«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Ашаршылық жылдарын АҚШ-та зерттей бастады

2447
Ашаршылық жылдарын АҚШ-та зерттей бастады
Еліміздің бай және қайталанбас мәдениеті жайында бүкіл әлемнің ғалымдары көне заманнан бері жазып келеді… Бүгінгі таңда шетелдік зерттеушілерді Қазақстанның қай кезеңі қызықтыруда?

Мериленд университетіндегі (АҚШ) тарих кафедрасының доценті Сара Камерон порталымызға Қазақстандағы 1930-1933 жылдардағы ашаршылық мәселесін зерттеу саласында атқарылған жұмыстары туралы айтып берді.

— Қазіргі кезде «The Hungry Steppe: Famine, Mass Violence and the Making of Soviet Kazakhstan» («Аш дала: ашаршылық, жаппай зорлық-зомбылық және Кеңестік Қазақстанның құрылуы») атты өз кітабыңызды жазып жатырсыз. XX ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылық тақырыбы Сізді несімен қызықтырады?

— Қазақстанға алғаш рет барғанымда, елдің тарихындағы осы дәуір назарыма түсті. Бұл кезде қазақ тілін меңгеріп жүрдім, Қазақстан тарихындағы аспекттердің біреуі бойынша докторлық диссертациямды жазайын деп едім, бірақ ол туралы ештеңе білмедім. Тарих бойынша оқулықтарды оқи бастағанымда, 1930-шы жылдардағы, Сталин тұсындағы, күйзелісті дағдарыс туралы біліп қойып, таңғалдым. «Бұл туралы неге ешқашан естімедім? Осыған қатысты ағылшын тіліндегі әдебиеттер неліктен жоқ еді?», — деген ойлар мазалай бастады. Бұл Қазақстан тарихындағы осы кезеңді зерттеуге түрткі болды.

— Бұл алпауыттың себептері қандай? Осындай жағдай жасанды жолмен жасалғанына сенесіз бе? 

— Әрине, ол жасанды жолмен жасалған. Кеңес үкіметінің бағдарламалары қазақ даласындағы ашаршылыққа негізгі себеп болған. Олардың мақсаты: далада түбегейлі өзгерістердің, соның ішінде ұжымдастырудың және көшпенділерді отырықшы өмір салтына күштеп көшірудің, шекаларады межелеудің пайда болуы. Ресей империялық басқару саясаты, сондай-ақ XIX ғасырдың аясындағы даладағы ұжымдастыру, нәубетке себеп болған деп санаймын, өйткені бұл өзгерістер көшпенділерді ашаршылыққа тез ұшыратты.

— Сонымен, ашаршылық көшпелі өмір салтына қалай әсер етті?

— Ашаршылықтың негізгі салдарының бірі — Республикадағы малдың тоқсан пайызы өлді. Көшпенділер өз отарларынан айырылып қалды, олардың көбі көшпелі өмір салтынан бас тартуға мәжбүр болды. Бірақ, Мәскеу мал басын қалпына келтіру мақсатымен белгілі бір аймақтардағы қазақтарды көшпелі өмір салтын қайта ұстануға ынталандырды.

— Ашаршылық құрбандарының санын болжамдап айта аласыз ба?

— Өкінішке орай, жоқ, бірақ, ғалымдардың осы саладағы толық зерттеулерін жүргізуді қалар едім. Кейбір факторлар бұл мәселенің күрделі болуына себепші. Біріншіден, көптеген қазақтар Қазақстаннан басқа Кеңес республикаларына және КСРО аймағынан тыс жерлерге қашты. Жаңа орында тұрақталып қалғандардың және Қазақстанға оралмағандардың саны көп болды. Осылай, ашаршылықтан қаза тапқан адамдарды санау үшін Қазақстанның және көршілес республикалардың статистикалық мәліметтерімен жақсылап жұмыс жасау қажет. Екіншіден, Кеңес үкіметі көшпелі халықтың санағын дұрыс өткізгеніне сенімді емеспін. 1926 жылы Республикадағы халық санағы алғаш рет өткізілді, ондағы деректердің нақтылығына күмәнмен қараймын.

— Қазіргі уақытқа дейін ол қорқынышты кезеңді есінде сақтап жүретін адамдарды Қазақстаннан табуға болады. Осындай адамдар немесе олардың туыстарымен сөйлесіп көрдіңіз бе?

— Иә, 1930-1933 жылдардағы ашаршылықты басынан кешкен көптеген адамдармен сөйлестім. Олардың көбі осы кезеңде кішкентай балалар болды, бірақ айтылған оқиғалары маған қатты әсер етті. 

0f398089bcd8599d0db0d9cb988afee3.JPG

 Сара Камерон және 1930-1933 жылдардағы ашаршылық апатын өз көзімен көрген Елубаева ханым

— Мысалы, көптеген адамдар аштықтан бұралып, арамшөптің түрлерін жеп жүрді. Адамдардың бір бөлігі туыстарымен бірге қалада тұру мақсатымен Қазақстанның басқа аймақтарына қашты. Бірақ мұнда-да азық-түлік болмады. Мен ҚазҰУ профессоры Талам Омарбековпен таныстым. Ол осы тақыпқа зерттеу жүргізді. Айтпақшы, оның анасы — ашаршылықтың құрбаны, ал ол осы сұмдық оқиғадан тірі қалған.

2056f3cbfb0d04d60692c68ff905dfd1.JPG

 Сара Камерон және 1930-1933 жылдардағы ашаршылық апатын бастан кешірген мырза Нұрқадыров

— Қазақстан тарихындағы бұл дәуірмен басқалардан гөрі жақсырақ таныстыңыз деп ойлаймын. Тағдыр талқысына түскен адамдардың трагедиясын толық зерттеуі қиын болды ма? 

— Иә, кейде бұл қиын болды. Бірақ, жалпы алғанда, осы маңызды тақырыпты зерттеп жүргеніме және көпшілікке оны ашып көрсетуге мүмкіндігім барына қуаныштымын.

b20f24f61c1e421e89d4a0906115089e.JPG

— Қазақ даласындағы ашаршылық көп уақыт бойы көпшіліктің назарына алынбаған еді. Сіздің ойыңызша, неліктен қазіргі таңда бұл тақырып Қазақстан және шетел зерттеушілерінің қызығушылығын туғызуда?

— Әрине, Батыста Қазақстандағы ашаршылық тарихы әдейі еленбеген. Қазіргі таңда бұл туралы Батыста көп жазылады, бірақ, менің ойымша, алдымызда көп жұмыс күтіп тұр. XX ғасырдың басқа әлемдік апаттарымен салыстырғанда, XX ғасырдың 30-шы жалдарындағы Қазақстандағы ашаршылық әлі жете зерттелмеген. Қазіргі кезде жазатын кітабым Америка Құрама Штаттарындағы басқа ғалымдарды осы оқиғаны зертеуге және бұл туралы жазуға шабыттандырады деп үміттенемін.

Инна Кузьменко