Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Фатима Ғабитова: Үш бірдей ұлы тұлғаның музасы

2761
Фатима Ғабитова: Үш бірдей ұлы тұлғаның музасы - e-history.kz
Ғашықтар күні қарсаңында, есімі үш бірдей қазақ мәдениетінің аса көрнекті өкілдерінің қасынан табылған ұлы әйел туралы айтып береміз.

Фатима Ғабитова: «Менің тағдырым — тұнған азап пен қасірет. Жазықсыз басыммен кімге, неге иілмедім мен? Менің бүкіл ғұмырым ұлы айрылысулардан тұрады. Менің өмірім күзгі жапырақ көмген түнгі далаға ұқсайды». 

Фатима Ғабитова 

Фатима Ғабитова қазақтың Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезовтей қазақтың алтын ұлдарына муза болған. Ол қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген. Оның бүкіл өмірі ағартушылық қызметпен байланысты болған. Фатима мыңдаған оқушыларды тәрбиелеп, білім беру саласындағы реморфаларға белсене атсалысты. «Халық жауының әйелі» атанғанына қарамастан, Ұлы Отан соғысы жылдарында ерен еңбегі үшін Мемлекеттік сыйлық берілді. 

Оренбургтік көпестің отбасында дүниеге келген Фатима жақсы білім алған: қыздарға арналған орыс мектебінде, ал кейін Оренбург қаласында орналасқан «Хусайния» татар медресесінде оқып жүрген. 1918 жылы 15-жасар Фатима Ғабитқызы Қапалдағы татар мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. 

16 жасында көрнекті ағартушы, ұстаз, драматург, журналист Біләл Сүлеевке қосылып, Фарида, Жәнібек, Азат есімді балаларды дүниеге әкеледі. 1930 жылдың қаңтар айында жас отбасының Фарида есімді қызы он жасқа толғанда қайтыс болады. Осы жылы Біләл Сүлеев Семей педагогикалық институтының директоры болып тағайындалады, және ол аталмыш қалаға барады. Ал бір жылдан кейін КСРО-ның ІІХК (Ішкі Істер Халық Комиссариаты) Біләл Сүлеевті «ұлтшыл» деп айыптап, тұтқындап әкетеді. Фатима Ғабитова «халық жауының әйелі» болып атанады. 

Кейін өмір оны Ілияс Жансүгіровпен кездестіреді. Ілияс Жансүгіров Фатимаға бұрыннан ғашық болған. Фатима Ілияс Жансүгіровке былай деп жазды: «Сен қол жетпейтін дарыны бар көрнекті ақынсың. Әдемі сөздерден сен таңғажайып, керемет сарайды салғызасың; оның кереметтілігі бәрін таңғалдырады...». Осындай жылы сөздерден кейін Ілияс Жансүгіров атақты «Құлагер», «Күйші» поэмаларын жазды. 

Ілияс Жансүгіров еркек адамдарға сипаттама беріп, оларды 5 типке бөлген екен: «Бесінші — көп әйелді емес, бір әйелді сүйетін, ісін де, ішін де, қанын да, жанын да сол сүйгені үшін бағыштаған, көрмесе, көрсе от боп қабатынын біреулер болады. Ол сүйгені жалпының ішіндегі жабағының бірі болса да, жаман жағының бірін көрместен, жақсылығына қол қойған, жаны құмар, тәні құрбан ол ер адамның ерекше бір бітімі болады. Шынайы махаббат иесі. Мен — осы!» 

Бірнеше жылдан кейін Фатима ақын Ілияс Жанүгіровпен отбасын құрады. Ол көркем әдебиетінің баспасында редактор болып жұмыс істеп, өз жұбайының шығармаларын редакциялап, аударма жұмысымен айналысып отырады-да. Ілияс Жансүгіров Біләл Сүлеевтің балаларын асырап, оларды сүйіп тәрбиелеген. 1933 жылы Фатима мен Ілиястың қызы Үміт Жансүгірова дүниеге келді, ал 1935 жылы Фатиманың бесінші қызы Ильфа Жансүгірова, ал 1937 жылдың 16 қарашасында Фатиманың алтыншы баласы — ұлы Болат Ілиясұлы Ғабитов дүниеге келген. 1937 жылдың тамыз айында Ілияс Жансүгіров саяси қуғынның құрбаны болып, тұтқындалады. 1937 жылдың қараша айында Фатима Ғабитова Болат есімді ұлын дүниеге алып келді. Ілияс өз ұлы туралы былай деп айтқан: «Ақын болғаннан гөрі, менің балам қарапайым етікші болсын!». 1938 жылдың 26 ақпанында Ілияс Жансүгіров атылып кетеді. 

Қудалаудан қутылу үшін Фатима Ілиястің балаларына өз фамилиясын (Ғабитова) береді. Ілияс өзінің емшектегі баласын бір рет, түрмедегі кездесу кезінде көрген. Ал кейін мұндай кездесулерге тыйым салынды, Фатима өз жұбайын іздеп, әртүрлі мекемелерге барып келді. Ол Охотск және басқа солтүстік қалаларға хаттар жазды, бірақ қуғынға ұшыраған балаларының екі әкесін де таба алмаған еді. Фатима екінші рет  «халық жауының әйелі» аталып, бес баласы бар жалғызбасты әйел болып қалады. 

08496557b891874643f3086acc7939a0.jpg

Бұл Ілияс Жансүгіров отбасының соңғы суреті. 1937 жылдың 3 мамырында Ілияс өз отбасын жинады. Фотосуреттің сол жағында Фатима Ғабитова және кішкентай Ильфа Жансүгірова. Ортасында — Ілияс Жансүгіров және кішкентай қызы Үміт, фотосуреттің оң жағында — Азат Сүлеев. Фатима мен Ілиястың арасында — Жәнібек Сүлеев. Оң жағындағы ең шеткі — Фатима Ғабитованың туған апасы. Оның қасында — үй шаруасын істейтін әйел. Осы әйелдің сол жағында Ілиястың жиені — Болатхан.

4cf29a22bfb84d7448e83d30562e74f7.jpg

Қолында 5 баласы бар әйелге Мұхтар Әуезов қамқор болады. Мұхтар Әуезов өз өмірін қауіпке төндіріп, Фатимаға көмектеседі. Осы құрметтеушіліктен кейін махаббат пайда болады. Мұхтар қаза тапқан Біләл және Ілиястің балаларын тәрбиелеген. Ал 1943 жылы Мұхтар мен Фатиманың ұлы Мұрат дүниеге келген.

Фатима Ғабитова — жеті баланың анасы, аты аңызға айналған ана, қиыншылықтарға көнбеген әйел, өз дәуірінің куәсі. Ол көптеген қиыншылықтарға тап болды: үлкен қызы мерзімінен бұрын, тым ерте дүниеден өтті, екі күйеуі атылып кетіп, ұлы майданда қаза тапты, қуғын-сүргіндер... Бірақ, бұл әйел басына түскен бар ауыртпалықты көтерді. Оның өмірі рух беріктігінің, адамгершіліктің өнегесі.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?