Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ақселеу және ауызша тарих арқауы

1688
Қазақ халқының түп тарихы­ – ше­жі­ре.­ Қасиетті рухани күш шежірешілдік түр­кі­нің­ бір бұ­та­ғы­ қа­зақ­тар­дың ге­­не­­­ти­­ка­­лық­ бол­мы­сын­да­ әлі терең сақ­тал­ған.

1. Ақселеу Сейдімбек фоль­клор­лық­ мұра – шежіре жанрында

Қазақ халқының түп тарихы­ – ше­жі­ре.­ Қасиетті рухани күш шежірешілдік түр­кі­нің­ бір бұ­та­ғы­ қа­зақ­тар­дың ге­­не­­­ти­­ка­­лық­ бол­мы­сын­да­ әлі терең сақ­тал­ған. Шежірені ұмыту, хан жар­лы­­ғы­­­мен­ бекіген жеті атаға толмай­ қыз­­ ал­ыс­пау дәс­тү­рін­ жо­ғалтып алу­ – ұлт­ ре­тін­де­ құ­руғ­а бастайтын қа­тер.­ Біз шежірелік сипатымызды жан­-тә­ні­міз­бен сүйетін халықпыз.

Сондықтан ға­­лам­­ бір­­тұ­­тас­­тан­ған,­ қа­ра­бай­ыр то­­­быр­­­­лан­­­­ған­­ сай­­­ын­ ше­жі­рені ғылым ре­­тін­де дамыта түсіп, жер тұр­ғанша жо­­ғал­­т­­пау­ы­мыз керек.

Ше­жі­ре­ – қа­зір­ әл­ем­ге­ ық­па­лы зор­­ бо­­лып­ от­ыр­ған еврей елі үшін де аса­­ ма­ңыз­ды. «Тау­рат. Көне өсиет» – бұл­ Из­раиль­дің­ 12 бу­ы­н­ының ше­жі­ре­­лік жылнамасы. Еврейлер Мы­сыр­ құлдығынан құтылып, халық ре­тін­де­ күшеюіне, қайта өрлеуіне ық­пал­ жа­са­ған жасампаз күш – ел бас­­та­­ған­ дін­­ба­сы­ла­ры һәм көсемдері ар­қы­лы мызғымаған шежірелік жады мықтылығының әсері. Тектен ай­рыл­мау­дың артықшылығын олар білген.

Ақселеу Сейдімбек – қазақ хал­қы­ның­ ше­жі­релік тарихын бергі заманда клас­сификациялап, энциклопедия тү­рін­де­ бір­ жүйе­ге келтіріп, ұлтқа ұйт­қы­ еке­нін­ ай­қын­дап,­ бабымен жи­нақ­тап­ кеткен асылдың сынығы. XX­ ғасыр басында ұлт көшбасшысы Ах­мет Байтұрсынов: «Қазақ жоқ із­деу­ші» ­дегенде, сол ізгі мұратқа адал бол­ған­дар­дың бірі Ақселеу Сейдімбек екені дау­ ту­дырмас. Тексіздік нағыз қазақ жи­ре­нетін ұсақталу, азып-тозумен тең.

Тәңірінің өзі берген күнінде
Хан ұлынан артық еді менім несібем!

XVI ғасырда өмір сүрген ноғай­лы­ның­ Доспамбет жырауы теңдік салтанат құрған дәуірдің азаттығын қалай асқақ сезінеді, шір­кін!­ Сол қасиет қа­зақ­тың қанында, құ­дай­ға шүкір, әлі бар,­ жоғалмайды.

Ақселеудің қазына ұстаушылығы – жыр­ бұ­ла­ғы­ жы­рау­лар­дан­ жал­ғас­қан­ құ­діретті рух­ты­ өл­тір­меу­ді, фоль­клор­лық баянды жаң­ғыр­ту­ды­ мұ­рат­ ет­­кен мирасқорлық. Ол­-дағы бір ке­руен­ба­сы. Көш-керуенін ұзатып, кейінгі ұрпаққа аманаттап тапсырушы.­ Кө­не­нің көрікті дүниесінен басы бү­тін­­ айырылуды жаны қаламаушылық. Ел­ үмі­тін­ ақтаған ер атағын енді елі сақ­­тай­ды. Ақселеу миссиясы осындай биік.­ Оның ең бас­ты кітабының бірі – «Қа­зақ­тың­ ауыз­ша тарихы».

