«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Батырлар соғыста өлуді мәртебе санаған

7235
Батырлар соғыста өлуді мәртебе санаған
Қазақ халқы ғасырлар бойы батырлар ерлігін олардың жауынгерлік айбынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп жырлады.

8333231e500b1f8da5a32393c890b8fd.jpg

Ер қаруы бес қарулы батыр мен шиті мылтықты ер жігіт

Суретші әрі тарихшы Қалиолла Ахметжан халқымыздың қару-жарақтары туралы, оның көмегімен ата-бабаларымыздың қалай жеңіске жеткенін және батырлар кодексі жайлы жиған-тергенін бізбен бөлісті.

Қалиолла Ахметжан — Қазақстанға танымал суретші, тарихшы әрі этнограф. Ортағасырлардағы кемеліне келген әскери жүйелердің бірі болып саналатын Еуразия далаларындағы әскери істердің тарихын қайта қалпына келтірген ғалымдардың бірі, қазақ батырларының қару-жарақтарын ғылыми-көркемдеп, қайта қалпына келтірумен айналысады, дала ерлігі-батырлық туралы фактілерді-де тынбай жинап келеді.

Бірте-бірте суретшінің тарихи және археологиялық дереккөздерді, орыс жазбалары мен түркі эпостарын зерттеу негізіндегі дәйектерге сүйенген шығармашылығы, қазақ халқындағы әскер ісіне деген қызығушылығы «Қазақтардың дәстүрлі қару-жарақ этнографиясы» атты кітабының жарық көруіне түрткі болды.
— Қалиолла Саматұлы, сіз қалпына келтірген әр дәуірге тиесілі көшпелі жауынгерлердің қару-жарақтары жайлы әңгімелеп беріңізші.

— Қазақстан Ресей құрамына кіргеннен кейін батырлардың ханға қызмет етуі жойылды, соған сәйкес әскери өнер-де біртіндеп жойыла бастады. Эпостар мен басқа жазба дереккөздерінде мәліметтер қалды, бірақ олардың бәрін әлі де жинақтау қажет. Мен өз кітабымда қару-жарақтарды қайта қалпына келтірдім, бірақ көшпенділердің қару-жарағы мен әскери өнерін әлі қанша зерттеу керек екені белгісіз.
Бұл әр түрлі дәуірдегі көшпелі батырлар қару-жарақтарының реконструкциясы. Ол археологиялық ескерткіштер, бейне, жазба және ауызша дереккөздер негізінде жасалған, сондықтан сыры анық. Мысалы, мына қару қазақ сұлтаны — Арыстан сұлтанның әскери айнасы. Дулыға, балта — осы заттардың барлығын қазір мұражайда көруге болады. Мен ешнәрсені ойдан шығарған емеспін. Мен қаруды қалай қолданғаны, сауытты қалай кигені туралы суретерді-де бейнеледім.

dfe6e28de3c6dc86c21fc043d93dbde4.jpg

Көшпенді халық қаһармандары

— Қазақ жауынгерлердің басқа көшпенді жауынгерлерден қандай айырмашылығы бар?

— Түркі халықтарында қару-жарақтың көптеген ұқсас түрлері бар, себебі бұл бір мәдениетке тәнәрсе. Бірақ мысалы, ол жоңғар мәдениетінен өте ерекшеленеді, себебі онда буддизм іздері байқалады. Қазақ, татар, өзбек, қырғыз батырларының сауыт пішіні жалпы деп айтуға болады. Олар көптеген ғасырлар бойы бір мемлекеттік жүйеде болғандықтан, өзара ықпалдастық жүріп отырды да, қару-жарақтың жалпы түрі ортақ болды.
— Ол заманда жауынгерлердің қару-жарағы қандай болуы керек еді?

— Қазақтарда: «Ер қару — бес қару» деген мақал бар. Жауынгерлерде қарудың бес түрі болып оны жақсы қолдана білуі керек болатын: бұл жарғыш (айбалта), кескіш (қылыш және семсер), лақтыратын (садақ), шанышқылы (найза немесе сүңгі) және соғатын қару (шоқпар, күрзі немесе қол шоқпар). Қарудың әр түрінде өзге түрлілік болды. Қарудың осы бес түрі бір-бірін алмастыра алмады, олар тек бір тұтас жиынтық ретінде қолданылды. Олар түрлі-түрлі болғанымен өзара тығыз байланысты болды.
Батырларды қорғап тұратын сауыттың төрт түрі болды. Мысалы, шығыршықты сауыт немесе берен метал сақиналарынан өрілді. Қабыршақты сауытта металл теріге тігіліп, жасалды.
Сарматтар мен скифтерде қысқа күртелер мен теріден жасалған қысқа аяқ киім-де болды. Қазіргі әскерилер ежелгі жауынгерлердің көп киімдерін үлгі етіп алды: күнделікті киім түрлері, қаруды алып жүру әдістері  осының бір айғағы.

