«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Наурыз – көктемнің, жаңа өмірдің бастауы

489
Наурыз – көктемнің, жаңа өмірдің бастауы
Наурыз – көктемнің, жаңа өмірдің бастауы мен табиғаттың жандануының мерекесі. Ұзаққа созылған қыстан кейін адамдар көктемді, онымен бірге Жаңа жылдың басы саналатын Наурызды да сағына күтеді

2009 жылғы 30 қыркүйектен бастап Наурыз ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес құндылықтары тізіміне енгізілді. Осы уақыттан бастап 21 наурыз – Халықаралық Наурыз күні болып жарияланды. Наурызды тек түркі халықтары ғана емес, сонымен қатар Шығыс Түркістаннан Балқанға дейінгі жерді мекендейтін халықтар да тойлайды. Наурызды Ауғанстан мен Иранды қосқанда көптеген араб және түркі халықтары тойлайды. Мерекені тойлау кезінде әр халықтың дәстүріне сай тойлау ерекшеліктері бар. Наурызды Әзірбайжанда қалай тойлайтыны туралы Qazaqstan Tarihy порталына әзірбайжандық ақпараттық-сараптамалық «Yenicag.Ru - Новая Эпоха» онлайн газетінің редакторы Рустам Гасымов әңгімелеп берді.

- Сәлеметсіз бе, Рустам, Сізді Новруз мереесімен құттықтаймын! Мерекеде не істейтіндеріңіз туралы айтып беріңізші?

- Құттықтауыңызға рахмет, Арман! Зор ықыласпен айтып беремін. Біріншіден, біз дәстүр бойынша Агстафин ауданындғы ауылымыз Кохнягышлагқа барамыз. Халқымыздың салт-дәстүрі ауылда жақсы сақталғаны белгілі ғой, ол жерде мүлде басқа атмосфера сезіледі. Новруз - Әзірбайжандағы сүйікті мерекелердің бірі, оны еңбектегн баладан бастап, еңкейген қартқа дейін асыға күтеді. әзірбайжандағы Новруз – бұл жердің, табиғаттың жандануының, адами тазалықтың, теңдіктің, махаббат пен достықтың мерекесі. Оған дайындық тұтас рәсімнен тұрады.

- Өте қызық! Бұл туралы толығырақ білгіміз келеді. Мысалы, мерекеге дайындықты қай кезде бастайсыздар?

- Шынында да, мерекеге дайындық ерте басталады. «Сямяни» деген символ бар – бұл шұрайлылық пен жаңа  өмірдің символы, адамдар бидай дәнін өсіріп, жаңа шыққан өскінді қызыл жіппен байлайды (қызыл түс жын-шайтаннан қорғайды). Сямяни табиғаттың жандануының символы, ал одан дайындалған халуадан, Қырғызстан мен Өзбекстанда әзірленетін сумалякқа ұқсайды, міндетті түрде жеті отбасыға дәм татқызу керек. Сямяни Наурыз кезіндегі біздің дастарханымыз бен үйіміздің сәні ғана емес, оның мәні тереңде жатр. Бұл – шұрайлылықтың символы. Ертеректе бидайдың жаңа шққан өскініне қарап, астықтың қандай болатынын  болжаған. Егер сямяни жақсы, бітік шығып, биікке бой созса, онда астық мол болады. Сонымен қоса, сямяни қайырымдылық пен нәзіктіктің де символы, ол өзіне ерекше күтімді талап етеді. Мереке аяқталғаннан кейін сямяниді лақтырып тастауға болмайды. 13-ші күні оны ағын суға қояды. Қазір сямяниді кез-келген дүкеннен сатып алуға болады, алайда, әжелер дәстүр бойынша үйде өздері өсіреді. Ежелде Новрузды тойлау кезінде шаруалар келер жылдың қандай – шұрайлы, құрғақ әлде жаңбырлы болатынын болжаған. Дәстүр бойынша, Новруздың бірінші күні – көктем болып саналады, екінші күні – жаз, үшінші күні – күз, төртінші күні – қыс. Егер бірінші күні ауа-райы ашық, жауын-шашынсыз болса, жел болмаса, демек жыл сәтті, шұрайлы болмақ. Егер де қатты жел тұрып, жаңбыр жауса, онда көктем құбылмалы болады деп болжанған.

- Менің білуімше, Әзірбайжанда төрт мерекелік сейсенбі бар. Бұл дәстүр қайдан бастау алады, неге дүйсенбі емес, сейсенбі?

