Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Өтүкенде қағанға арналған кешен табылды

2443
Өтүкенде қағанға арналған кешен табылды - e-history.kz
Халықаралық Түркі академиясы ғалымдары түркінің ежелгі мекендерінің бірі саналатын Моңғолия жерінде жүргізіп жатқан археологиялық қазба жұмыстары барысында тағы да олжалы болды

«Тағы да» дейтін себебіміз, Академия ғалымдары былтыр Керулен өзені аңғарындағы қазба жұмыстары кезінде түркі дәуіріне тән ғұрыптық кешендерді ашқан еді. Биыл «Номгон-2» ғұрыптық кешенінен бірқатар жәдігер тауып отыр.

Абданын еркелеткен арыстан

Жалпы, соңғы 5 жылда TWESCO түрлі елдердің ғылыми орталықтарымен ты­ғыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді. Ұйым әріптестік орнат­­қан құры­лым­дардың ара­сында Моң­ғо­лия­­ның ғы­лы­ми мекемелері де бар. «Номгон-2019» ғылыми экспедиция­сын Академия Моңғо­лия­ның Тарих, археология институтымен бірлесе ұйымдастырды. Сөйтіп, халықаралық экспедиция ғалымдары Моңғолияның Архангай аймағындағы «Ном­гон» деп аталатын жазық дала­­да археологиялық зерттеу жұмыс­та­рын бастады. Бұл алқап­та көне түркі дәуірінің онда­ған ғұрыптық кешендері бар. Олар Білге қаған мен Күлтегінге арналған әйгілі кешендерден 80 шақырым ғана жерде орналасқан. Бір сөзбен айтқанда, түркі халықтары тарихында айрықша орны бар өңірде жатыр.

Жақында бірлескен экспедиция барысында «Номгон-2» кеше­нінен қос абда­нын еркелетіп тұрған арыстанның тас мүсіні, ұңғылы текше тас, барық (үй) құры­­лысының керамикалық әшекей­лері табылды. Сонымен қа­­тар кешендегі балбал тас­тар­­­дан қаған әулетіне тиесі­лі «Ашина» таңбалары мен өзге де арте­фак­тілер шыққан. TWESCO президенті Дархан Қыдырәлі өзінің Facebook-тегі парақшасында аталған кешен­де бұрын-соңды архео­ло­гия­лық қазба жұмыстары жүр­гі­зіл­мегенін жазды. Сонымен қатар, ол кешеннің қаған әулетіне тиесілі екендігін атап өткен. «Халықаралық Түркі ака­де­мия­сы­ның Моңғолия Тарих, археология институтымен бірлескен «Номгон-2019» экспедициясы алғашқы археологиялық қазба зерт­теулерін табыс­ты бастады.

Моңғолияның Архангай айма­­ғын­­дағы «Номгон» деп аталатын бұл жа­зық­та 10-нан астам көне түркі ғұ­рып­­­тық кешендері ор­наласқан. Бұл кешен­дер әйгілі Біл­ге қаған мен Күл­те­гін­ ке­шені­­нен 80 шақырым жерде орналасқан ерекше маңызды тарихи алқап. Айрықша айта кетер­лігі, бұл өңір­де бұрын-соңды қазба жұмыстары жүр­гі­зілме­ген. Академия қазған алғаш­қы «Номгон-2» кешенінен екі абда­ны (күшігі) еркелеп тұрған арыс­тан тас мүсін, ұңғылы текше тас, бар­ық (үй) құрылысының кера­ми­калық түрлі әшекейлері, балбал тастардан «Аши­на» қаған әулетінің таңбалары және басқа да артефактілер табылды. Қазба жұмыстарынан аңғарылғандай, мұның қаған кешені екеніне дау жоқ. Зерттеу жұмыстары жалғаса бере­ді» деп жазды Д. Қыдырәлі.

Ал түркиялық профессор Күршад Зорлу twitter-де «Сүйінші Көк­түріктер! Түркі академиясы Моң­ғо­лиядағы қазба жұмыстары кезінде Білге қаған кешенінен 80 шақырым ғана жерден Қағанға тие­сілі болуы мүм­кін кешен тапты. Артефактілерде Түр­кі қаған­да­рының «Ашина» таңба­­лары бар екен, олардың саны қазба жұ­мыстары жасалған сайын арта тү­су­де» – депті. Сонымен қатар Түркия, Әзербайжан және өзге де түркі тілдес мемлекеттердің ға­лымдары TWESCO тапқан жә­ді­гер­лерді жоғары бағалап отыр.

Қай дәуірдің мұрасы?

