Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ерлік тарихы – диорамада

1892
Ерлік тарихы – диорамада - e-history.kz
Ұлы Отан соғысының қаһармандары – Хиуаз Доспанова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов және Әзілхан Нұршайықовтың туғандарына 95 жыл

Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс болды. Миллиондаған жауынгер ұрыс алаңдарынан оралмады. Өкінішке қарай, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары жыл санап сиреп келеді.

Қазақстанның Ұлттық музейінде аты аңызға айналған майдангерлер туралы экспозициялық-кітап көрмесі ұйымдастырылды. 150-ге жуық жәдігер – оның ішінде Мәншүк Мәметованың соғыстағы «серігі» - әйгілі «Максим» пулеметінен бастап, біздің бүгінгі бейбіт өміріміз үшін соғысқандардың жеке заттарына дейін қойылған. Бұлар: мұрағаттық фотоқұжаттар, наградтау туралы парақтар, сонымен қатар қазақстандықтар мен соғыс қатысушыларына арналған кітаптар.

Кіші ғылыми қызметкер Динара Каримованың ақпараты бойынша, көптеген жәдігерлерді соғысқа қатысқандардың ұрпақтары музейге сыйға тартқан. 2015 жылдан бастап ҚР Ұлттық музейі «Ұлттық музейге сый тарту» акциясын өткізіп тұрады. Орден кітапшаларын, орден, медальдерді тегін сыйға тартты.

Мұражайдың Ғылыми-әдістемелік қызметінің қызметкері Серік Әбдірахмановтың Жеңістің 72 жылдығына арнап әзірлеген «1941-1945 жж. ҰОС шайқастарындағы қазақстандықтар» атты әскери-тарихи миниатюра диорамасының  арқасында қатысушылар жауынгерлік техниканың қалай боялғанын, неден құрылғанын, әскери киім-кешектің қандай болғанын және т.б. көз алдарына елестете алды. 

«Менің ойымша осындай диорамаларда патриоттық тәрбие беру жағынан ерекше көңіл бөлуге болады.  Мен, өз жұмыстарымда түрлі хронологиялық кезеңді көрсеттім. Бұл – Мәскеу (1941-1942 жж.), Курск (1943 ж.), Харьков (1942 ж.) шайқастары, сонымен қатар Нормандиядағы белгілі шайқас, Батыс майданын көрсеттім (1944 ж.)», – деп ой бөлісті С. Әбдірахманов.

Іс-шараға Астана қаласы ардагерлер кеңесінің өкілдері, мәдениет, білім және ғылым өкілдері, сонымен қатар «Жас ұландықтар» мен студенттер қатысты. Көрме бірнеше апта жұмыс жасайды.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?