Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстанның ежелгі халқын Павлодар студенттері зерттейді

1041
Павлодар студенттері Қазақстанның ежелгі халқын зерттейді. Біздің ата-бабамыздың өңі қандай болған, қандай сырқаттарға шалдыққан және неден қайтыс болған – осы сұрақтарға жауап беруге уеде береді.

Қазақстанның ежелгі халқы немен және қалай өмір сүрді деген сұраққа, Павлодар педагогикалық институты базасында құрылған, физикалық антропологияның халықаралық зертханасының мамандарымен анықтау жұмыстары алда тұр, деп хабарлайды Tengrinews.kz, Павлодар педагогикалық институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

photo_13017.jpg
Ғылыми қызметкер А.Н.Ткаченко. Бас сүйегін қалпына келтіру

Оқу орнының баспасөз-қызметі хабарлағандай, Қазақстанның археологиялық ескерткіштерінен табылған антропологиялық заттарды зерттеудің басты бағыттары болып табылады. «Зертханалық зерттеулердің негізгі мақсаты – Қазақстанның ежелгі халқының антропологиялық реңкін зерттеу. Қазақстанның археологиялық ескерткіштерінен табылған антропологиялық заттарды жинау және зерттеу. Павлодар облысының аумағында табылған, қорымдардан ежелгі адамдардың сүйектеріне палеопатологиялық және краниологиялық талдау жүргізу, бас сүйегі бойынша бетіне пластикалық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу. Жұмыстардың маңызды бағыттарының бірі – антрополог-мамандарды әзірлеу, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту», - деп атап өтті ПМПИ баспасөз қызметі.

photo_13019.jpg
Зертхана меңгерушісі Е.П.Китов. Жұмыс үстінде

Айта кететін жайт, физикалық антропологияның халықаралық зертханасы ПМПИ археология-этнологиялық және палеонтологиялық зерттеулердің ғылыми-тәжірибелік орталығы базасында Мәскеудегі РҒА  И.Н.Миклухо-Маклай атындағы этнология және антропология институтымен бірлесіп құрылған.

Зертхана жұмыстарына мамандармен қатар ПМПИ филология және тарих факультетінің студенттері қатысады. Айта кететін жайт, Қазақстан халқының саны 17 миллион адамды құрайды.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?