Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Дүниежүзілік қазақ тілі күнін өткізуге бола ма?

1297
Дүниежүзілік қазақ тілі күнін өткізуге бола ма? - e-history.kz
Астанадағы Укриана Елшілігінде ерекше оқиға орын алды. Украин жазуы мен тілі күні құрметіне бүкілукраиндық диктант өтіп, бұл шараға ниет білдірушілердің бәрі де қатыса алды

Украин радиосы жұртшылықты осы науқанға қатысуға шақырды, бұдан елшілік қызметкерлері де тыс қалмай, осы бастаманы қолдады. Украинаның Қазақстандағы Елшісі Володымыр Джиджора NDH интернет-порталына осы іс-шара туралы әңгімелеп берді де, Дүниежүзілік қазақ тілі күнін өткізуді ұсынды

- Бүгін елшілік қабырғасында ақпарат пен коммуникацияның заманауи құралдарын қолдану арқылы бүкілукраиндық диктант өтті. Оған қалай дайындалдыңыздар? Сол туралы айтып берсеңіз.

- Украинаның Қазақстандағы елшілігі жұмыс жасап келе жатқан кезден бергі ең алғашқы тәжірибе. Бұл күнді біз қағыс қалдыра алмадық, өйткені осы күні бұл мерекенің тойланып келе жатқанына жиырма жыл. Украин мәдениеті мен жазуының жиырма жылдығы. Жазудың негізін қалаушылардың бірі, ежелгі адам, Нестор-шежірешіге арналған күн, сондықтан да бұл оқиғаны айналып өте алмадық. Ал Қазақстандағы украиндықтарсыз, оқушыларсыз, украин тілін үйреніп, танып жүргендерсіз қандай мереке болмақ? Сондықтан бүгінгі шараға көңілім толды деп айта аламын. Қазақстанда жастардың, аға буынның украин тілін, әдебиетін мен тарихын үйреніп, білуге мүмкіндік жасалғандығы қуантады. Біз бұған көмектесіп, Қазақстан халықтарының бірлігін нығайтуға ат салысамыз.

- Бұл оқиғаның тарихы тереңде, сіздердің оны құрметтеп, естеріңізде сақтап жүргендеріңіз өте құптарлық. Бүгінгі диктантқа балалармен қатар үлкендер де қатысып отыр ма?

- Иә, бұлар Астана қаласындағы №47 мектеп-гимназияның мұғалімдері, Астананың украин қоғамдық ұйымдарының өкілдері. Астанадан басқа, бүгінгі диктантқа Қарағанды мен Павлодар қалаларының қосылғанын нақты білеміз. Бұл іс-шараны украин қоғамдық ұйымдары бар Қазақстанның басқа қалаларында да қолдады деген сенімдеміз.

- Диктантты кім ұйымдастырып, жүргізді?

- Бұл диктанттың авторы – Гринченко атындағы Киев университетінің доценті Александр Авраменко. Ол Киевтен. Диктант бүкіл әлем бойынша өткізіледі. Биыл Украин радиосы осындай әдемі идеяны бүкіл әлемге таратуға көмек сұрап біздің Сыртқы істер министрлігіне жүгініпті. Бүкіл әлем бойынша елшілік те, консулдық та, бас консулдықтар да украиндықтарды және украин тілін, мәдениеті мен тарихын үйренушілерді осы мерекге қосылуға шақырды. Сондықтан да мен бүкіл әлемге, бізді қолдаған баршаға алғысымды білдіремін. Диктант бүгін бүкіл әлемде Украин радиосы негізінде онлайн өтті.

 

- Біз бұндай бастамаға, елшіліктің Қазақстанда, Астанада осы шараны қолдап, өткізгеніне қуаныштымыз. Елорда балаларының да осы іс-шараға қатысқаны көңілге қуаныш ұялатады.  

- Осы іс-шара Қазақстан үшін Дүниежүзілік қазақ тілі күнін өткізуге жақсы үлгі болады деп үміттенеміз.

Тодераш Ольга Евгеньевна, №47 мектеп-гимназия директоры, осы диктантқа қатысушылардың бірі. Ол өз әсерімен бөлісті.

- Осы диктанттың мақсаты?

- Оқушылардың және жалпы барлық адамдардың украин тіліне, оны үйренуге деген қызығушылығын арттыру. 

- Ольга Евгеньевна, Қазақстандағы Украина елшілігі ғимаратында өтіп жатқан бүгінгі диктант туралы не дейсіз?

- Бүгін балалар украин тілі мен жазуына арналған радио-диктант жазды. Біздің мектеп-гимназия украин тілін оқитындықтан, біз, әрине, бұл диктантқа қатыстық.

- Бүгін не жаздыңыздар? Қандай шығарма?

- Бүгін украин музыкасы туралы жаздық. Украин халқы сазды түйсіну қабылетімен, тамаша ән салуымен белгілі. Әдемі, сазды әндері өте көп. Осы әндер, оларды жазған адамдар туралы жаздық. «Почему ж я не сокол, почему не летаю?» өлеңінің танымал жолдарымен тіпті ғарышқа да ұшқан.

- Сіз осындай іс-шараларға қаншалықты жиі қатысасыз?

- Украин елшілігі өткізетін барлық іс-шараларға қатысуға тырысамыз.

- Бұл диктан қанша жылдан бері өткізіліп келеді?

- Диктант бұрын бері өткізіліп келеді. Бұрын біз оны өзімізде жазатынбыз, ал елшілік қабырғасында тұңғыш рет жазып отырмыз.

- Балалар қандай нәтиже көрсетті?

- Балалар әртүрлі болғандықтан, нәтижелері де әртүрлі, бірақ, жалпы алғанда жаман емес! Біздің мектепте жиырмадан астам ұлт өкілдерінің балалары оқиды, ұлттық құрам әртүрлі. Балалардың өзге тілде жаза алуының өзі жақсы көрсеткіш, тілге деген қызығушылық әрқашан қошеметтеледі.

- Сонда жиырмадан астам ұлт өкілдерінің балалары сіздерде украин тілін оқып, диктант жазады ма?

- Ия, өйткені гимназия 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Біз – кешенбіз, украин тілін оқитын балабақша тобымыз бар. Бізге қонаққа келіңіздер.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?