Әсіресе, шеттен келген қазақ зия­лы­ла­­ры­ қа­зақ­тың­ рухани ассимилияцияға ұшы­ра­ға­нын көзімен көріп, қорынды. Эт­но­г­раф ғалым Жағда Бабалықұлы ­ ақын Қасымхан Бегмановқа берген­ этно­­графиялық сұхбаттарында: «Қазақ­ же­рі­нің­ та­би­ға­ты­ бұзылды. Қа­зақ елінің шаңырағы шайқалып, елі тозды. Қазақ ұлтының тұрмыс ырғағы бұзылды. … Осы аса улы саяси ас­си­ми­лияцияның кесірінен қазақ ұлтында ұлтсыздану қасіреті төбе көрсете бас-тады» деп налиды. Советтік заманда өскен Ақселеу Сланұлы ұлтсыздануға іштей наразылығын өзіндік пафос-пен, қазақтың өзінен туған ұлға тән түйсікпен берді.

Жазушы, зерттеуші Мырзакелді Ке­мел­ «Ақселеу асу» атты танымдық ең­бе­гінде: «Ақ­се­леу­ Сей­дім­бек­тің­ жан­­ры­ алуан стиль­ге­ толы. Мұнда да­ла­ әң­гі­ме­лері де, қор­ған­дар­ мен дін­­дер­ аң­ыз­дары да, күй ше­жіресі де, қа­зақ­тың­ ауызша шежіре-та­ри­хы да, жүз-тай­па­-ру таралымдары да, ер­те­к­тер де,­ мақал-мәтелдер мен қазақ бол­мы­сын­ ашып көрсететін аңызға бергісіз бас­тан­ өт­кен­ді әңгімелеу де, қара өлең де,­ ес­те­лік­тер­ де, аудармалар да бар», – деп­ шын­дық­ты саралап жазады. Со­ны­мен­ қо­са,­ ол­ Ақселеу Сейдімбек мұ­ра­сы­ның­ не­гіз­гі тұ­жы­рым­дарын тер­ме­лей­ді.­ Со­ның­ бір­-екі­сін­ қай­та­ла­сақ:­ «Ақселеу Сейдімбек қазақ эт­но­логиясының ғылыми терминологиясын қалыптастырды. Ақаң «Қазақтың ауызша тарихы» арқылы қа­зақ мемлекеттігінің құрылымын ғы­лы­ми­ не­гіз­де­ді. Жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрін ұстанатын қазақтан басқа этносты жер бетінде бар екенін біз біле алмадық» деп ұлтымыздың бұл­ ер­ек­шелігінің қасиетін дәріптейді. Бұл­ тыйымның қазақтардың тұқымдық сұрыпталуына себепші болумен бірге, эт­но­мә­дени біртұтастығын сақтаудың бірден-бір тетігі болғандығын айтады».

Әлхисса, бұл кітапта не жоқ, қазақ үш­ін­ қасиетті һәм қастерлі саналатын дү­ние­та­ным­дық ұғым-идея, белгі-ны­шан­ның бәрі бар. Кең даламызда өсіп-өнген тайпалар мен рулар, ұлыстардың бір-бірімен тамырласқан, будандасқан, қап­тал­дас­қан,­ бау­ыр­лас­қан­ шы­найы­ тарихы бар. Оқылуы кей сәт мың бір түндей көркем шежіре әдебиеттегі не­бір­­ жанрлардың бір ар­на­да­ то­ғыс­қан­ды­ғы­мен­ озық. Оның мазмұны тым­ терең, іші толы құнды деректер, кісілік келбет, қилы жазмыш. Қазақ ас­қан­ философ халық екенін бұл кітап аша түседі.

Ақселеутану – өзтану. Қазақтыққа тағзым. Ал қазақтық еркіндік аңсаудан, азаттыққа сүйіспеншіліктен туғанын қазір ұмытсақ та, түйсіктегі ұлы зердеміз, жадтық таңба, ұлттық код ұмыттырмайды.

