«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Астанада «Ғасырлардың алтын өрнегі» атты көрме ашылады

2662
Астанада «Ғасырлардың алтын өрнегі» атты көрме ашылады
Үстіміздегі жылы 04 ақпанда ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының ұлттық «Ажар» сыйлығының иегері Айжан Әбдубаиттің «Ғасырлардың алтын өрнегі» атты көрмесі ашылады.

Көрме Музейдің серіктестік жобасы аясында қазақтардың сәндік-қолданбалы өнерінің көне дәстүрлері мен тарихи артефактілерғе жаңа өмір беретін автордың шығармашылығын ауқымды көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы тек жылнамалар мен аңыздарда ғана емес, сонымен бірге, шебер зергерлердің жасаған алтын өрнектерінде де сақталып қалған.

Айжан Әбдубаит шығармашылығы бірегей. Ол тарих қойнауында қалған ғасырлардың киімдері мен тұрмысын қалпына келтіреді және қайта жаңғыртады. Көне «Зерлеу» техникасымен ол той және ұлттық киімдерді, тұрмыс заттарын жасайды.

«Зерлеу» – алтынмен тігу техникасы ғана емес, бұл – ерекше пәлсафа. Автордың айтуынша, кестелеп тоқудың тамыры тереңде жатыр. Қазақтар бұл көркем әдіспен беделді адамдардың салтанатты киімдерін, бас киімдерін, тұрмыстық заттарын әшекейлеген. Әр зат түсінікті қажет ететін тарихи және мәдени ақпараттардың үлкен мағынасына ие, оларды тек түсініп сақтай білуіміз қажет.

36a0ecfc5b5dcd9796464f0d74d784ba.jpg

«Өз қолыңмен бірегей зат жасау үшін, оған дейін жасалғанның шыңына жету керек» - деген сөздермен А. Әбдубаит өзінің шығармашылығын сипаттап берді. Айжан қазақтың ұмыт болған ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің түрлері мен жанрларын тырнақтап жинайтын зерттеушіге айналды.

ХVIII-XIX ғасырлардағы белгілі қазақ зергерлерінің (кестелі алтынмен тігілген заттар («зер») тек қана ақсүйек адамдарға дайындалған: хандар, билер, сұлтандар үшін) технологиясын қалпына келтіру ұзақ, ықтиятты еңбектің нәтижесі болды. Әдеттегідей, археологиялық қазба жұмыстары барысында ерте дүниедегі шеберлердің құпияларын сақтап, сырын ашпаған сәнді киім-кешектердің аздаған ғана фрагменттері табылады.

d8ea3c061b1e6a18303d56ba95644f3e.jpg

0fd119f04478d193b7a58293d00c6f7c.jpg

Қазақтың тұрмысы мен дәстүрлі киім-кешектерін этнографиялық және тарихи тұрғыда зерттеу А. Әбдубаитқа тарихи артефактілердің біртұтас қабатын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Олардың қатарында: хан киімдерінің жинағы, Жәнгір ханның әскери мундирі, Фатима ханшайымның бешметі және қазақ ақсүектерінің күнделікті қолданудағы қайта жаңғыртылған заттар жоғары деңгейдегі көркемдік орындалуымен қатар күмәнсіз ғылыми мағынаға ие.

А. Әбдубаит жұмыстары ҚР Мемлекеттік Орталық музейі, ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі, Қазақстанның облыстық музейлері жинақтарында сақталған.

«Зерлеу» әдісімен жұмыс жасайтын шеберлер дәстүрі – ол ғасырлар қойнауынан жеткен таңдаулылардың қайта туған дегдар өнері, қазақ халқының мәдени мұрасы. Бұған «Ғасырлардың алтын өрнегі» көрмесінің экспозициясындағы алтын кестемен тігілген салтанатты және той киімдерін тамашалауға келген қонақтар көз жеткізе алады.