Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазаққа пана болған Қаратау

3384
Қазаққа пана болған Қаратау - e-history.kz
Қойнауы құтқа толы қарт Қаратау қазақ тарихының небір дәуіріне куә болған. Ұлт ретінде жойылу қаупі туған қазақ халқына зар заман кезеңдерінде тау сілемдері пана, қорған болды.

Қойнауы құтқа толы қарт Қаратау қазақ тарихының небір дәуіріне куә болған. Ұлт ретінде жойылу қаупі туған қазақ халқына зар заман кезеңдерінде тау сілемдері пана, қорған болды.

Тұтас ауылдарды аман алып қалған Қаратау аңғарында тарихи құны жоғары үңгірлер көп. Ал таудан жырақта орналасқан Ұлы Жібек жолының бойындағы Құмиян, Қырөзгент шаһарлары Сыр еліндегі қала мәдениетінің қалыптасқандығын дәлелдейді.

X-XII ғасырларға тән құрылыстың озық үлгісін Құмиян және Қырөзгент қалаларынан аңғаруға болады. Құмиянның биіктігі – 5-6, ені – 3,5 метрлік айналма қорғанға қарап, шаһардың қамал ретінде салынғанын тұспалдау қиын емес. Кесек қорғандар 4 аттылы кісі тұратындай қалың әрі берік қаланған. Ерте дәуірде Қырөзгент пен Құмиян сауда-саттық ордасы болған. Мұнда саз ыдыстар жасау мен егіншілік жақсы дамыған. Жалпы, қаланың экономикалық әлеуетінің жоғары болғанын, мұнда табылған түрлі хандықтардың теңгелерінен байқауға болады.

Әлімжан Ержанов, тарихшы:

- Жәнібек ханның кезінде соғылған Сығанақта содан бастап табылады. Ақсақ Темірдің кезінде соғылған теңгелер де табылып жатыр. Ең соңғы тапқан теңгеміз ол Хорезм мемлекетінде соғылған 113 күміс теңге табылды. Қазіргі кезде зерттеудеміз. Көбінесе, біз теңгелерге сүйенеміз. Өйткені тарихи мәлімет жоқ.

Аталған ортағасырлық қалалар жаугершілік замандарда өртке оранып, өркениеті құлдыраған. Қазақ басына күн туған аласапыран замандарда Қаратау аңғарлары Сыр халқына пана болды. Жоңғарлардың жер қайысқан қалың қолы жасаған толассыз шабуылдары елді әбден қажытты. Селдей қаптаған жаудың қанды шеңгелінен халық тау басындағы үңгірлерге қашты. Соның бірі – Қатын қамал. 

Адырбек Сопыбеков, өлкетанушы:

- Биік шыңның басында үлкен үңгір бар. Үңгірді ойда тұрып қарасаң көрінбейді. Жақпар-жақпар тастар бар, шеңгел бар қия жерден. Мінекей, сол XVII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезінде үлкен «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»кезінде сол жердегі халықтарға жау жақындап қалған кезде бала-шағасы бар 40 қыз-келіншекті сол үңгірге апарып паналатады.

Қатын қамал Ақүйік өзенімен қапталдай биік тар қуысқа орналасқан. Бұл үңгір бағзы замандардағы табиғи қопарылыстан пайда болған секілді. Үңгір 12 қанат киіз үйдің ішіндей үлкен әрі жарық. Табанына майда ұлпа тозаң төселген. 40 шақты қыз-келіншек жоңғар шапқыншылығы біткенше, осы жерді паналаған.

Үңгір қуысында саңылау бар. Оның ар жағы 40 кісілік үлкен бөлме тәріздес. Ар жағы тауішілік дәлізге ұласады деседі. Бірақ ол әзірге жіті зерттелмеген. Жалпы Қаратаудың ұшар басында «Қос үңгір», «Кітән ұшқан» деген секілді сыры беймәлім тарихи орындар жетерлік.

Дерек көз: kaztrk.kz

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?