сұлтан, патша, данышпан, билеуші, Әмір Темір» деп жазылған. 

c7f022f06168a2ca7b0ed8bb9102ab04.jpg

Диляра СЕЙДАХМЕТОВА