Ғалымдар «Номгон-2» ғұ­рып­­тық кешенін VI-VIII ға­сыр­­лардың мұрасы ретінде бірауыздан мойын­­даған. Ол кезде Ұлы Дала­ның төсінде Түркі қағандығы күн­дей күркіреп тұр­ға­ны тарихтан бел­гілі. Ал кешен түркі кезеңіне жататын, тарихи құндылығы жоғары бірегей ескерткіш. Түрлі ғұ­рып­тық рәсімдерге арналған кешен Архангай аймағы, Хашат сұмы­нына қарасты аумақта орна­лас­қан. Көне мұра сақталған алқаптың солтүстігін Көгне Тарны тауы, Оңтүстігінде Үлкен Ном­гон, солтүстік-батысын Кіші Ном­гон таулары айнала қоршап жатыр.

Қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан кешеннің ұзындығы – 60 метр, ені 40 метр. Ғұрыптық кешеннің құрамында қошқар, қой, арыстан тас мүсіндері сақ­тал­­ған. Батыстан шығысқа қарай сопақша болып созылып орна­лас­қан кешеннің жан-жағына ор қазып, топы­рақ­тарын үйінді етіп қамал жаса­ған. Сонымен қатар кешен құрамында кезінде қақпасы бар және төбесі жабық ғимарат бол­ған­дығы әр жерде шашылып жатқан кірпіш сынықтары мен қыш жабындыларының қал­дық­та­рынан байқалады. Кешен­нің батыс жағында ортасында ойығы бар төрт бұ­рыш­ты үлкен тас альтар бар. Ғұ­рыптық кешеннің сыртын айнал­дыра көк түсті гранит тастан жасалған балбалдармен қоршаған. Әзірге жердің бетінде жатқан бал­бал­­дардың саны оннан асады. Ал кешеннің алдында шы­ғысқа қарай 40-тан астам бал­балдар тізбегі орна­ласқан. Барлық балбалдар құла­ған. Кейбір балбалдар жерге көміліп, шеті ғана көрініп жатыр. Осы балбалдардың екеуінде «тау­теке» («Ашина» қаған әулеті) таң­ба­сы бейнеленеген.

Жалпы «Номгон-2» ғұрыптық кешені өзінің бітім-болмысы жа­ғынан Білге қаған, Күлтегін кешендеріне ұқсас келе­ді. Онда тас мүсіндер ортасында ұң­ғы­сы бар текшетас, арыстан, қош­қар бейнелі тасмүсіндер және өзге де жә­ді­гер­лер кездеседі. Әрі қағандарға арнал­ған кешендердің арасы алыс емес. Мұның өзі Білге қаған мен Күлтегін кешендері орналасқан өңірде құпиясын ішіне бүккен, бабалар тарихынан сырт шертетін әлі талай мұра жатуы мүмкін екенін аңғартады. «Номгон-2» солардың бірі ғана.

Тұлғасын таутеке бейнелеген...

Сөз басында «Номгон-2» кешенінен арыстан мүсіні мен «Ашина» таңбасы шыққанын айттық. Бұлардың екеуі де қа­ған­дар әулетіне ғана тән белгі­лер, қастерлі символдар. Бәлкім «Жоғарыда Көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасын­да кісі баласы жаралған. Кісі баласының үстінен менің үлкен бабам Бумын, Естеміс қаған отырған. Бұлар қаған отырып, дүниенің төрт бұрышын алған» деп шартарапқа әмір жүргіз­генін мақтана айт­қан түркілер қағандарын тек аң пат­шасының бейнесі ғана сипат­тайды деді ме, әйтеуір түркі кешендерінде арыстан мүсіні кездесіп қалады. Мағжан ақынның «Арыстандай айбатты...» дейтіні де сол мінезден шығар, кім білсін?! TWESCO жүргізген археологиялық қазба жұмыстары барысында қос абданын еркелетіп тұрған арыстанның мүсіні былтыр да табылған. Бірақ ол Моңғолиядағы «Шивээт улаан» кешенінен шыққан еді. Ал биылғы олжа «Номгон-2» ғұрып­тық кешенінен табылды. Тас мүсінде екі абданы бауырына жабы­сып, еркелеп тұрған аталық арыс­тан бейнеленген.

