Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Рухани жаңғыру: тарихи сананы қалыптастыру

1064
Рухани жаңғыру: тарихи сананы қалыптастыру - e-history.kz

Сіздерді ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен өтетін «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТАРИХИ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ» атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырамыз.

Өтетін уақыты: 7 желтоқсан 2018 жыл, сағат 10.00.

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Ә.Бөкейхан көш., 1, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры.

Талқылауға арналған басты тақырыптар:

  • Қоғамдық сананы қалыптастырудағы тарих ғылымының атқаратын рөлі;
  • Қазақстанның тарих ғылымының тәуелсіздік жылдарындағы дамуы;
  • Ғылыми орталықтардың тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеу мен зерделеуге қосқан үлесі.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Автор мақаланы электронды нұсқада MS Office 2007 үлгісімен, Times New Roman қарпімен, қаріп өлшемі – 14, жол аралығы – 1, жиектері – 2 см рәсімдейді.

Мақаланың рәсімделуі төменде келтірілген ғылыми стандартқа толық сәйкес болуға тиіс:

  • көлемі – 0,5 б.т. кем емес (5-7 компьютерлік беттер);
  • бірінші беттің сол жақ үстінде ОӘЖ индексі көрсетіледі;
  • бір жол төмен бас әріппен – мақаланың атауы;
  • келесі жолда оң жақтан – автордың тегі және инициалдары, жұмыс орны, қызметі, ғылыми атағы жазылады;
  • аннотация мақала мәтінінің тілінде;
  • кілтті сөздер;
  • екі аралықтан кейін мақала мәтіні басталады;
  • әдебиеттер тізімі 7.1-2003 мемлекет стандартына сәйкес;
  • түйін қазақ тіліндегі мәтіндерге – орыс және ағылшын, орыс тіліндегі мәтіндерге – мемлекеттік және ағылшын тілдерінде рәсімделеді (түйін автор туралы қысқаша ақпараттан басталады);
  • дерек көздеріне сілтеме қолдану ретіне қарай үзіндіден кейін тік жақшаға алынып беріледі (мысалы: [1, С. 28]);
  • мақала мәтіні мұқият тексеріліп түзетілген болуы керек.

Автор туралы қысқаша ақпарат: тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі, жұмыс орны, жұмыс және жеке байланыс телефондары, e-mail мақаламен бірге берілуге тиіс.

Мақалалар жоғарыда аталған барлық талаптарға сәйкес болған жағдайда ғана қарастыру үшін қабылданады.

Мақаланың мазмұнына автор(лар) жауап береді.

Ұйымдастыру алқасы қолжазбаны басып шығару немесе қайтарып тастау құқығына ие.

Конференцияға қатысуға ниет білдірген ғалымдар қатысуға өтінім мен мақаланы 2018 жылдың 30 қарашасына дейін ayga27@mail.ru электронды мекен-жайына жіберу керек. Жоғарыда аталған тармақтардың біреуі ескерілмеген болса, мақала басылымға қабылданбайды.

Конференцияға қатысу тегін. Конференция қорытындылары бойынша конференция материалдарын «Мемлекет тарихы. История государства» электронды журналында және Мемлекет тарихы институтының www.history-state.kz ресми сайтында жариялау көзделген.

Іссапар шығындары (жүру жолы, қону жайы, тамақтану) конференция қатысушыларының өз есебінен шығарылады.

Ұйымдастыру алқасының байланыстары: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14-кіреберіс, 11-қабат, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты.

Жұмыс тел.: +7 (7172) 74-10-45; 74-12-85; 70-83-18.

е-mail: ayga27@mail.ru

 

Құрметпен, Ұйымдастыру алқасы

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?