- Шынында да, Арман, Новруздың алдында мерекелік төрт сейсенбі  бар - «чершенбе ахшамы» немесе жай ғана «чершенбе». Өйткені, Новруздың пайда болу тарихының тамыры ғасырлар қойнауына кетеді. Новруз туралы жазба зороастрилықтардың қасиетті жазбасы Авестада кездеседі, онда ол Үміт күні деп аталады. Зороастризмнің негізін қалаушы Заратуштра күнтізбе жасаған, ол бойынша Жаңа жыл дәл осы сейсенбіден басталған. Сондықтан да біздің ата-бабаларымыз сонау ерте замандардан бері мерекені дәл осы сейсенбіден бастап тойлаған. Әр сейсенбі қасиетті стихияларға сәйкес келген: Су - су, Од - от, Йель - ауа, Торпаг – топырақ/жер немесе Ахыр (Илахыр) чершенбе (мереке алдындағы соңғы сейсенбі). Бірінші сейсенбіде су мен су көздері қозғалысқа келіп, қар мен мұз ери бастайды. Екінші сейсенбіде - от, үшіншіде – жел, төртіншіде – топырақ, жер жанданады. Мерекелік сейсенбілер әртүрлі атап өтілген. Мысалы, бірінші сейсенбіде қыздар әдетте бұлаққа барып, оның суын әкеліп, аулаға шашқан. Өтіп бара жатқан жылдың соңғы күні ұйықтар алдында бір-бірінің үстіне су құйған, ырым бойынша су күнәні, жаман энергияны, жалпы барлық жамандықты шайып кетеді. «Илахыр чершенбенің» ерекше рәсімі – бал ашу, наным-енім бойнша бұл күні адамды болашақта не күтіп тұрғанын білуге болады. Новрузда қыздар болашақ жарларына бал ашқанды жақсы көрген. Әжемнің айтуынша, неке жүзігімен бал ашу  ең сүйікті тәсіл болған. әпке-сіңлілерімен бірге бір тал шашқа сақинаны байлап, оны стақанның ішіне түсірген, сақина шайқалып, неше рет стақанның қабырғасна соғылса, сол жаста қыз тұрмысқа шығады деген наным болған. Бірақ, бұл көбіне көңіл көтеру ғана болған. Осылайша, Әзірбайжанда Новрузды тойлау ол келгенге дейін бір ай бұрын басталады.

- Новруз – бұл отбасы мерекесі. Осыған байланысты қандай әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер бар?

- Мереке күні отбасының барлық мүшелері үйде жиналулары керек, өйткені, егер Новрузды тойлаған күні үйде болмасаң, онда жеті жыл үйдің бетін көрмейсің деген сенім бар. Сондықтан да, тағдыр адамды қайда айдап апармаса да, осы бір керемет күнді біз отбасында қарсы алуға тырысамыз, өйткені, біз, әзірбайжандықтар үшін, отбасы – қасиетті ұғым. Тағы да айта кетерлігі, мерекенің бірінші күні есікке құлып салынбай, түні бойы жарық жанып тұруы керек. Бұл – аман-саулықтың белгісі, ешбір жағдайда да жарықты өшіруге болмайды, бұл – бақытсыздықтың белгісі. Мереке күндері балалардың ең сүйікті ермегі – оттан секіру. Басқа түркі халықтары ияқты Әзірбайжанда да отқа деген көзқрас ерекше, ол жын-шайтаннан қорғайды деп сенгендіктен, балалар да, үлкендер де «Менің тақыметім саған, ал сенің қуанышың маған» деген сөздерді айтып, оттан секіріп өтуге тырысады. Дәстүрге сәйкес, от адамның барлық күнәсін өртеп, адам жаңа жылды таза парақтан бастайды. Отты сумен өшірмейді, ол өзі өшуі керек, ал күлін үйден аулаққа апарып төгеді. Күлде сәтсіздіктер, оттан секіріп өткендердің күнәлері қалады, сондықтан да оны отбасы ошағынан алысқа апарып лақтыру керек.

- Мен әзірбайжандық қонақжайлықпен таныспын, ол туралы, достарыма, таныстарыма айтып жүремін.

- Әзірбайжандықтар үшін қонақ – тағдырдың сыйы. Мереке күндері әдтте үйдің кіре беріс есігі құлыпталмайды. Бұл отбасының келген қонақты қуана қарсы алатынын көрсетеді. Дәстүр бойынша біз туыстарымызды, танстармызды аралаймыз, ал балалар үшін табалдырыққа мерекелік сыйлыққа арналған бас киім немесе қалта қалдырады, бұл рәсім «папаг атма» деп аталады. Әлі есімде, іші тәттіге лық тол бас киімді әкеліп, өзіміз үшін қай отбасының пісірмесі ең дәмді екенін анықтап, достарымызға бас киімді кімнің табалдырығына қалдыру керектігіне де кеңес беретінбіз. Бұл дәстүр қазір де сақталған, ол қолыңда бармен бөлісуге, бір-біріңе қамқор болуға, қайырымдылық пен түсіністікке тәрбиелейді. Новруз мейрамы кезінде бұрын араздасқандар татуласады. Сонымен қатар, үйлену тойы дәстүрінде де көрінеді. Әзірбайжанда Новруз алдында жігіт жағы қалыңдықтың үйіне ерекше хонча апарады, соның саны бойынша отбасының әлеуметтік жағдайы анықталады. Хонча – бұл әртүрлі сый-сияпат – тәттілер, алтын мен күміс бұйымдары, мата және басқалары. Қалыңдықтың отбасы да жігіттің үйіне сәйкесінше сый-сияпат жасайды.

