Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ақордада «Қазақстан тарихы» порталының ашық тұсаукесері өтті

2142
Ақордада «Қазақстан тарихы» порталының ашық тұсаукесері өтті - e-history.kz
Интернетте http://e-history.kz мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазақстан тарихы» анықтамалық және ақпараттық білім беру порталы ел тарихы бойынша өзекті әрі сирек, кейде тіпті эксклюзивті ақпаратты..

Интернетте http://e-history.kz мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазақстан тарихы»  анықтамалық және ақпараттық  білім беру порталы ел тарихы бойынша өзекті әрі сирек, кейде тіпті эксклюзивті ақпаратты қабылдауға ыңғайлы да қызықты қарапайым мәтін, PDF, инфографика, фото, аудио және бейне  форматында ұсынады.

 Сайтта тарих, археология  мен этнография бойынша  монографиялар, диссертациялар мен рефераттар, ғылыми мақалалар  жинақтарымен, сондай ақ ГИС-технологиялар мен гендік сараптамалар сияқты қосымша пәндермен тұрақты толықтырылып тұратын кітапханалық бөлім бар.

Әрбір тіркелген пайдаланушы өз мақаласын порталда орналастыру үшін оны портал редакциялық алқасының  қарауына ұсына алады. Ал «e-history.kz» электрондық журналы» бөлімінде жарияланған  еңбектер ғылыми танымал журналда жарияланған мақалалармен теңестіріледі, сонысымен елдегі ЖОО магистрант студенттерін магистр немесе  Ph.D дәрежесін алуға бір табан жақындатады. 

Интерактивті материалдар бөлімі  тарихи мәселелер бойынша пікірсайыстар, брифингтер мәтіндері және әрқайсысында мультимедиялық ролик, мәтіндік материал, бірнеше тапсырма мен интерактивті тесті бар нақты ғылымдардың көптеген сандық білім беру қорынан тұрады. Сонымен қатар мұнда сұрақтары мен жауаптары өткен жылдардағы ҰБТ бағдарламасынан алынған Қазақстан тарихы бойынша сынамалық тестілеуден өтуге болады.

«Тарихи білім» бөлімінде  балалар, оқушылар мен студенттер үшін ҚР БҒМ ұсынған оқулықтар мен кітаптар, сондай-ақ оқытушылар үшін  оқыту-әдістемелік әдебиеттер (барлығы PDF-форматта) салынған.

«Қазақстан тарихы» атты интернет-порталын «Самұрық -Қазына» АҚ және  ҚР Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен Рухани бірлік қорының тапсырысы бойынша  kaznetmedia.kz компаниясы 


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?