«Көшпелі өмір-салт Ұлы дала (Қа­зақ­ да­ла­сы­ деу­ге­ де болады) тұр­ғын­да­ры үшін ұзақ уақыт тиімді өмір сү­ру­дің­ бір­ден­-бір­ оң­тай­лы үлгісі болды» («Қазақтың ауызша тарихы», 485-бет).

«Алаш үстірті – Ресей Федерациясы­на­ қа­рас­ты Тыба республикасының жеріндегі Батыс Саян тау сілемдері. Бұл тау сілемдерінен ағатын ең бір арналы өзен – Сүткөл (Сут-Холь)» (489-бет).

Қазақ біледі, қазір Тыба атанған ел­ бұ­­рын­­ғы­ ұран­қай­лық­тар,­ дә­лі­ре­гі, қалмақтың бір атасы. О баста мон­ғол­данған түркінің бір бұтағы болуы керек. Бірақ бейбіт ел жиі ша­был­ған­ бұ­л­ғақ­та қазақты қан қақсатқан тай­па­ның бірі. Ал мынау этнотопоним­нен­ көрініп тұрғандай, жер атауы та­за­ қа­зақ­ ті­лін­де. Осының бәрі кейінгілерді ойландырары сөзсіз. Сүткөл деген атауда тұнып тұрған өлең бар. Сүт та­ғам­да­ры – сүттен таза, судан ақ уыздай дүниені сүйетін малқор қазақтың ұлттық асы.

«Арғын тайпасының таңбасы «көз таң­ба»­ немесе «күн таңба» деп атала­ды. Севан көлінің байырғы атауы – Көк­ше (Гокча)» (492-бет).
Ақселеу аға қазақтықтың уыз таби­ға­тын­­ күл­лі әлемнен іздеп табады, әрі ай­ғақсыз сөз­ сөй­ле­мей­ді. Ол әңгіме желісін ақын жыр­ла­ры­мен әдіптеп оты­рады. Ескінің есті сөздері қайнар бұлақтай саулап шыға береді. Мысалы, «Нұрдан жаралған Адай» туралы айт­қан­да: «Қашаған Күржіманұлының «Адай тегі» деген жырымен үндес» дей­ ке­ле,­ жырдан үзінді келтіреді (315-бет).­ Өлең де­се жаны.

Анасы жас нәрестені жерошаққа жасырып жүргеннен Ошақты аталған деседі. Бір рудың атасы осылай туады, және осы тектес нұрдан жаралды де­лі­­не­тін үлкен ата­лар­дың шығу тарихы он­дап­-от­ыз­дап­ кез­­де­­се­ді. Демек, жал­­ған­ дін­дар­лық­ әу­ бас­та­ қазақта бол­ма­ған.­ Ау­ыз­екі шежіренің бір­ ға­жа­бы, адам баласын айыптау, сөге жа­­ман­­дау­­дан­ ау­лақ, сонысымен анархиясы жоқ еркін халықтың еркебұлан қалыбын даралап тұратындығы. Сонымен қатар қа­зақ­та ру атына шыққан ұлы аналардың аз емес­тігін Ақселеу Сланұлы ерен сүйінішпен, өз алдына даралай жазады. Олардың бір тай­па­ның­ үлкен шешесі ғана емес, әулиелік жа­ра­ты­лы­сын қоса қамтиды. Мысалы, әйгілі Домалақ ана.

Ақселеу Сланұлы эпостық стильге етене, оның прозасынан ескі асылын жоймаған қазақтың қаймағы бұзылмаған ақсүйек қал­пын­ көресіз. Қазақтың бауырмалдығы мен адуын­ды­ғын­ қатар көрсетеді. Мысалы, ор­та­ жүз­де­гі­ қа­зақ­қа сіңген қырғыз руы­ туралы айтқанда, ол өз атасы та­рақ­ты Мәтімұсаұлы Сейдімбектің ба­сы­нан өткен тектілікке қатысты бір оқиғаны бипаздай жеткізеді. Соғым басына шақырып, дәмдес болған екі адамның арасындағы ата тегіне қатысты шындық әңгіменің шарпуы түптеп келгенде қазақ ұлтына тән ше­жі­ре­шіл­дік­тің де анық баяны. Тү­бі­ қырғыз Қазылық байдың бір сө­зі­не шамданған Сейдімбек ақсақал аталы сөзін құр жібермей: «Сенің арғы атаң Алатаудан шығып, Арқаға бас сауғалап келгенде ашытқылық қымызын қанжығасына бөктеріп келіп пе еді! Оны бізден алмағанда, қайдан алдың!» – деген екен», (356-бет).