93a7c7792bfe855323becdfafcbdda6e.jpg

Бес қаруы бойына сай батырлар

— Қазақ жауынгерлерінде ұрысты жүргізудің қандай ережелері болды?

— Бұл ғасырлар бойы қалыптасқан әскери өнер болғандықтан, оны арнайы үйретіп отырған. Мысалы, шайқас алдында әскерді сапқа тұрғызудың белгілі тәсілі болды. Әдетте бұл үш жақты сапқа тұрғызу болды: оң және сол қаптал мен орта шеп деп аталды. Әрбір әскер ондық жүйе бойынша құрылды. Он жауынгерден «ондық" құрылып, оны онбасы басқарды. Он ондықтан «жүздік» құрылды, оны жүзбасы басқарды. Он жүздіктен «мыңдық" құрылды, оны мыңбасы басқарды. Он мыңдықтан «онмыңдық әскер» — түмен құрылды.

Шайқастың ең басында шабуылға жеңіл қаруланған атты садақшылар оқ жаудырып сосын барып қана жаяу әскер қарсыластарын қоршап алатын болған. Мұндай әскери техника "толғама" деп аталды. Әрине, жау абыржып қалып отырса керек, себебі әдетте әскер жаппай құрылып, алға жүреді емес пе? Ал жан-жақтан садақтан оқ жауғанда, әскери сап бұзылып, салт аттылар мен жаяу әскер қатты шығынға ұшыраған.
Содан кейін шайқасқа найзалы сарбаз бен найзагерлер шыққан, сосын тура шабуыл басталған.

— Қандай жағдайда шайқаста семсерді қолданды?
— Әскер сапын бұзғаннан кейін, семсер, балта, шоқпармен шайқаса бастаған, кей уақыттарда қоян-қолтық ұрыс та басталып кететін болған. Шайқаста жалған шегінуді қолдану жағдайлары да болғаны белгілі. Мысалы, үлкен емес жасақ шабуыл жасаса, ұрыс жеңіл басталған. Жасақ садақтан атып,бірте-бірте шегіне бастаған (бүкіл көшпенділер садақты оң және сол қолмен ата білген). Жау әскері шегінген жасақтың ізіне түсіп ентелей бергенде, тосқауылдан жауды күтіп отырғандар шығып қарсы шабуылды бастаған.
Шайқас алдында батырлардың жекпе-жегі міндетті түрде өткізілген. Күрес ортасына әр әскерден атақты батырлар шығып отырған. Батырдың әскери атының ер-тоқымында кішкентай дауылпаз бекітілген, батырлар дауылпазды соғып, бір-бірін шайқасқа шақырып отырған.
Бұл әр батыр түсінетін белгілі бір болған шығар. Сонымен қатар әскердің шегінуін білдіретін немесе жеңіс туралы хабарлайтын барабан дабылдар бір-бірінен ерекшеленді.

197f2fcdd59fb78691a99344fb97d46d.jpg

Жекпе-жек

— Ал егер батырлардың бірі жеңсе, әскерлер арасындағы шайқас болмаған ба?

