Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мәдени серуен: Ә.Қастеевтің музей-үйі

2277
Мәдени серуен: Ә.Қастеевтің музей-үйі - e-history.kz
Әбілхан Қастеев. Таныс есім емес пе? Қазақ сурет өнерінің негізін салған, атақты суретші. Биыл 110 жылдық мерейтойы болып өтті.

Жиырма екі жасына дейін бай есігінде жалшы болып, кейін Түркісіб теміржолында қара жұмыс істеп, Н.Хлудов пен И.Бродскиден тәлім алған тума талант.

Жүз жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Алда-жалда Алматы қаласына жолыңыз түсе қалса, «Қазақстан» қонақ үйінің артындағы Бекқожин көшесіндегі суретші ғұмыр кешкен үй, бүгінде музей-үй болып отырған шағын ғана мекемеге соға кетуге кеңес береміз. Ол үйде қазақ көркемсурет өнерінің іргесін қалап, талай тарихи тұлғаларымыз бен жадымызда жаңғырып қалған оқиғаларды кенеп бетіне түсірген суретшінің өмірінің соңғы жылдары өткен.

Ал, Әбілхан Қастеевтің өмір жолына үңілсек ол 1904 жылы қазіргі Алматы облысы Жаркент өңірінде дүниеге келген. Жоғарыда жазғанымыздай байға жалданып, жалшы болып жұмыс істеген. 

704afca0732ad68e045fa62d9cf0d283.jpg

Жалшы кезі. Жаркент, 1917 жыл

Кейін Түркісіб темір жолына жұмысқа тұрып, тас пен балшықтан түрлі мүсіндер жасай бастайды. Тас бетіне Лениннің мүсінін қашап салған соң, қабілетін байқаған басшылар оны оқуға жібермек болғанда, көре алмаушылар бай баласы деген бәле жабады. Тегінің тақыр кедей екендігін дәлелдеу үшін оған анықтама қағазды бір жыл күтуіне тура келеді. Кешіктіріп жеткен құжат қолға тиген соң ғана ол оқуға аттанады.

b314cbd54431400fd8a58fb5a962159c.jpg

Анықтама қағаз

1929–1936 жылдары Мәскеу көркем сурет студияларында кәсіби суретшілерден сабақ алып, алғашқы еңбектерін сала бастайды. Білімін жетілдіріп келген соң тынымсыз тер төгіп, 1944 жылы Қазақстанның халық суретшісі атағын алады.

1945–1956 жылдары Қазақстан суретшілер одағының басқарма төрағасы болып еңбек етеді. Ол халық өмірінің алуан түрлі қырын бейнелейтін мыңнан астам туындыны дүниеге әкеледі.

Біз бүгін қайталанбас тұлғаның 1958 жылдан бастап, өмірінің соңғы күніне дейін ғұмыр кешкен музей-үйінен жасалған фоторепортажды ұсынбақпыз.

Музей-үйге кірген бетте оң жағыңызға бұрылсаңыз суретшінің әрі жатын әрі жұмыс бөлмесіне тап боласыз. Қарапайым ғана бөлме. Бірақ мұндағы тазалық пен заттардың үйлесім тауып орналасу тәртібі бірден көзге ұрып тұр.

034503d7e73a20f5decf0f603f645257.jpg

Төрде жатын төсек пен оның қасында қылқалам мен бояулар сосын домбыра орын алған. Таңқаларлығы қақ төрде қазақтың соңғы ханы Кенесарының портреті ілулі тұр. Бұл туындыны 1935 жылы салған екен. Осы жерде кеңес заманында атын атауға тиым салған ханды қайдан білген деген сауал туады. Шамасы, Әбілхан Қастеев тарихқа өте жақын адам болған секілді.