«Ұлы Абайдың ақын шәкірттері Көкбай Жанатайұлы мен Әріп Тәңір­бер­генұлы на­ға­шылы-жиенді болып келеді. Сон­соң­ да­ олар өмір бойы бірімен бірі өл­ең­мен қағысып, өн­ер­ле­рін жарыстырып, туысқандық се­зім­де­рін ұтқыр әзіл-қалжыңмен ай­ғақ­тап от­ыр­ған» (190-бет) дей келе, автор әл үс­тін­де жатқан Әріптің көңілін сұрай келген нағашысы Көк­бай­ қа­зақ­тың ажалдың өзін кейде қалжыңға салып,­ жалған дүниеге мой­ын­сұнбай, құ­са-л­ан­бай қарайтын ғадетімен, жиеніне әзіл айтады. Оған өлгелі жатқан Әріп қарап қалмай, «Кетемін дүниені са­ған­ тас­­тап, / Осымен к..ті қысып тоқ­тай­мы­сың?!» әз­іл­мен­ жау­ап­ қай­та­рып, екеуі өлеңмен ай­ты­сып­ ба­құл­да­сады. Осы екі ақынның өл­ім­ фи­лософиясын терең түйсініп, Абай айт­қан: «Туғанда дүние есігін ашады өлең. / Өлең­­мен жер қойнына кірер денең» деген ақи­қат­ты жатсынбай тұрғаны исі ұлттың ұлы­ мінезін танытады.

Шежірелік деректерде Ақселеу Сейдімбек аталардың мінезін, пейілін өз сөзімен өр­нек­теп ашады. Солардың аузынан шыққан сөздерін алтын кенішіндей ардақтайды.
Қазақтың этногенезін түзген жайтқа тән шындықтың бәрі айтылады. Рулық жүйені тарқата, оның таңғажайып шебер құрылыс, далалықтарға лайық бірден-бір елдік жүйе болғанын дә­ріп­тей­ ке­ле, этнограф ғалым қазақ хал­қы­ның рулық жүйесі мызғымас, бе­рік,­ қатып қалған, қамал еместігін, бір­ ру­дан­ бір­ руға ішінара аталар қо­сы­лып, әбден сіңіп, кірігіп кеткенін ай­қын­ жазады. Сөйтіп, түбін қазса, жүз­ге­ кі­ретін қазақ та, жүзге кірмейтін қазақ та бір қазақ екенін ол ерекше сүйіспеншілікпен танытады.

«Ең ғажабы, қазақтың шежіре та­ра­ту­ дәс­тү­рінде сіңісті аталар, кір­ме­ әу­лет­тер, асы­ран­ды балалар жә­не­ ол­ар­дың­ өсіп-өнген ұр­пақ­тары еш бүкпесіз шыншылдықпен баяндалады. Соған қарамастан, еншілестік институтымен бекемделген ру-тайпа мүшелерінің қы­лау­сыз біртұтастықтағы мүдделестігі тіп­тен­ қай­ран қалдырады». Ол «Қазақ ше­жі­ресі …ру-тайпалардың ұлы бірлік идеясын дә­ріп­теу­ге бағытталған жаңа түзілім болып табылады» (21-бет) дей келе, қазіргі трайбализм, жікшілдік деген қауесеттің негізсіз екенін пер­зент­тік парызын биік ұстап, жанын са­­ла­ дәлелдеп шығады. Расында, қазақ – бір­тұ­тас­ халық. Жікшілдік – бірен-саран дү­ние­қо­ңыз, мансапқұмарлардан шық­қан­ әлек. Жалпақ халықта оның ем қон­бай­тын арсыз дерті жоқ.

Ал түбін жасырмайтын мінезі, «Құл ғана атасын жасырады», ертедегі қа­зақ­тың тым шын­шыл­ болғанының бел­гісі! Өтірікке бас­па­ған­ баба Қазақ!

