Ол 1919-1921 жылдары Орынбордағы Қазақ институтында дәріс беріп, Қырғыз (қазақ) әскери комиссариаты штабындағы тарихи-статистика бөлімін басқарды.
«Басқа да түркі тайпаларымен тағдыры бір қазақ-қырғыз тарихы жөніндегі очерктер» атты үлкен монографиялық еңбек жазды. Онда қазақтардың 18 ғасырға дейінгі тарихы, шежіресі, феодалдық меншіктің дамуы, қазақтардың Пугачев көтерілісіне қатысуы, 1916 жылғы көтеріліс туралы толық жазылған. Шығарма кезінде әділ бағасын алды және әлі де өз құндылығын жойған жоқ. А.Чулошников «Қазақ КСР тарихы бойынша материалдар. 1758-1828 жж.» құжаттар жинағының кеңесшісі болды.