«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Болашақ энергиясы

2647
Болашақ энергиясы
Ежелгі кезден бастап ата-бабаларымыз Күннің жоғары күшіне сеніп, оның энергиясын қолдану мүмкіндіктерін іздеген. От жағу дағдысы, энергияны игеру жолында алғашқы қадам болып табылады.

Әлемдік тарих күн энергиясын қолданудың мысалдарын келтіреді. Аңыз бойынша, ежелгі грек ғалымы Архимед жандырғыш айналар көмегімен, өз қаласына жау флотын жеңуге көмектескен. Мұнда тек қана бір анық дерек бар: Түркиядағы сұлтандар сарайлары күн сәулесінің астында қатты қызып кеткен сумен жылытылған. Өкінішке орай, адам жер қойнауында көмір, мұнай, газ толып тұрғанын ашқанда, күн энергиясы туралы ғылым және осы саладағы әзірленімдердің маңыздылығы төмендеп кетті.
Қазіргі өмірдің шынайылығы да осындай: экономиканың барлық салаларындағы жұмыс істеуді қамтамасыз ететін дәстүрлі энергия қорлары барлық жерде азайып бара жатыр. «Қара алтын» және «көгілдір отын» су, күн, жел энергиясынан да қымбат болатын күн жақындап келе жатыр. Сірә, осындай жағдайда энерготиімді технологияларға бүгінгі кезден бастап инвестиция жасайтын мемлекет ғана өз қызметін атқара алатын және дами алатын мүмкіндікке ие болады.
Осыны түсіне отырып, әлемнің басты мемлекеттері өз экономикаларына «жасыл» технологияларды енгізу жолдарын қарастырып жатыр. Қазақстанда жаңартылған энергия мәселесі алдыңғы орынға шығып тұр, соның бірде-бір дәлелі — ҚР Үдемелі индустриалды-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасы және Қазақстанның Индустризациялау картасының аясында салынған «Astana Solar» ЖШС.

67cef95c25d7c52353a78508e9ab0ec4.jpg

2012 жылдың 25 желтоқсанында күн батареяларын шығаратын еліміздегі алғашқы зауыт іске қосылды. Зауыт жоспарда көрсетілген 50 МВТ қуаттылық (жылына) көрсетілген, ал келешекте оның қуаттылығы 100 МВт дейін өседі деп күтілуде. Зауыт еуропалық автоматтандырылған жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

c8314d2151847d13d9fd7a14e4f29ebd.jpg

Astana Solar зауытындағы жөнге салынған жұмыс фотосезімталды элементтердің көмегімен күн энергиясынан электр энергиясын қайта құруға негізделеді. Күн батареясының инновациялық потенциалының маңызын асыра бағалау қиын, өйткені ол даладағы шам әрі ірі кәсіпорын үшін электр қуатының көзі болып табылады.
Республиканың 9 облысында Күннің энергиясын пайдалану тиімділігі бағаланды. Отандық өндірістің күн батареялары электр қуатының аз көлемдерін өндіру, мысалы, Қарағанды облысындағы Бұқар жырау мазарын жарықтандыру үшін және ірі нысандарды (Қызылорда облысының «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясы» АҚ «СКЗ-U» күкірт қышқылы зауыты күн электр станциясының нақтылы қуаттылығы — 500 КВт) электр қуаттылығымен қамтамасыз ету үшін қолдануда.

0209728239643a8130c177a50fd6b033.jpg

Осылай, мемлекетіміздің инновациялық индустриализация саласын дамыту бағытында қабылданған стратегия арқасында, Қазақстан қазіргі таңда жаңартылған энергия технологияларының иесі болып саналады. Өз тарихымыздың жаңа бетін ашқалы отырмыз!

Инна КУЗЬМЕНКО