Ақселеу – көне дүниелердің да­ра­ ту­ған­ ха­т­таушысы. Оның жазушы-ғалым, эт­но­г­раф, тарихшы, мәдениеттанушы, өн­ер­та­ну­шылық сан алуан таланты бір­ ар­на­да­­ то­­ғы­сып, бағасы барған сай­ын­ зо­рая­ түс­­пек­­ші­­ құндылықтарды өш­пес­тей­ қы­лып,­ таң­ба­ла­ды. Ол ше­жі­ре­лік­ аң­ыз­дар­дың­ өз жанрын қа­лып­тас­ты­рып кетті. Ақселеу ыж­да­һат­пен жиған ортақ қазынадан жас ұрпақ, кел де, көсіп ала бер. Өйткені ол – сенің төл тарихың. Ол қазақтың ырыс-несібесін түзетін игіліктерді қыз­ғыш­тай қорып һәм қорғап кетті. Со­­ны­­сы­мен прометейлік таудай ең­бек­ жа­са­ды. Жауһар әрі жалқы ең­бек.­ Қа­зақ­ халқының этногенезіне шежірелік мағ­лұматтардың тікелей әсері бар дей­ді ол.­ «Жер бетінде этномәдени бол­мы­сы бір­тұ­тас жалғыз ұлт болса, ол – қазақ ұлты» (4-бет).

Бұл кітап автор өзі жазғандай, «Қа­зақ­ да­­ла­сын­да есте жоқ ескі за­ман­да­ бас­тау­ ал­ып,­ сол қазақ дала­сын­да­ аяқ­тал­ған­ (XX ғ.) көш­пе­лі өмір­ – салт­ты «эпикалық көшпелі өмір-салт» деп айырып атаудың қи­сы­ны­ бар», (8-бет) дей келе, ол өзін со­ның­ шы­рақ­шы­сы,­ «Мен өзімді көшпелі өмір-салт­тың­ әрі сырт­ көз бақылаушысы, әрі­ айғақшысы (но­си­тель,­ этнофора) ре­тінде сезінемін» деп оқ­ыр­ман­ға­ та­ныс­тырады.

Осы құбылысқа адалдықты Ақселеу Сей­дім­бек аққудың қоштасу әніндей көріп, биік тра­гедиялық пафоспен қабылдайды.

«Бір ғана өңірде – Сарыарқаның Бет­пақ­да­ла­мен шектескен жапсарын­да дәстүрлі эпи­ка­лық көшпелі өмір-салт­­ сақ­­та­­лып­­ қал­­ды.­­ Көш­ кө­лі­гі ­– тү­йе,­­­ бас­па­на­сы­ – киіз үй.­­ Қоғамдық өмір­де­ кі­сілік­ пен парасат бас­шы­лық­қа алынып, адамдар ғажайып асқақ се­зім­дер­ге­ бөлене алатын.

Міне, мен өскен өңір, мені қалып­тас­тырған әлеуметтік орта осындай еді. Бұл ортаны эпи­ка­лық­ көшпелі өмір-салттың саба түбі сар­қындысы, ең соңғы жұқанасы деуге бо­ла­ды. Өз басым тарих пен этнографияға ден­ қойып жүрген адам ретінде мұндай өм­ір­-салтты көріп үлгергенімді тағ­дыр­дың сый­ы­на балаймын» (8-9 бет).

Далалық тұрмыс-салт, қоғамдық, әл­еу­­мет­тік, мәдени әлемнің жүйелі эн­цик­лопе­дия­сын, тіл ұшында, зердеде тұнған ұлы та­рихын Ақселеу Сей­­дім­­бек­ елі­нің таңдаулы ұлы болып құлай жазды.

2. Шежіре – тек пен зерде

Мөңке Би Тілеуұлы (1675-1756):
Алыстағы дұшпанның
Жағаға қолы жетпеске,
Артында туысқанның көбі игі.
Екіталай іс болып,
Еңсеңе дұшпан табан қойғанда,
Өзіңменен бірігіп,
Қыр басына шықпаған,
Ағайынның күнінде,
Барынан да жоғы игі.
Шежіре сыры, елдің былайғы күйі осы жолдарда анық.