2033ee2b961fa0ebdd655c98385c8bc7.jpg

Кенесары бейнесі. 1935 жыл

47c3f2e57d61611b63fab7616d41b14a.jpg

Кереуеті мен домбыралары


4e2aec21a86f75f4ca01395885fab7f1.jpg

Қылқаламдары мен бояу, туштары

bef832fc6427ee3f58dde5cac7a40773.jpg

Көзі тірісінде тұтынған ыдыстары және Жамбыл Жабаевтың мүсіншесі

7b6fb17365a391714ed6d3ac5b92dd10.jpg

Шабаданы

dae2433821a596057a80cc9abe68a990.jpg

Шырағдан мен құмыралар

63c1e2321478df80b2e0c5a7b9c55570.jpg

Әйгілі Түркісіб туындысы төрге қойылған. 1969 жыл

e0104db93c4b7bdd2b6f6a1f413e01c6.jpg

Жазу үстелі

43664eed66b6ab1addfe2f6ac6727ea3.jpg

Қолшатыры мен құтысы және өзі салған ұлының суреті

51c6a45f807817d96b3df76f613309cc.jpg

Қонақ бөлмесі. Төрде тұрған суретші шапаны және «Горизонт» теледидары

2ebc4ad76e6a10eb6292f8a722e0cc01.jpg

Радиосы

2825c05a52010314507d7e2bb6669b8e.jpg

Патефоны

Музей-үйден қазір этнографиялық энциклопедиялардан көретін қазақ халқының көптеген құнды заттарын тамашаладық. Ауылдарда қолданыстан қадым заманда шығып қалған келі-келсап, көмір үтік, сары самаурын секілді заттар сол қалпында сақталып тұр.

328ee71170e3b462d493db0c4f0f3c4b.jpg

Келі-келсап

355ee0a667d12707cd1bd444a33b6e06.jpg

Самауырын

24fa44ca50a6339587cb74860767bfa3.jpg

Үтік

1d20f5ca1ec54d2836b05c29d4d37448.jpg

Кілем жабылып, қазақы кілем төселген, ағаш кебеже

d7f568003a5dbdf7cfcebf4f08c37f48.jpg

Май шам мен, ағаш астау

954cb6d2ca0e7e1f1db13cb920256755.jpg

Қазақы бөркі 

169073db2c889e5e475977ac248d9840.jpg

Жеке басына тұтынған заттары

c2dd25a50c28b6bb648dc2e2d6148107.jpg

Фотоаппараты мен қойын дәптерлері

2e24d3c541d66d964a744cf114db0c49.jpg

Суретші алпыс жасқа толғанда КСРО Мәдениет министрлігінен келген арнайы құттықтау телеграммасы

ХХ ғасырдың басындағы тарихи оқиғалар суретшінің басты тақырыбына айналған. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің көшбасшысы Амангелді Иманов бейнесін салуға ол ұзақ уақыт дайындалған екен. Торғайға әдейілеп барып, батырдың туыстарымен, сарбаздарымен әдейілеп сөйлесіп, сипаттама бойынша сұлбасын қағазға түсіреді. Ақырында кенепке салынған сурет дайын болғанда, Амангелдіні көзімен көргендер қайран қалып, қаншама уақыт бойы көз алмай қарап тұрған екен.

e8d5cc09bcb2830d8c0e350e7f8ecf05.jpg

Амангелді Иманов. 1940 жыл

8525204a775ae887a1f901e17c21e1da.jpg

Шоқан Уәлиханов. 1951 жыл

Соңғы кездері ғана табылған, қағазға түсірілген қазақы ою-өрнек нобайларын бірінші болып оқырман назарына ұсынбақпыз.

a1eaee3e30b14448c7958e21e9cfd2ef.jpg

Қарандашпен сызған нұсқалары

ad3acb888a52a350651a379b28c9180c.jpg

Түрлі-түсті бояумен жасаған ою түрі

812088cb785ebf12511863c31f1bdfcb.jpg

Үйдің сырт көрінісі

3bafccdc19019d2e76debe5063baab88.jpg

Көлік қоятын тұрағы. Өмірінің соңғы жылдарында "Волга" көлігін тізгіндеген

Ә.Қастеев атындағы музей-үй сағат 10.00–18.00 аралығында жұмыс істейді.
Мекен-жайы Алматы қаласы, Бекхожин көшесі 6А.
Байланыс телефоны: 8 (727) 291-89-08

Олжас БЕРКІНБАЕВ
Суреттерді түсірген автор
Астана-Алматы-Астана

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?