— Әр түрлі жағдайлар да болған. Бірдей мәртебеге ие болған батырлар арасында ғана жекпе-жек өткізілген: атақты атақтыны, егде егдені, жас жасты шақырып отырған. Егер жекпе жекке атақ-дәрежесі төмен қарсылас шықса, онда жарыс өткізілмеуі бек мүмкін болған. Көптеген халықтар үшін жекпе-жек пен күрестерді жүргізудің жалпы ережелері болған. Жекпе-жек үш жеңіске дейін созылған, егер бір жақ үнемі жеңіске жетсе, қарсылас тарап жақ өз әлсіздігін сезініп, шегіне бастаған.
Батырлар жекпе-жегі үлкен соғысты қантөгіссіз шешудің бір тәсілі болған. Батырлар кәсіби жауынгерлер болды, мысалы өмір бойы әскери іспен айналысқан самурайлар мен рыцарьлар қару және әскери өнерге кәсіби түрде ие болады емес пе. Сондықтан қолбасшылар шайқасты батырлар жекпе-жегі арқылы шешуге тырысты. Қарсылас тарапта батырлар көп болса, әскердің шегінуі бек мүмкін еді.
Батырлар жекпе-жегі әскери істің маңызды жасушасы болды, ол әскердің күшіне, шайқастың нәтижесіне байланысты болған. Қазіргі түсінікпен қарасақ шайқасты жүргізудің осы тәсілі бүкіл Еуразия халықтарына тән болған.
— Қалиолла Саматұлы, батырлар намысының кодексі жайла әңгімелей кетсеңіз.
— Батырлар ерекше әлеуметтік топты құрады. Олар тек әскери іспен ғана айналысты, басқа іспен айналысу олар үшін ұят болып есептелген. Батырдың кәсібі ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға беріліп отырған.
Батырдың отбасында туған ұл міндетті түрде жауынгер болуы тиіс еді. Егер бала әскери іспен айналысқысы келмесе, оны жазаға тартқан. Себебі батырлар өз жерін сыртқы жаулардан қорғады және ішкі тәртіпті қорғады.
Қазақ эпостардың бірінде Сүйінші бала туралы әңгіме бар, оның әкесі мен атасы батыр болған, алайда ол 19 жасқа дейін қолға қару алмаған және ешбір әскери жорықтарға бармаған. Оның отбасында батырлар дәстүрі үзіліп қалады деп қорыққан, адамдар оны қатты сынаған. Яғни әкеден балаға берілер әскери кәсіп шынжырының үзіліп қалу қаупі туындаған. Баланы намыс қайрап ұялса керек. Жорыққа шығу үшін ол әкесіне келіп, оның батасын алады. Сонда барып, әкесі оған батасын беріп, өзінің қару-жарағын ұсынған.
Батырларда серілер мен самурайлар секілді сияқты намыс кодексі болды. Ең алдымен бұл өзінің кәсібіне деген құрмет пен адалдық бастау алды. Жауынгерлер өлімнен қорыққан жоқ, шайқаста өлуді армандады. Төсекте қайтыс болу үлкен масқаралық деп есептелінді. Қатты ауырып, төсекте қайтыс болған Олжабай батырды еске алсақ. Нағыз жауынгер сияқты шайқаста қайтыс болмағанына налыған батыр, өз саусақтарын кеміріп тастаған.
Батырларда шебер жасалған қару-жарақ болды, оны олар өте құрметтеген. Әскери аты қорғаушысы мен досы болған: шайқас кезінде, ақылды аттар егелерін құтқарып, қорғап қалып отырған. Құлын кезінен бастап, оларды үйретілген аттар, садақтан қалай жалтару, жата қалу секілді әдістерге мықтап үйретілген.
Батырлықта, серілік сияқты сұлу қызға деген махаббат та болды.
Батырлар әдемі киініп, әйел сұлулығының алдында бас иген, адамдарды қорғап, көмектесіп отырған — бұл олардың өмірлік ұстанымы болған. Олар жорықтан олжамен оралғанда, әрбір адам олардың үйіне келіп: «сауға» деп айта алатын еді, сол кезде батыр не сұраса да, бәрін беруі тиістін.
Жауынгерлер үшін шайқасты әділ жүргізу өте маңызды болды. Батырлардың соғысқа аттанғаны жайлы, олардың отбасы мен балаларының болмағаны жайында эпостарда жырланды. Сол уақытта күрес тез арада тоқтатылған. Бір, екі жылдан кейін балалары өскеннен кейін шайқас қайта басталады деп батыр өзінің жауынан кек қайтарған.
Батырлар жаулармен шайқасқанда да мейірбандық танытқан. Қарсыластар жекпе-жектен кейін дос болып қалған жағдайлар тарихтан белгілі. Кәсіпқой жауынгерлер әрқашан ханның қолдаушысы мен кеңесшілері міндетін атқарған. Олар ішкі және сыртқы саясаттың күрмеулі мәселерін шешуге белсене қатысып жүрген.

Людмила ВЫХОДЧЕНКО