Қазақтан басқа халықтар шежіренің рөлі мен маңызын жанама болсын танып білді, ал білмесе опынды. Мысалы, көне эллиндік тра­ге­ди­яның­ мар­қас­қа­сы­ Софоклдың «Эд­ип­ пат­ша­» атты тұңғиық драмасының лейт­мо­тиві – шыққан тегін білмей сұмдыққа ұр­ын­ған­ адам тағдыры, құйынша соқ­қан­ жаз­мыш­ тау­қыметі. Жеті ата­сын­ біл­ме­ген­ жетесіз. Шежіресін білмей қор болған, асыранды өскен Эдип ақыры сұмдық қасіретке ду­шар­ болады. Ол туған әкесін өлтіріп, пат­ша­лық­қа тағайындалып, сол елдің заңы бой­ынша өлген патшаның әйеліне үйленеді. Эдип өз анасын алған, әке­сін­ білмегендіктен жазым еткен. Бұл әулетке әкесінің істеген қара ісі үшін қарғыс тиген. Қазіргі адамдар Эдип пат­ша­ны көбінесе жаңа заманғы фи­­ло­­соф­­ Зигмунд Фрейдтің «Эдип ком­плек­сі» деп атаған психологиялық ау­ыт­қу­лар­ды зерт­теу­ле­рі арқылы көбі­рек­ білетін сияқты. Со­фок­л­дың ұлы та­лан­ты оларға беймәлім.

Пусть чем угодно разразиться.
Я хочу узнать свой род – пусть он ничтожен!
Таков мой род – и мне не быть иным.
Я должен знать свое происхождение.
(Софокл. «Эдип-царь». Аударма: С.Шер­вин­ский ).

Бұл – жүрегі бір сұмдықты сезген Эдип пат­шаның жан дауысы. Сонда ана­­сы әрі жа­ры­ Иокаста, ол-дағы удай­ жаз­мыш­тан­ құ­­тыл­­ма­­ға­нын ұғып: «Несчастный! О, не узнавай, кто ты!»­ деп құсамен жауап береді. Эдип жан төзгісіз қайғылы азаптан өзін-өзі соқыр қылып жазалау арқылы, ұзамай жеткен өлім арқылы арылады. Жаза оны ластан тазартардай қабылдайды.

Шежіре түркі халықтарының бәрін­де­­ бар. Қарақалпақ ақыны Бердақ Қарғабайұлы:
Көриңлер халықтың шежиресін,
Есит шежиренің мәнисин,
Бәршенің ата-бабасын,
Айтып баян қылған екен:
Әнес, Мәлик екки киси,
Пайғамбардың сахабасы,
Әнес – қазақтың бабасы,
Шундын «алаш» болған екен.
Мәликтің ұғлы – Разыхақ,
Яшлығында қойды ғұлпақ,
киген екен қара қалпақ,
Шундын «қалпақ» болған екен.
Сахра халқы көшип гезбек,
Кәнтли жерден уатан дүзбек,
Қалпақтың ұғлыдүр өзбек,
Өзбек жекке болған екен.

1827 жылы туған Бердақ Абайдан 22 жас­қа­ үлкен. Мына өлең жолда­рын­да Бердақ қазақ, қарақалпақ, өз­бек­ – үш халықтың шық­қан тегі бір­ екенін әйгілеп тұр. Түбін қаз­са,­ «Өзбек – өз ағам» деген сөз рас.­ Қа­­зақ­­қа­ башқұрт пен ноғайдың бас­қа­лардан ғө­рі­ жақындығы тағы аян. Ешбір дәлел, ай­ғақ­сыз, әншейін осы екі халықтың қалың ор­та­сы­на­ тап болсаңыз, қазақтан еш айырма көр­мей­­сіз.

Владычь в Сейильхане, баба Эрсары!
Ты славен могуществом с древней поры,
Деяния твои справедливы, мудры:
За бедных вставал ты стеною, быва­ло.

Бұл – Сеиди, түркмен классик ақыны, ата-баба аруағын асыра сөйлеу кең даланың ұлдарына етене тән мінез. Өзінің ерсары ру­ы­нан шыққанын ақын мақтан қылып, жыр­ға­ қосады.
Все теке, салыры, эрсары придут,
Будут все сарыки – весь туркменский люд.
Все, кого туркменским людом ни зовут,
Все верхом прискачут, все придут, наверно.
(Орысшаға аударған С.Иванов).

