Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алаштың азапталған арулары

3808
Алаштың азапталған арулары - e-history.kz
Семейде АЛЖИР саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарының музейлік-мемориалдық кешенінің – «Алаштың азап тартқан арулары» көрмесі ашылды

Көрме Абай мемлекеттік музей-қорығында өтуде. Музейде АЛЖИР лагерінің 16 әйел-тұтқынының жеке заттары, мұрағаттық құжаттары мен фотосуреттері қойылған. Олар ұлы саяси және қоғам қайраткерлерінің әйелдері: Гүлжамал Майлина, Азиза Рысқұлова, Дәмеш Жүргенова, Зуфнин Нұрмақова, сонымен қатар кең танымал әнші Лидия Русланова, дыбыссыз кино актрисалары Рахиля Плисецкая, Лидия Френкель және тағы басқалары, олар лагерь өмірінің ауыр тауқыметіне қарамастан, өздерінің туғандары мен жақындарына адал болып қалды.

АЛЖИР саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарының музейлік-мемориалдық кешені ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша 2007 жылғы 31 мамырда ашылды. Музей қазіргі Ақмол ауылының аумағында – бұрынғы жер аударылғандардың 26-шы еңбек кентінің ІІХК Карлагтың  Ақмола арнайы бөлімшесінің, кейіннен Отанын сатқандардың әйелдерінің Ақмола лагері (АЛЖИР) аталған жерде орналасқан. Дәл осы жерде 1937 жылы «халық жауларының» әйелдеріне арналған лагерь ашылып, оған барлық Совет Одағынан еш жазығы жоқ әйелдер әкелінеді. Лагерьде 62 ұлттың әйелі өз мерзімдерін өтеген.

Мейрамгүл Қайрамбаева, Абай мемлекеттік музей-қорығы директорының орынбасары:

ІІХК (НКВД) өкімі бойынша 18 мыңнан астам әйел тұтқындалған, олардың 8 мыңнан астамы осында – АЛЖИР-де болған. Лагерьде белгілі жазушы Бейімбет Майлиннің жұбайы, Тұрар Рысқұловтың жары, оның анасы, белгілі жазушы Галина Серебрякова, танымал эстрада әншісі Лидия Русланова, әйгілі балерина Майя Плисецкаяның анасы 5 жылдан 8 жылға дейін жазалау мерзімдерін өтеген.

Естеріңізге сала кетсек, «Отанын сатқандардың әйелдерінің Ақмола лагері» – тоталитаризм дәуірінің ССРО аумағындағы әйелдерге арналған ең ірі лагерь. «АЛЖИР», Республикадан тыс аймақтарда да белгілі болды. Дәл осы лагерьге бүкіл Совет Одағынан отанын сатты деп айыпталғандардың жақындары болғаны үшін ғана жаза өтеуі тиіс, ешбір қылмыс жасамаған, ешбір кінәсі жоқ әйелдер жеткізілді.

Музейлік-мемориалдық кешен идеясының авторы – сәулетші әрі мүсінші Сәкен Нарынов. Музей лагерьдің бұрынғы тұтқындары мен олардың ұрпақтарының музейге берген саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы материалдары негізінде құралған. Музейдің негізгі экспозициясы екі бөлімнен тұрады: «XIX-XX ғғ. Қазақстанның саяси тарихы» және «АЛЖИР-дың» тұтқындары».

Музейлік-мемориалдық кешен «Қайғы қақпасы» монументі, 7620 лагерьдің қаза тапқан тұтқындарының есімдері жазылған «Еске алу қабырғасы» мемориалынан,  «Ашыну мен дәрменсіздік» және «Күрес пен үміт» секілді екі мүсіндік композициясынан, «Көз жасы» стеласынан, барақ, «Сталиндік вагон», екі аллеялы «Алаш» паркінен және музейдің өзінен құралған. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?