Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Уақытпен санасып, денсаулығыма қарамадым...

2451
Уақытпен санасып, денсаулығыма қарамадым... - e-history.kz
Леонид Георгиевич Жуков сегіз жыл бойы Қазақ КСР-інің автокөлік транспортының министрі қызметін атқарып келген.

1953 жылдың шілде айынан — 1954 жылдың қыркүйек айына дейін ол ҚазСССР-дің жол және көлік шаруашылығы министрі, ал 1954 жылдың қыркүйек айынан — 1956 жылдың тамыз айына дейін ол — Қазақ КСР-інің автокөлік транспортының және тас жолдарының министрі, 1956 жылдың тамыз айынан — 1961 жылдың маусым айына дейін Леонид Георгиевич Қазақ КСР-інің автокөлік транспортының министрі болып жұмыс істеген.

3924ae38c2b1e1482de99caaf62cf77a.jpg

Леонид Георгиевич Жуков 4 рет «Еңбек Қызыл Ту орденімен» (1957, 1966, 1971, 1976) 4 рет, ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен (1945), Қазан төңкерісі орденімен (1973), «Халықтар Достығы» орденімен (1980) марапатталған. Оның көптеген медельдері мен мақтау қағаздары бар. 1975 жылы ол КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болып, 1974 жылы оған «Қазақ КСР көлігіне еңбегі сіңген қызметкер» атағы берілген. Ол биік таулы «Медеу» спорттық кешенін құрды.

Ол министрлік қызметін сегіз жыл бойы атқарып келе жатқан. Бұл өте қиын уақыт болды. Осы кезде тың және тыңайған жерлерді игеру үдерісі басталды. Бұрын қолданыста болған кәсіпорындарының жөндеу жұмыстары басталып, басқалар жаңадан салынған болатын. Автокөлік саласы тез дамып кеткен. Тың өлкесінде 200-ға жуық автошаруашылық құрылды. Екі жылдың ішінде, яғни 1954–1955 жылдардың арасында Қазақстан 22 мыңға жуық жүк автокөлікті алды. Ресей Федерациясының облыстарынан, Украина, Балтия елдері мен басқа республикалардан тың игеруге 21 мыңңан астам көлік жүргізушісі келді. Егер 1953 жылы Қазақстанда көлік шаруашылығының жалпы саны 35 болса, 1960 жылы олардың саны 10 есе өсіп кетті. Көлік жүргізушілер егіншілерге үлкен көмек тигізген. Олар жаңа совхоз, нан қабылдайтын орындардың мен оларға апаратын жолдардың салынып жатқан құрылыстарға қатты көмектскен. 1954–1960 жылдардың арасында олар 3 млрд. пуд құрайтын дәнді жинап алып, республика ішінде жиналған астықтың тасымалдау көлемі бойынша бірінші орын алды.

Осы табыстардың бәрі бір сәтте келмеген еді. Шикізаттық диспорция себебінен 1953 жылы министрликтер қайта құрылды. Аталған өзгеріс кеңестік, республикалық басқармалардың бәріне ықпал еткен. Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңестің Президиумнің 1953 жылғы 17 шілдегі қаулысына сәйкес: «Қазақ КСР-інің автокөлік транспортының министрлігі, Қазақ КСР-інің Министр Кеңесіне тікелей бағынысты Бас жол басқармасы және Қазақ КСР-інің Министр Кеңесінің тұсындағы Кіші өзендерді транспорттық жағынан игеру Басқармасы ҚазСССР-дің жол және көлік шаруашылығы министрлігіне біріктірілген». Леонид Георгиевич Жуков министр болып тағайындалды.


Ол 1914 жылы темір жолы қызметкерінің отбасында (телеграфист) дүниеге келген. Әкесі Георгий Карпович 20 жылдың ішінде Миллеровтың Оңтүстік-Донецк темір жолындағы станциясында ауысымды телеграфист болып еңбектенген. Анасы Вера Николаевна өзінің өмірін үй шаруасына арнаған. Мектепте оқығанда ол өзінің шынайы жасына екі жыл қосып, төрт ай бойы жалғасқан тракторшылардың курстарын бітірді. 1930 жылы ол Луганді ТЖ техникуміне оқуға түсіп, 1933 жылы оны бітіріп, Түрксіб темір жолындағы жол қатынастарының Халық комиссариаты болып тағайындалды. 7 жылдың ішінде лауазымы жол қатынастарының дистанция қызметіне дейін жоғарылды. 1942 жылдың тамыз айында Леонид Георгиевичті партиялық жұмысқа — Қазақстан КП ОК-нің көлік бөлімінің меңгерушісіне ұсынды. Ал 1943 жылы өнеркәсіп және көлік бойынша Жамбыл обл. комитеті хатшысының орынбасары деген атақ алды. 1945 жылы ол меңгерушінің орынбасары болып тағайындалса, ал 1953 жылы — көлік-өнеркәсіп бөлімнің бастығының орынбасары болып шықты.