Сеидидің бұл жырында түркменнің сөй­­лер­ тілі – Мақтымқұлының руы көклен аталмағанмен, үш-төрт ру бар. Қазақ – ру ат­та­рын­ сүйіп айтатын халық, сол дәстүрге түр­к­мен­дер де берік. Ев­ра­зия­лық жад.

Қазақ ру тайпаларының атаулары кө­бі­не­се таңба немесе адам өңіндегі нышан ат­ау­ларынан шығады: шапырашты, қаңлы, шанышқылы, сіргелі, ошақты, ысты, ойық, тілік, үштаңбалы, тутаңбалы, қайшылы, қан­жығалы, то­­бық­ты,­ жоғары шекті, тө­мен­ шекті,­­ ба­ға­налы, балталы, ергенекті, те­­ріс­­­таң­­ба­­­­лы,­ көлденең, қарақас, ше­ру­­­ші,­­ ши­­мойын, ашамайлы керей, та­рақ­ты, шекті, байбақты, оңтаңбалы табын, теріс таңбалы табын, қа­ра­қой­лы, жағалбайлы. Жер атаулары да осы­лайша қойылады: Жыланды, Бұғылы, Құланды, Бұланды, Теректі, Қайыңды, Ши­елі,­ Бақалы, Алмалы, Текелі, Құлынды болып көк­тегі ты­р­на­­лар­дай тізіліп кете береді.

Шежіре – тектану. Ал философияда «Өз­ің­ді өзің таны» – өмірдің мәніне жақын ұғым. Шыққан тектің ұрпақтың өмір сүру салтына әрі тағдырына үс­тем­дігі зор. Қазақтың «Жақ­сы­дан жа­ман туса да, Жаманнан жақсы ту­са­ да, ­Тартпай кетпес негізге» деуі соны те­­рең­ білгендіктен.

Ақселеу аға қазақ жаппай тектен жа­­ңы­ла­ды-ау деген сұмдық сүрей ой­дан сананы арашалайды. Оның тек­ туралы танымдық кітабына тіпті оқымай-ақ бір көзі түскен исі қазақ баласы қазығын айналған атқа ұқсап, намысы оянып, дүр сілкініп шыға келері ан­ық.­ Ол енді қазақтығынан айнымайтын өре­лі, саналы азаматқа айналады.

Сондықтан бұл кітап – таңғажайып бағ­бан­ның кәусарлы бағынан аумай­ды.­

«Ілияс Есенберлин «Жанталаста»­ жы­рау­­лар әңгімесі түрінде қаншама нақтылы та­ри­хи аңыздарды сыйыс­тыр­ған, бұл кезге дейін ауызша таралып келген, шындығы, қиялы ара­лас шежіренің орайын тауып ор­на­лас­тыр­ған», – деп жазады академик Рах­­ман­құл­ Бердібай. «Көшпенділер» тари­хи­ роман-трилогиясымен қазақ­тың­ рухы жаң­ғырғаны аян.

Шежіреге халық ру-руымен енеді. «Ағай­ын бір өліде, бір тіріде» дейді қазақ. Ше­жі­ре­лік сарынды болсын, жақсы мен жаман ай­ыр­ма­сын жыраулар тегіс жырлап өткен.
Жағаға дұспан қолы тимеске,
Артыңда туысқанның көбі игі.
Күндердің күні болғанда,
Қырға шықпас жаманның
Барынан да жоғы игі!
Шалкиіз жыраудың бұл өлеңі қаз­ақ­тың ұлттық санасында берік қалыптасқан аксиома: «Ағайынды жігіттің кереқарыс жалы бар, жалғыз басты жігіттің шығар-шықпас жаны бар» дегенінен алшақ түспейді. Ал Әбубәкір Диваев жинаған қазақ мақал-мә­те­лі­нде: «Үйі жыртықты тамшы жейді, / Ағ­ай­ыны аз қамшы жейді», «Жалғыздың үні шықпас, / Жаяудың шаңы шықпас». Тағы сол Диваевта: «Көшкен жұрттың қадірі қон­ған­да өтер».

