Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстандағы беларустар

3682
 Қазақстандағы беларустар - e-history.kz
Қазақстан көп ұлтты мемлекет болып табылады, мұнда 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында тұрып жатыр. Олардың қатарында беларус ұлтының өкілдері де бар.

Беларус-қазақ қарым-қатынастарының тарихы бұрыннан басталды. Басында, 1997 жылға дейін, осындай қарым-қатынастардың сипаты эпизодтық болды. Беларусь елінен шыққан адамдар Қазақстанда сирек кездесетін ұлт өкілдері болып саналды. Кейіннен қоныс аударған шаруалар пайда болды. Олар XX ғасырдың басында Столыпин аграрлық реформасы бойынша Қазақстанға жер аударылды. Бірақ қоныс аударған шаруалардың саны аз болды, олардың көбі Арал маңында және Сібірде тұрақталды. Алғашқы қоныс аударушылар Солтүстік Қазақстанның аумағын мекендеді, кейінгілері Шығыста тұра берді. 

94dd53172c94937e7dc9249609d57220.jpg

Ұлы Отан соғысы басталған кезде, адамдар, зауыттар, ғылым және мәдени мекемелер Беларусь елінен көшірілді. Қазақстан тылдағы госпитальдердің орналасу жеріне айналды, мұнда жараланған кеңестік жауынгерлер емделген. Беларусь елінен көшірілген 10,7 мың жұмысшы мен қызметкер және олардың отбасылар мүшелері қазақ жерінде пана тапты. Сондай-ақ Беларусь еліндегі опера және балет театрының ұжымы, Я. Колас атындағы облыстық драма театрының (Витебск қаласы) мүшелері, көптеген беларус кинематографшылары көшірілді. Беларусь опера және балет театрының әншісі Л.Александровская Алма-Аты қаласында болды. Ол қазақ әртісі Күләш Бәйсейітовамен бірге Алматыдағы және Қарағандыдағы мәдениет клубтарында, әскери госпитальдерде, майдан шебінде өнер көрсеткен. 

Тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінің басталуымен ондаған мың шаруалар, ауыл шаруашылығы саласындағы мамандар Қазақстанға келді. Олардың көбі елде тұрақталып қалады. Студенттік құрылыс жасақтарының құрамында көптеген жас беларус ақындары еңбек етті. Күнге күйген адамдар өз Отанына қайтқан кезде, романтикалық өлеңдерді алып кеткен еді. 

e45939ae9f5de98430861cc6484855aa.jpg

2002 жылғы конференцияда Қазақстан беларустар қауымдастығы өз ресми атауымен тіркелді. Осы кезеңге дейін «Беларусь» ұлттық-мәдени орталығы 10 жыл бойы қызмет етті. «Беларусь» ҰМО басқа ұлттық-мәдени орталықтармен достық қарым-қатынаста болып, Қазақстан халқы Ассамблеясымен тығыз байланыс орнатқан. 

90-шы жылдардың аяғына қарай беларус ұлттық орталықтары Павлодар, Өскемен, Астана, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл қалаларында пайда болды. Олар Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге құрылып, нығайды. Қазіргі таңда Республикада оннан астам беларус ұлттық орталығы бар. 

2014 жылдың 31 қаңтарындағы мәліметтерге сүйеніп отырсақ, Қазақстан халықтарының құрамында 60 295 этникалық беларус бар еді. 1999 жылдан бастап, беларустардың саны 16,2 пайызға азайды. Беларусь елінен шыққан өкілдер көбінесе Қазақстанның келесі облыстарында тұрады: Қостанай — 21,1 мың адам, Қарағанды — 18,2 мың адам, Ақмола — 16,3 мың адам, Солтүстік Қазақстан — 9,7 мың адам. 

e723cbe9e23cb2e7089ce4300aa87ed5.JPG

1897 ж. мен 2009 ж. аралығындағы халық санағының мәліметтері


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?