Жұмыс теоретикалық білімдермен қоса жауапкершіліктің мол болуын талап етеді. Сол себептен ол 1950 жылы Мәскеу қаласына барып, Бүкілодақтық Коммунистік (большевиктер) партиясы Орталық Комитетінің тұсындағы Жоғарғы партиялық мектепте өткен басқарушы партиялық және кеңес жұмысшыларына арналған мамандық жоғарылау курстарда бір жылдың ішінде біліп алып жатқан. Леонид Георгиевич өзінің кітабында былай деп жазады [1]: «Арнайы сабақтардың ішінде нақты экономиканың сұрақтары бойынша алған дәрістер есімде қалды, олардың арасында теңгерім мен талдау әдістері сияқты тақырыптар министр болып жұмыс істеген кезімде қатты көмектесті».


1953 жылдың маусым айында Леонид Георгиевич Жуков ҚазСССР-дің жол және көлік шаруашылығы министрі болып тағайындалды. Министр лауазымына тағайындалу кезіндегі оған берілген мінездемеде былай деп жазылған: «…Жуков ж. темір жолы және автокөлік саласындағы жұмысты, аталған салалардың байланыстарын мен кадрларды жақсы білгендіктен, іске және қол астындағы қызметкерлерге қатал, өзі принципті, көлік пен коммуникациядағы мәселелерді шешуге дайын, бастамашыл адам ретінде өзінді көрсетті».
Леонид Георгиевич жаңадан құрылған министрлікке негіз еткен барлық мекемелердің жұмыс істеу тәртібін білді. Олардың бәрі әлсіз болып, техникалық жағынан аз мөлшерде қамтылған болатын. Министрліктің авто шаруашылықтарына кірген кішкентай ғана автокөлік парктері — қызметінде тұрған көліктердің саны 50-ден (кейбір облыс орталықтарында100-ден) аспады. Соның ішінде Алматы қаласында 8–10 автобус тіркелсе, кеібір автобус парктерінде 2 көлік ғана болды. Осы саланы дамыту үшін қайта жабдықтандыру мен жаңа кадрларды даярлау керек болды.
Аталмыш мәселе бүкіл автокөлік саласы үшін өзекті мәселе болды. Республикадағы автомобиль парктердің саны жыл сайын көбейіп кеткенімен, ал жөндеу-профилактикалық базасы дамымай қалды; Л. Г. Жуковтың айтуынша, сол себептен «жөндеу жұмыстарында бейберекеттік пен жеңілдіктер пайда болып, машиналар қызметін көрсету-де төмен-деңгейге түсіп; бұның барлығы техниканың тозуына әсер еткен». Министрлік жеңіл автокөліктердің жөндеу жұмыстарын Мәскеу қаласындағы зауыттарда өткізді, автокөлікті тасымалдауға көп қаражат кеткен. Қарағанды автожөндеу зауыты тек ЗИС-5 жүкөліктерін ғана жөндеді, барлығы есептегенде ол автокөліктердің тек 500-не күрделі жөндеу жұмыстарын жүзеге асырай алған. Жаңадан салынып жатқан Алматы қаласындағы автожөндеу зауыты тек 19%-ға ғана дайын болды.


1953 жылдың 17 қазанында Министрлік өз атауын қайтадан өзгеріп кетті. Енді ол Қазақ КСР-інің автокөлік транспортының және тас жолдарының министрі деп атаған болатын. Қазақстан Компартиясы ОК-нің баяндау жазбахатында Жуков тұрғын үй құрылысына бөлінген қаражаттыз аз болғанына өзінің наразылығын білдірген, өйткені кадрларды орнықтуруға осы сала қатты әсер еткен. Ол 1954 жылғы қаржы жұмсалымының жоспарына «Алматы жөндеу зауытының тұсындағы 44 пәтерден тұратын тұрғын үйді, ҚӘҚ-қа қатысы бар тұрғын үйлерді, Семей ТЖ мен механикалық техникумның жатақханасын» қосу керектігін ескертті.

