Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Шымкент қаласындағы «Мұражай түні»

2676
Шымкент қаласындағы «Мұражай түні»   - e-history.kz
18 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Мұражай түні» атты акция өткізілген

«Мұражай түні» акциясы 2015 жылдың 18 мамыры сағат 10:00-ден - 24:00-ге дейін аралығында өтті.

1977 жылдан бастау алған халықаралық акцияға 2011 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қатыса бастады. Осы уақыт аралығында бұл акция Шымкент қаласының мәдени күнтізбесіндегі есте қаларлық ерекше оқиғаның біріне айналды және акцияға келушілердің саны жыл сайын өсіп келеді. 

«Мұражай түні-2015» акциясының негізгі мақсаты – мәдени-білім беру нысандардың бірегейі әрі әлеуметтік-мәдени маңызы зор мұражайға қоғам назарын аударту. Атап айтқанда, мәдени-тарихи мұраларды насихаттаудың ерекше түрлері мен алуан бағдарламалар ұйымдастыру арқылы мұражайдың беделін нығайту шараның негізгі мақсаттардың бірі болып табылды. 

f7391d22555353f29c10df63056556b3.JPG

Акция барысында бала-бақша тәрбиеленушілеріне және қалалық мектептердің оқушыларына арналған арнайы бағдарлама жасалды. Соның негізінде мұражай мектеп оқушыларының қызықты алаңына айналды. 

91c28180949da11ce982fd6215398836.JPG

Балалар үшін мұражайдың экспозиция залдарына тегін шолу экскурсиясы, қуыршақ театрының қойылымы, «Верю-не-верю», «Мынау қандай жәдігер?», «Мұражайда кім жұмыс істейді?» танымдық-викториналық ойындары және «САҚ» киностудиясы түсірген анимациялық фильмдер көрсетілді. 

9535932d72121d1797d5394e2a61cdca.JPG

Сонымен қатар, қолөнерші Бейісбековтар отбасының, «ҚР Туризм саласаның үздігі» төсбелгісімен марапатталған «Этномузей-Қылует» мұражайының директоры, қолөнер шебері Кендебай Қарабдаловтың, ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстазы Шымболат Кендебайұлы және мектеп оқушыларының шеберлік сабақтары өткізілді. Осы іс-шара аясында «Отырар қазақ хандығы тұсында», «Ұлы Жеңіске мың тағзым», Самауырындар коллекцияларының көрмелері қойылып, іс-шара өтуге қолдау көрсеткендерді алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өткізілді. 

Мұражайға келушілер «Зерде-Фито», «Визит», «Усадьба Ладушки», «Білім. Знание» дүкендерінің жәрмеңкелеріне қатысты. Мұнда қойылған ұлттық нақыштағы әр түрлі бұйымдар, әшекей заттар, қолөнер туындылары көпшілік назарын аударып, балалардың қызығушылығын оятты.

Түнгі уақытта мұражайға келушілер жарықты сөндіріп балауыз шамдармен экспозицияны аралап, ерекше эстетикалық әсерге бөленді. 

48a5603a4d9dfec178d23ede9fd05b8e.jpg

Қала тұрғындары мен қонақтары мұражай экспозиясымен қатар көрме залында жабдықталған «Тарихты тербеткен шежіре», «Ұлы Жеңіске мың тағзым», «Отырар – Қазақ Хандығының тұсында» атты көрмелермен танысты. Тарихтан тағылым алуды үйрететін бұл көрменің маңызы зор екенін айтпаса да түсінікті.

Акцияға 10 мыңға жуық адам қатысты. Өткізілген іс-шара облыстық «Отырар», «ШТВ», «ТВК», «НарТв» телеарналары арқылы көрсетілді. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?