Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ш. Уәлихановтың 180 жылдығына арналған конференция өтеді

1740
Ш. Уәлихановтың 180 жылдығына арналған конференция өтеді - e-history.kz
16–17 сәуірде «Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі» ҚМҚК «Шоқан тағылымы: өткені мен бүгіні» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізетінін хабарлайды.

Конференцияда төмендегідей ғылыми өзекті мәселелер қарастырылады (секциялар):
1. Шоқантану және оның тарихи мұраларының ғылыми маңызы.
2. Археология, этнология және Отан тарихының іргелі мәселелері.
3. Қазақстандық фольклортанудың өзекті мәселелері.

Секциялар қазақ, орыс тілдерінде жұмыс жасайды.

Мақалалар жинағында жарияланатын баяндама мәтінін, конференцияға қатысушының тіркелу формасын 2015 жылдың 20 наурызына дейін karmuseum2015@mail.ru электрондық поштасына электрондық нұсқасы төменде көрсетілген мекен-жайға жіберілуі қажет. Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарық көреді. Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген және талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Басылым жұмыстары үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ мына есепшотқа KZ838560000006955630 Шашенов Дархан Тастемирович ЖСН: 830912350334 2000 теңге көлемінде ұйымдастыру жарнасы төленеді. Мақаламен қоса жарнаның төленгені туралы түбіртектің электронды нұсқасы қоса салынуы қажет. 

Тұру, тамақ ішу, жол шығындарына жіберуші мекеме жауапты.

Конференцияға қатысушының тіркелу формасы: мәтіннің электрондық нұсқасы жіберілуі керек. (Тіркеу формасында: Тегі, аты-жөні, ғылыми жетекшісі, жұмыс орны (оқу орны), мекен-жайы, телефоны, баяндама тақырыбы, секциясы, көрсетілуі тиіс).

Материалды (мақаланы) рәсімдеу тәртібі: баяндама мәтіні толық 6 бетке дейін; мәтін TIMES NEW ROMAN шрифтімен (шрифт өлшемі — 14, интервал — 1; әр жол — 1,25 азат жол басындағы аралық қалпында); төменгі және жоғарғы жақтары 2 см., сол жағы 3 см., оң жағы 1 см.; бастапқы жолдың ортасында баяндама тақырыбы, бір жолдан кейін автордың аты-жөні (баяндама авторлары үш адамнан көп болмауы керек), ғылыми жетекшісі, оқу орны, электрондық пошта; 2 жолдан кейін баяндама мәтіні азат жолдан басталады; 

Мәтіндегі сілтемелер тік жақша ішінде көрсетіледі. Мысалы: [1, 758 б.]. Электрондық сілтемелерді пайдалануға болмайды, сілтемелер және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтін соңында беріледі.
Қазақ тілінде жазылған мәтін үшін орысша, орыс және басқа тілдерде жазылған мәтін үшін қазақша түйіндеме (резюме) беріледі.


Сұрақтар бойынша жауапты тұлғалар:                                                                                                   Дархан Тастемірұлы Шашенов 87021763288., 87771071140
Әділет Бауыржанұлы Жағыпар  87023347571

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?