КСРО Министрлер Кеңесінде бұл құжаттың қарап талқылауынан кейін жеделхат жолданған. Аталған Кеңес қаржы жұмсалымының мөлшерін, «кем дегенде 19 млн рубльге», өсіп кетуін талап еткен. Қаражаттар жаңа тұрғын үйінің құрылысына, автомобиль паркіндегі жабдық пен құрал-саймандарды ұстауға және, ағымдағы жөндеуге керек боп тұр. Қазақстандағы мен Орта Азиядағы Автожөндеу зауыттарының, гараждардың (көліктер тұратын, жөндеу жұмыстары жасайтын орын), техникалық қызмет көрсету орындарының, бензин құю станциялардың, тұрғын үйлердің, мәдени-тұрмыстық нысандардың және әкімшілік ғимараттардың құрылысы жоспарланды.


1957 жылы министрлік 150-ке дейін шаршы м құрайтын аумақты пайдалануға берді. Осы кезде төрт қабатты тұрғын үйлер, жастарға арналған жатақханалар, пионер лагерлері, әкімшілік ғимараттар, мәдени нысандар, машина жүргізушілеріне арналған қонақ үйлер, үйірмелер, балалар мекемелері салынып жатқан.

1956 жылдың 30 тамыз айында аталмыш министрлік өз атауын өзгерді. Енді ол «Қазақ КСР-інің автокөлік транспортының министрлігі» деп атаған. Оның әкімшілік міндеттері көбейіп кеткен. Автомобиль және коммуникация салаларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуден басқа, енді ол жаңа зауыттардың салынуын және жөндеу зауттарының пайдалануын қамтамасыз еткен. Сонымен бірге, аталған Министрлік өндірістің озат әдістерін-де енгізген [2].
1956 жылы көтерілген тың бүкіл әлемді таңқалдырған. Осы жылы мол өнім жиналған. Республиканың шаруашылықтары астық қоймасына бір млрд пудтан астам астық өндірілді. Министрлік түрлі зауыттардан 28 мыңнан астам жаңа жүк машинасын алған. Соның нәтижесінде автомобиль паркі 5 ретке өсіп кетті. 1957 жылы министрліктің жүк аатопаркіне тағы да 26 мың автокөлік қосылса, 1961 жылы министрлікте 80-ге жуық жүк машинасы болып тіркелген. 1953 жылымен салыстырғанда жүк автопаркі 30 есеге өсіп кетті, сондықтан жаңа жүргізілерді даярлау басталды. Жылына 30 мыңға жуық адам даярланды.

Л. Г. Жуков Министрлікті басқарғанда, онда 389 маман жұмыс істеген, олардың ішінде 47 жоғары білімді алды, ал 16 — толық емес жоғары білімді, 197 — орта білімді. Автокөлік саласында жұмыс істеу үшін алдымен оқу керек болды, осы саласындағы мамандарды дайындайтын арнаулы жоғары мен орта орындарының болмағандықтан, орталық оқу орындары аталған мамандарды дайындаған. 1953 жылы Мәскеу автокөлік институтінде 8 қазақстандық білім алған. Жыл сайын жаңа кадрлар талап етілді. Автокөлік министрлігі Алматы қаласында жаңа автотехникумді құру керектін түсінді.
Анықтамада көрсеткендей, осы жоғары оқу орны Республиканың автокөлік кәсіпорындарында жұмыс істейтін кадрларды жергілікті халықтан іріктеуге болады. Осылай, техникум ашылды.


Жуковтың кезінде «Қазақстан автокөлігі» атты журналы аса белгілі болды. 1961 жылы журналдың таралымы 100 мың дана құрады.
1961 жылы министрліктің атқаратын жұмыстары жоғары деңгейде болды. Леонид Георгиевич ҚазССР бірінші хатшысы Д.А. Құнаевқа өтініш беріп, отставкаға кетуін сұрады. Леонид Георгиевич былай деп айтқан: «Министрлікте сегіз жыл бойы жұмыс істеп, мен денсаулығыммен және уақытпен санаспадым, бірақ қазіргі кезде жүрек ауруым мені соған мәжбүр етіп отыр…». Оның өтініші қабылданды. Министрліктегі оның белсенді, «тірі» жұмысы аппараттағы «тыныш» қызметіне ауыстырылды.


Отставкадан кейін ол жиырма жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан КП ОК-нің көлігі және қатынас жолдары бөлімінде жұмыс істеген.

Е. Чиликова, ҚР Президенті Мұрағатының бас маманы

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жуков Л. Г. Незабываемое. Некоторые воспоминания партийного работника, ветерана транспорта Казахстана. — НПФ ЭКО, Павлодар, 2002. — 113б.
2. Анықтамалық. Государственные учреждения Казахской ССР. Органы Управления народным хозяйством. (1937–1977). — Алма-Ата, 1987. — 20-21б.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?