- Мерекелік ғұрыптарда қандай да бір басым түстер бар ма?

- Иә, әрине. Мерекелік ғұрыптарда ежелден адамдар қызыл түсті пайдаланған. Түркі халықтарында жасыл түс те қызыл түс те үлкен рөл атқарады. Сондықтан да үйлену тойы мен құдалықта қызыл лента қолданылады, сонымен қатар малдың мүйізі мен сямяниді де жын-шайтаннан қорғап, байлаған. Үйлену тойына деп бөлінген малға да қызыл жіп байланады.

Оның үстіне, Новрузда мал союға болмайды, өйткені көктем жан-жануардың көбейетін уақыты.

- Рустам, мейрам кезінде Әзірбайжанда қандай жарыстар ұйымдастырылады?

– Новруздағы ең қызық жарыс – ат жарысы Човган, қазақтың ұлттық ойыны «көкпар» сияқты, бірақ ережелері конное поло сияқты. Човган данышпан Низамидің шығармаларында да кездеседі. Бұл ойынды тамашалауға Гдабек ауданының Мискинли ауылына барғанымыз есімде, бұл жерде қазір «Яйлаг» Ұлтты фестивалі өткізіледі. Бұдан бақа, қораздар мен иттер сайысы өткізілді, пехливандар, арқанда жүретіндер, акробаттар өнер көрсетеді. Новрузда қыстың аластатылуы мен көктемнің келуін көрсететін театрландырылған «Кос-кеса» көрсетілімі де өткізіледі. Мерекеге арнайы боялған жұмыртқалармен болатын сайыс та, әсіресе, балалардың ерекше қызығушылығын тудырады.

- Новруздағы ас мәзірін атап өтпеу, меніңше үлкен қателік болар. Әзірбайжанның ас мәзірі бүкіл әлемге белгілі. Ал, Новруз ас мәзірінде қандай да бір құпияларыңыз бар шығар?

- Дәл солай! Мерекелік дастарханның басты асы – ет пен түрлі кептірілген жемістерден, ақ күріш пен ашкара қосып, міндетті түрде сары майда дайындалған Шах-палау. Мереке алдында әжелеріміз, аналарымыз бен тәтелеріміз жиналып дәстүрлі әзірбайжандық тәттілер (шекербура, пахлава, шор гогал), кептірілген жемістер, жаңа өмірдің басталуын көрсететін боялған жұмыртқа салынған үлкен табақ әзірлейді. Ортасына сямяни қойылады. Осылайша, мерекелік хонча жасалады. Ал бұл тәттілердің әзірленуі өз алдына бір рәсім. Қазір бұл тәттілердің бәрін сатып алуға болады, алайда, үйде дайындалған пісірме әлдеқайда дәмді – бұл мүлде басқа пәлсапа. Новруз мерамын тойлауда жалпы ережелер мен әдет-ғұрыптардың барлығына қарамастан, әр өңірдің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, кейбір аудандарда мерекелік асқа «с» әрпінен басталатын жеті тағам енуі керек.

Ежелгі дереккөздерге сәйкес, бұған сумах – дәмдеуіш, сирке – сірке суы, сенджид – шырғанақ, сиб – алма, сямяни - өнген бидай дәні, сабзи – көкшөп кіреді. Сикке – дәстүр бойынша тағамға алтын тиын салады. өйткені, әр элементтің өзіндік логикалық түсініктемесі бар. Шығыс әдебие інде сірке суы даналықтың, төзімділік пен шыдамдылықтың символы саналады. Ол түрлі тағамның жарамдылық мерзімі мен сақталуын арттыру үшін пайдаланылады. Алма ағашын ежелгі халықтар шұрайлылық пен байлықтың, Жер-Ананың, өмірдің жандануының символы санаған. Ал алма – сұлулық пен денсаулықтың символы. Сямяниден жасалған халуа - байлық пен құнарлылықтың белгісі. Сондықтан да, бұл жерде бәрі бір-брімен байланысты. Бірақ, ең бастысы дастарханда тұзды, ащы, қышқыл тағам болмауы керек. Кейде дастарханға денсаулық символы саналатын сарымсақты да қояды.

- Әңгімеңізге көп рахмет, Рустам! Бауырлас әзірбайжан халқын осы бір көптен күткен мерекемен құттықтаймыз! Үйлеріңізде әрқашанда бейбітшілік, денсаулық, қуаныш пен мереке болсын!

- Жылы лебізіңізге рахмет, Арман! Мерекелік дастарханның басты ерекшелігі – мерекеде отбасының барлық мүшелерінің болуы, ал, қазақтар, әзірбайжандар – бір түрік әулетінің балалары! Сонмен қатар Qazaqstan Tarihy порталының оқырмандарын да мерекемен құттықтаймын, ата-бабамыздан қалған дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды ұмытпай, көктемнің осы тамаша мерекесін қарсы алыңыздар!