Бұдан қазақ шежіресінің фоль­клор­лық­ жанр, асыл мұра екенін әбден ұғу­ға болады.

«Төс айылдың батқанын иесі біл­мес,­ ат білер, / Ағайынның қадірін жа­қы­ны білмес, жат білер».
Доспамбет жырау:
Жағдайсыз, жаман қалып барамын
Жанымда бір туғанның жоғынан!…

Ақтанберді жыраудың неліктен «Құлым бір ұлдай киінсе» деп­ адам­шылықты дә­ріп­те­ге­ні жал­ғыз­дық­ты­ кемістік көргенінен анық сезіледі:
Жағама қолдың тигенін,
Жалғыздық, сенен көремін.
Жамаулы киім кигенім,
Жарлылық, сенен көремін.
Атадан тудым жалқы боп,
Жақыннан көрдім талқы көп.

Ал Ақселеу Сейдімбектің бабасы та­рақ­ты­ Бай­ғо­зы батырдың мәліметі керей Қо­жа­бер­ген­ жырауда бар:
Тарақты ер Байғозы қолдың басы,
Жиырманың алтауына келген жасы.
Бұл-дағы кіші жүзге күйеу екен,
Ерлігін көрді елдің кәрі-жасы.
Байғозы қолма-қолда екен күшті,
Ер болып, жеке шығып, көзге түсті.
Атысқа ғадеттенген қалмақтардың,
Бетпе-бет кездескенде зәресі ұшты.

Шежірелік деректер арқылы тұ­тас­ бір­ рудың атына айналған ата­лар­дың­ тарихын білеміз. Оны қара өлең соңына, ұрпақтап жадына ұмы­тыл­мас­тай­ қалдырып отырды.

Адамқожа ер жетіп,
Өзі жөнін білгесін,
Ат жалын тартып мінгесін,
Әлім менен Шөменге
Бір себептен өкпелеп,
Басқа салды іргесін.
Сонысына халық ат қойған,
Осы жұртқа «Кете» деп.

Рулы ел – ұялы терек болса, оның бұ­тақ­та­ры­ тарамданып, ұшқан құсша қанатын кең­ жайып өспей ме! Сыр сүлейі Нұртуған Кен­же­ғұлұлы кіші жүзде Қаракесектен тарайтын кете руы осылай аталу себебін түсіндіреді. Ал Ақселеу Сейдімбек «Қазақтың ауызша та­ри­хында» қаракесек атасының орта жүз ар­ғында да, кіші жүз әлімде де бар екенін жазады.
Ру аттары қазақ халқында ән мен жырға қо­сылды. «Әніме мен салайын «Тілеу-Қа­­­бақ»,­ «Сұрасаң руымды Қаракесек», «Те­гім­ді­ менің сұрасаң, / Қалың найман нуы­нан», ән-жырды қойып, күй атауы «Адай» болып шал­қи­ды. Дулат Бабатайұлы, Құр­ман­ға­зы, Мәди Бапиұлы – қазақтықтың қыран қанат ұлы рухынан жаралған кілең тектілер. Рулық жүйе қазақты жүз­жыл­дық­тар ауысқан сайын сақтап келді. Қан арқылы туыстық, бауырмалдық идея­сы, бір атадан тарау ұлтты ұйыс­тыр­ды.

Жетісудың марқасқасы Сүйінбай ақын қырғыздың Қатаған ақынымен ай­тысып, қазағын айбар қылып түгендеп беруі, сөйтіп қарсыласына мықтап сес көрсетуі Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» де­ген­ асқан перзенттік махаббатымен үндес. «Көкте – құдай, жерде – түркі» деп әуелден ел­ атын санасында үкілеген халықтың ұрпағы осы­лай­ сөйлеуге қақылы.

Тегінен танбайтын асыл ғұрып техногендік ғасырда халқымызды сырт факторлардан сақ­тау­шы­ жасампаз күш болып қаларына се­не­міз. Оған сендіретін рухани әлем қазақта күшті.

«Қазақтың ауызша тарихы» атты кітаптың құнды һәм қасиетті жүгі әлі талай зерттеулерге, шығармаларға астар боларына дау жоқ.

Айгүл Кемелбаева,
жазушы, кинодраматург

Дереккөзі: astana-akshamy.kz 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?