«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Астанада Ж. Тәшеневтің 100 жылдығына арналған көрме өтеді

1348
Астанада Ж. Тәшеневтің 100 жылдығына арналған көрме өтеді
2015 жылдың 25 ақпанында Тәуелсіздік Сарайында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Ташеневтің 100 жылдығына арналған көрменің салтанатты ашылуы өтеді.

Еліне деген қажырлы да,  адал  қызметі  үшін – есімін құрметтеп, ардақтау бүгінгі ұрпақтың  борышы болып саналады.

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы, кейін Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерінде болған Жұмабек Ташенев Қазақстан аумағының тұтастығын сақтауға зор үлесін қосып, еліміздің экономикалық және өндірістік жобаларының қаржыландыруына ат салысты. ХХ ғ. 50-60 жж. Ж.Ташеневтің қоғамдық қызметі гуманистік сипатқа ие болды, атап айтқанда  қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларын ақтау жөніндегі жұмыстарын басқарып, 1958 жылы Мәскеудегі қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігін ұйымдастырып қана қоймай, қазақ өнерпаздарына ең жоғарғы атақ беруде де үлкен табандылық танытқан.

Аталмыш іс-шара Астана қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен өтеді. Экпозицияға Ж.Ташеневтің жеке заттары – фотосурет, қолжазбалар, кітаптар, жеке куәлік, дүрбі және т.б. қойылады. Бұл өткен уақыт тарихының өшпес рухын сезінуге, сонымен қатар қайраткердің жеке өмірімен танысуға мүмкіндік береді.

Көрме ашылуының алдында Қазақстанның қоғам қайраткерлері, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері,  Саян және Мұрат Ташеневтердің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Ұйымдастыру комитеті еліміздің айтулы азаматтарының еңбектерін болашақ ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында өткелі отырған іс-шараға Елорда қонақтары мен астаналықтарды шақырады.

Байланыс мәліметтері: 700-380, 700-396, 701-392, 7 701 788 9471