Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

e-history.kz «Бір суреттің тарихы» фотокөрмесін өткізеді

1090
e-history.kz «Бір суреттің тарихы» фотокөрмесін өткізеді - e-history.kz
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Бір суреттің тарихы» фотокөрмесі «MEGA Astana» ОСО және «Керуен» ОСО-нда 2015 жылдың 2-11 мамыры аралығында өтеді.

Тарих беттеріндегі кеңес әскерлері мен олардың аналарының, әйелдері мен қарындастарының ерлігі есте сақталып, батырларға құрмет көрсетілуде. Алайда, өкінішке орай, ортақ жеңісіміздің жолында өз өмірі мен денсаулығын тәрк еткен мыңдаған, жүздеген, миллиондаған тұлғалардың тағдыры тарих тасасында қалып қоюда. 

Әрбір қазақстандық отбасы ата-әжелерінің көнеріп, тозығы жеткен фотоальбомдарын көздің қарашығындай сақтайды. Бұл фотоальбомдардың сарғайған суреттері соғыс кезеңдерінен сыр шертеді. Отбасылық фотоархивтер тыл еңбеккерлерінің басына түскен ауыртпашылық пен майдан өмірінің тарихын көрсетіп, ұрпаққа естелік әрі мұрағат болып қалуда.  

2015 жылдың 9, ақпанынан бастап «Қазақстан тарихы» веб-порталы (e-history.kz) Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Бір суреттің тарихы» жобасын жүзеге асыра бастады. Қазақстандықтар үш ай бойы веб-порталдың редакциясына Ұлы Отан соғысына қатысқан туған-туыстарының, таныстарының және көршілерінің фотосуреттерін жолдады. Редакцияға келіп түскен жүзге жуық хаттар мен суреттер бізді фотокөрме ұйымдастыруға шабыттандырды. Осылай, «Бір суреттің тарихы» бірегей көрмесінің кешенінде ҰОС ардагерлерінің және тылдағы еңбеккерлердің фотосуреттері мен оқиғалары жиналды. 

Көрмелік фотожоба Ұлы Отан соғысында шайқасқан қарапайым қазақстандықтардың тағдырымен танысуға, тылдағы қариялардың, әйелдердің және балалардың қайғы-қасіретін сезінуге, олардың суреттегі жүздерін көре отырып, оқиғаларымен танысуға мүмкіндік береді.  

Шараның шымылдығы 2015 жылдың 2 мамырында сағат 14:00-де ашылады. Көрме барысында бір сағаттық концерт ұйымдастырылып, көрермендер әскери жылдардың ең танымал әрі сүйікті әндерін тамашалайтын болады. 

«Бір суреттің тарихы» фотокөрмесі «MEGA Astana» ОСО және «Керуен» ОСО-нда 2015 жылдың 2–11 мамыры аралығында өтеді.  

«MEGA Astana» ОСО және «Керуен» ОСО, ҚазҰӨУ-не шараны ұйымдастыру мен өткізу барысындағы көмегі үшін алғысымызды білдіреміз. 

Бақ өкілдерін тіркеу мәселелері бойынша байланысу: «Қазақстан тарихы» веб-порталының редакциясы тел.: +7 (7172) 79 82 06 (ішкі: 159, 114) e-mail: kaz.ehistory@gmail.com

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?