Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Tүркі академиясындағы Тәуелсіздік күні

1512
 Tүркі академиясындағы Тәуелсіздік күні - e-history.kz
Бүгін Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдау шарасын ұйымдастырды.

    Сонымен қатар,  шара барысында  Халықаралық  Түркі академиясына  бақылаушы мәртебесін алуына  байланысты ұйымға аталған елдің Мажарастанның  мемлекеттік туы  табыс етілді.

Салтанатты шараға  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің  орынбасары Ержан Ашықбаев, Әзербайжан Республикасының елшісі Рашад Маммадов, Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Андраш Барани, Моңғолияның елшісі Лувсан Баттулга, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык, Өзбекстан Республикасының елшісі Саидикрам Ниязходжаев, Түркменстанның әскери атташесі Ягмыров Анымурад,  ғалымдар мен түркологтар, БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты шарада  сөйлеген сөзінде  ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев: «Халықаралық Түркі академиясы Елбасының бастамасымен  сегіз жыл бұрын құрылған болатын. Бүгінде бұл құрылым түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеу  саласындағы айтулы жетістіктерінің  арқасныда халықаралық деңгейде танымал ғылыми-интеллектуалды орталыққа айналып отыр. Академия  көне  дәуірден бүгінге дейін  түркі әлемінің тарихы,  тілі мен әдебиетін, мәдениетін зерттеу, түркі мемлекеттерінің әлемдік өркениеттегі орны мен ерекше  үлесін, тьөлтума деректер негізінде аша отырып, жалпы түркі әлеміне қатысты  ғылыми зерттеулерді  үйлестіре білген бірегей орталыққа айналуда. Акадамияның қолға алған жұмысы  өз құндылығын  тек ғылыми тұрғыда ғана растап қоймай,  түркі елдерінің интегарциясы мен өзара ықпалдастығына зор үлес қосып отырғанын айта кету керек» деді.

Академия  президенті Дархан Қыдырәлі  TWESCO-ға құрылтайшы мемлекеттердің  Ұлттық күндерін өткізу  ұйымда  дәстүрге айналғанын, бүгінгі шараның Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналғанын атап өтті. 

«Біз  Академияның  құрылтайшы мемлекетерінің  ең басты мерекелерін атап өтуді дәстүрге айналдырған  болатынбыз.  Осыған орай  Қазақстанның ең басты мейрамы Тәуелсіздік күнін атап  өтудеміз.  Шын мәнінде Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз,  тәуелсіздік арқылы Қазақстан  әлемге танымал болды,. Осындай халықаралық ұйымдар дүниеге келді.  Елбасының бастамасымен  Астанада Халықаралық Түркі академиясының құрылуы да осы  тәуелсіздікпен тікелей байланысты. Сыртқы  саясаттағы жетістіктеріміз,  Түркі  әлеміндегі  ынтымақтастық, жақында  ғана  жарық көрген Елбасының  «Ұлы  даланы ңжеті қыры» атты  мақаласы да біздің өзара ынтымақтастығымызды арттыра  түседі ғой деген  ойдамыз» деді Дархан Қыдырәлі.

TWESCO басшысы өз сөзінде  Қазақстанның бастамасымен  құрылған  халықаралық ұйымдар да,  сыртқы саясаттағы жетістіктеріміз бен түркі интеграциясындағы табыстарымыз да Тәуелсіздіктің жемісі екенін атап өтті.  Сонымен қатар, Академия басшысы   ұйымға  Мажарстанның бақылаушы мәртебесін алуы  ұйымның  халықаралық сахнада таныла түскендігінің белгісі екендігін айтты.

Өз кезегінде  Мажарстанның  елшісі Андраш Барани: «Мажарстан түркі әлемі елдерімен достық байланыстарын үнемі жоғары бағалайды және мәпелейді. Соның ішінде, түркітілдес мемлекеттердің халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастыққа әрқашан да ерекше назар аударады. Оның белгісі - екі мың он төртінші жылдан бастап Мажарстан ТҮРКПА жұмысына бақылаушы ретінде қатысады.

Мен осы маңызы зор оқиғалар дәл менің Мажарстан Елшісі ретінде қызмет жасап жүргенім уақытына сәйкес келгеніне өте қуаныштымын. Қуанышым ерекше қуаныш, өйткені Түркі Академиясының төрт мүше-мемлекеті арасындағы екі мүше-мемлекетке аккредиттелген, ал осы жылдан бастап бір бақылаушы мемлекеттің Елшісімін. Бұл мен үшін зор құрмет» деді.

Жиын барысында Халықаралық Түркі академиясы түркі интегарциясы мен бауырлас елдердің  ақпараттық саладағы ынтымақтастығына  үлес қосып жүрген масс-медиа өкілдерін арнайы  Алғыс хатпен марапаттады.

 

 

 

 

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?