Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мәдени серуен: Астана қаласы тарихы мұражайына саяхат

2729
Мәдени серуен: Астана қаласы тарихы мұражайына саяхат - e-history.kz
Астана қаласы тарихы мұражайы елордадағы бірегей мұражай. Мұндағы жәдігерлер келушілерді өзінің құндылығымен және бірегейлігімен баурап алады.

Елордамыздың негізі қаланған бергі жиналған бұйымдар мен Астанамыздың 2030 жылға дейінгі даму үлгілері берілген. Астананың сәулеттік кейпін келтіруде үлкен үлес қосқан сәулетшілер: Қалдыбай Монтахаев, Баир Досмагамбетов, Сәрсенбек Жүнісов, Аманжол Чеканаев, Тоқтар Ералиев, Серік және Ақмырза Рүстембековтер, Василий Тоскин, Нұрмахан Тоқаев, Байқұтты Тортаев, Владимир Лаптев және дүниежүзіне әйгілі сәулетшілер Кисе Курокава, Монфреди Николлетти мен Норман Фостер мұражайда ерекше орынға ие.

cf059182f772bc346b8e96670353a6ad.JPG

«Алланың 99 ғажайып есімі»  мешіті

b5af207c84cf08def8513a6351fbaa4a.JPG

Астананың болашақ келбеті 1.600 масштабында Оңүстік Кореялық фирмаға арнайы тапсырыспен жасалған. Келушілер елордада болашақта бой көтеретін «Абу Даби Плаза» көп салалы ғимараты мен «Батығай» жабық қалашығының үлгілерін көре алады.

6482e2013a4b5e3c7bbf4747a0db81d7.JPG

Астана қаласында бой көтерер болашақтағы технопарк

6b8e90f2358a840bdd1181e9c2e7d314.JPG

Тұрғын үй кешенінің үлгісі

4ef135cd192fa3516b5ca1b53e442563.jpeg

Астана қаласының 2030 жылдағы көрінісі

2011 жылы Астана-Алматы қаласында 7-ші Азияда ойындары өтті. Астаналық спортшылар үлкен жетістіктерге жетті. Экспозицияда Азиада алауы, транспорттық құты, алау тұтатқан қазан, Азиада ойындарының логотипі қойылған. Мұражайда астаналық спортшылар мен спорттық командаларға арналған бөлім бар. Онда шахматтан жастар арасында әлем чемпионы атағын жеңіп алған халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың, байдарка мен каноэ есуден 14-15-ші Азиада ойындарында жүлделі орындарға ие, 1995 жылы Әлем чемпионатының және Пусанда өткен Азия ойындарының қола жүлдегері, 1997-1998 жж Азия ойындарының чемпионы Қайсар Нұрмағанбетовтың, Сингапурде өткен Азия ойындарының алтын медалінің иегері, Жапонияда жүргізілген Азия чемпионатында ең үздік спортшылардың бірі Екатерина Руденко, 2010 жылы Қытайда өткен XVI жазғы Азия ойындарында жеңімпаз атанған, ұлттық бірінішілікітің «Ең үздік боксшысы» сыйлығының иегері Данияр Елеусіновтің медальдары мен кубоктары қойылған.

Құрлықтық лигада өнер көрсететін «Барыс» хоккей командасы, «Астана» баскетбол командасы, кәсіпқой бокс командасы «Астана арландары», «Астана» велокомандасы мен «Астана қанаты» әйелдер волейбол командалары көрсетілген.

d2e36b02a2819e3b7d79ee0f9c436ba8.JPG

VII Қысқы Азиада ойындарының алауы тұтанған тайқазан

636b5c16d36aec6e9ee809f4ada31cc2.jpeg

Мұражай жаңа технологиялармен жарақтанған. Мұражай қабырғаларына Астана тарихын тамашалау үшін сенсорлы экрандар орнатылған. Хронологиялық кезек бойынша қала тарихын қарауға болады. 

cec8d10d80f7a37d2d6be09e6c0ff8cc.JPG

Мұражайда тарихи құжаттар мен мұрағат мәліметтері мол. Қала жетістіктері мен сыйға тартылған кәдесыйларды көруге болады. Ең басты құжат Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өз қолымен сызған «Бәйтерек» монументінің жобасы.

285d840fd1b026e7a13977112ddad1a4.JPG

Болашақ «Бәйтерек» монументінің сызбасы

469db6c9c14b8e3dca86ca64ba20f0ba.jpeg

Мұражайдың ішкі орналасу тәртібі биік эстетикалық талғамқа сүйене отырып жасалған. 

4ddca3ffae90232171deadb2c583ee83.JPG

Болашақта Орта Азиядағы ең биік ғимарат болар «Абу Даби Плаза» ғимаратының үлгісі.

Мұражай мекен-жайы: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы 52. Дүйсенбі күннен басқа, күнделікті түрде 10.00-18.00 сағат аралығында жұмыс жасайды.

Демченко Алена



Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?