Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Көне ғимараттар. Сайрамдағы Қызыр мұнарасы

2492
Көне ғимараттар. Сайрамдағы Қызыр мұнарасы - e-history.kz
Қызыр мұнарасы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам қаласында орналасқан. Күйдірілген кірпіштен соғылған минарет.

Соғылған кездегі биіктігі 10,5 метр болғанымен, кейін жер сілкінісі мен табиғи құбылыстардың салдарынан біраз мүжілген. 

d795e52f66ec2d91d63e2006ce1e3088.jpg

Мұнараның сырт көрінісі. 1930-шы жылдары түсірілген сурет

Қазіргі сақталған бөлігі 5 метр шамасында ғана. Табанының диаметрі 2,5 метр.Мұнараның жоғарғы бөлігі өрнектеліп қаланған кірпіштер мен жан-жаққа қаратылып салынған аркалы ойықтардан тұрады. Жоғары шығатын баспалдақ ағаш тіреулер мен ортасындағы кірпіш тірекке бекітілген. 

17bec986cfac84177ab6946c9e933e24.jpg

Мұнараның кіре берісі


Қызыр кім дегенге келсек, ислам дініндегі пайғамбарлардың бірі. Кей халықтарда ол теңізге сапар шегушілердің қамқоршысы деп есептелсе, үнділер су иесі деп қабылдаған, сондай-ақ өрттен, су тасқынынан, ұрлықтан, жылан шағудан сақтайтын пір деп те есептеледі. Сонымен қатар жыр мәтіндерінде Қыдыр атамен Қызыр ата, Ілияс есімдері дербес үш тұлға ретінде аталады («Қызыр ата, қырық шілтен; Қыдыр менен Ілияс; олар да болсын жолдасың» немесе «Қызыр, Ілияс жар болып, Қыдыр ата қолдасын»). Осыған байланысты «Қыдыр» мен «Қызыр» (Хадир, Хидр, Хизр) бейнелерінің екі түрлі мифтік бастаудан өрбіп, уақыт өте, есімдерінің сыртқы ұқсастығына және мифтік сәйкестігіне қарай бір бейне ретінде түсіндірілгенін топшылауға болады. Қызыр көбіне-көп батырлық жырларда аталады, батырлар одан демеу, қолдау күтіп, атын атап шақырады.  Қазақ халқының ұғым-түсінігінде Қызыр сәттілік пен бақ беруші, көбіне иман жүзді қарт түрінде бейнеленіп, өзін көзімен көру сәті түскендерге бақыт сыйлаушы ретінде суреттеледі. Яғни, күнделікті кездесетін адамдардың арасында Қызыр-ата болуы мүмкін: ол әр түрлі кейіпте (көбіне кедей адам секілді) жүреді. Одан сый алу үшін кез келген адамға, оның әлеуметтік мансап-мәртебесі мен байлығына, киіміне, түр-әлпетіне қарамай,қонақжайлық көрсету керек (өйткені ол Қызыр болып шығуы мүмкін). «Қырықтың бірі Қыдыр» сөзінің астарынан осындай түсініктен туындаған моральдық факторды көруге болады.

Ал, мұнара орналасқан Сайрам қалашығы Оңтүстік Қазақстанда орналасқан ежелгі елді мекендердің бірі болып табылады. Сайрамсу өзенінің бойында, Шымкент қаласынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Ерте орта ғасыр замандарында шамамен (ІХ – ХІІ ғасырлар) Сайрам қаласының орнында – Испиджаб қаласы болған. Испиджабтың алғаш аталуы, 629 жылы қытай авторы Сюань-Цзяннің географиялық еңбегінде кездеседі.

ee8decfc36a0b49838f30053d3baf6c8.jpg

Мұнара күмбезі


Ал, «Сайрам» атауының алғаш аталуы, жалғыз ғұмыр кешкен, қытай сопысы, Чан-Чуннің 1221 жылы Шыңғысханның ордасына қарай жол салған саяхатының сипаттамасында кездеседі.

20c53194d383ee81c854bd1fd5dff5bc.jpg

Испиджаб-Сайрам қаласы, Шаштан (Ташкент) Шымкентке апаратын керуен жолы үстінде орналасқан сауда-кәсіби орталық болған еді және сол өңірге жақын жазық дала аймақтарына ислам дінінің тарату орталығы болған.

b70acfbf4ca805f9cb20abf78a9810ca.JPG

Мұнараның бүгінгі кездегі көрінісі


Араб шапқыншылығының басына қарай (VII – ХІІІ ғасырлар) Сайрам қаласы екі бөліктен құралған – ішкі қала және шахристан. Бірақ, X ғасырдың өзінде-ақ ішкі қала қирап, оның нақты орналасуы анықталмаған. Ал, шахристанға келсек, ол XV – XIX ғасырлар арасы ауылдың орталық бөлігінде, Сайрамсу өзенінің оң жағалауында, табиғи түрде қалыптасқан төбенің үстінде орналасқан. 

Оның аумағы 20 гектарға жуық болған. Шахристан айналасындағы жерден 5-10 метр биікте болған және оны шарбақ пен балшықтан соғылған дуалдар қоршаған. Олардың ені 8-10 метрге шейін болған. Дуалдар төрт жаққа қаратылған және төрт қақпасы болған. Қақпаларға жақын, мал суару үшін көлемі үлкен хауыздар жасалған, өйткені соғыс кезінде малдар да қамалдың ішіне алынатын болған. 

Тарихи, мәдени, архитектуралық ескірткіштер болып саналатын ғимараттар жайлы мақалаларыңыз болса фотосуреттерімен қосып, kaz.ehistory@gmail.com электронды адресіне жіберсеңіздер болады.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?