Арыстан екі құлағын артқа қарай жымитып жүрелеп отырған қал­пында сомдалған. Арандай ашқан ауызынан салақтаған тілі мен ақсиған тістері анық көрі­неді. Желмен тербелген үш бұ­­рышты сақалы алқымынан кеу­де­­сіне төселген. Көздері бейне бір қорқыныш туғы­зардай ша­ра­­сынан шыға бейнеленген. Бауы­­рындағы аланның құлағы, көзі, жалы, құйрығы бәрі анық бейне­ленген. Мү­сінге зер салып қарайтын болсақ, аузын
аран­­дай ашып, тістерін ақсита айбат ше­гіп тұрған арыстан бейнесі, қан­дай да бір дүниені (затты) қорғап тұрғанын анық байқауға бола­ды. Арыстанды бейне­леуде шебер монументалды мүсіндеу өнерін биік шыңына жеткізе орындаған.

Әдетте, Шығыс пен Батыс елдері дүниетанымында арыс­тан «айбатты, құдіретті, күшті, мықты, қорқынышты» семантикасымен қатар зұлым күштерден, жамандықтан сақтап қорғаушы ретінде қастерлі саналды. Көш­пе­лілерде арыстан бейнесі би­лік­тегі тұлғалардың құ­ді­ретінің, айбарының белгісі болып есептелген. Түркі дәуірінде арыстан бей­несі қағандардың ғұрыптық ке­шен­дерінде ғана кездесетінін айтады ға­лым­дар. Демек арыстан бейнелеудің, оны мүсіндеудің қағандық билік иеле­рі­не ғана тән ырым-жосындық мәні бар-ау деп топшылаймыз. «Номгон-2» кеше­нінде қазба жұмыстары биыл ғана бастал­ға­нын ескерсек, кешеннен әлі де түрлі жәдігерлер шығуы мүм­кін. Ал әзірге TWESCO жүргіз­ген археологиялық қазба жұ­мыстары барысында қаған­ның құдіретін білдіретін арыс­тан мүсіндері сөз басында айт­қа­нымыздай «Шивээт улаан» ке­шенінен табылған еді. Онда әу баста 8 арыстан болыпты, бірақ біреуін ертеректе өлкетанушылар жергілікті музейге алып кетсе керек. Қазір кешенде арыстанның жеті мүсіні сақталған.

Тағы бір атап өтер жайт, «Номгон-2» кешенінен Ашина әу­летінің таңбасы бейнеленген балбал тастар табылды. Әдет­те қағандар тек Ашина әу­ле­­тінен ғана шығады, ал олар­дың таңбалары ретінде таутеке бейнесі таңдалыпты. Құзар шың­ның басын ғана мекен қыла­тын таутекені Ұлы Дала халықтары ежелден айрықша қас­тер­лесе керек. Археологиялық жәдігерлерде таутеке бейнесі кез­десіп тұрады. Сол тау­те­кені түркілер қағандардың таңбасы деп бағалапты. Ғалымдардың сөзіне қара­ған­да, байырғы көш­пен­ділер таутекені Тәңіріге жақын, «тәңір мекенінде» өмір сүрушілер деп есептеген көрі­не­ді. Сондықтан да таутеке бейнесі көк аспанмен (Тәңірмен) байла­ныс­тырылған. Тәңірлік сенімнің ғұрыптық кешен­де­рі­нің үздік үлгі­сі саналатын «Шивээт-улаан» кешеніндегі арыстан бей­не­сіндегі 7 мүсінінің екеуінің жам­басында және «Мәңгі таста» таутеке «Ашина» таң­ба­­лары қашалған. Белгілі түрколог В.Радлов Күлтегін мен Білге қаған ескерт­­кіштерінде кездесетін таутеке (Аши­на) белгісін де «Қаған таңбасы» деп тұ­жы­­рымдаған. Демек Халықаралық Түр­кі академиясы қазба жұмыстарын бас­таған «Номгон-2» кешені түркология ғы­лымына тың жаңа­лықтар әкелуі бек мүмкін. Был­тыр ғана Шыңғыс хан­ның туған жері Керулен-Кентай өлкесінде археологиялық қазба жұ­мыс­та­рын жүргізген TWESCO ғалымдары ғылымдағы жаңсақ түсінікті жоққа шы­ғар­ған болатын. «Ғұндар мен түркілер Моңғолияның солтүстік-шығыс өңірлерін мекен етпеген» дейтін уәж айтатындарға Керулен өзені алқабындағы «Хаяхудаг» және «Гүнбүрд» ғұрыптық кешен­дерінде жүргізілген қазба жұмыстары нақты дәлел көр­се­тіп, аталған атырапты да түркі қағандары мекен қылғанын айғақ­тап еді. Биылғы жаңалық та түркологияға қатысты сондай тың айғақтар келтіруі бек мүмкін.

Нәпіл БАЗЫЛХАН, түрколог

Нұрболат БӨГЕНБАЕВ, PhD доктор, түрколог

Egemen Qazaqstan

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?