Қазақстандағы алғашқы зауыттар

51
Материалға сурет: Қазақстандағы алғашқы зауыттар

Сурет: ЖИ/Б.Нұрасыл

Қазақстан өнеркәсібінің даму тарихы — бұл жай ғана зауыт-фабрикалардың ашылу хроникасы емес, бұл бай табиғи ресурстарды игеру арқылы елдің экономикалық дербестігін қалыптастыру жолы. XIX ғасырда бой көтерген алғашқы өндіріс ошақтары бүгінгі таңда еліміздің экономикалық арқауына айналған халықаралық деңгейдегі өндірістік гиганттардың негізін қалады. 

Алғашқы кездері зауыттар мен кеніштерді шикізатпен қамтамасыз ету үшін Түркістан-Сибирь (Түрксіб), Орынбор-Ташкент, Ақмола-Карталы сияқты магистральды теміржолдар тартылды. 

Зауыттардың айналасында Риддер, Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев, Теміртау, Екібастұз, Рудный сияқты монопром қалалар бой көтерді.  Сонымен қатар, алғашқы зауыттар қазақ даласында жергілікті инженерлер мен кәсіби жұмысшы табының (пролетариат) қалыптасуына жол ашты. 

Ежелгі металлургия:

Қазақ жеріндегі металл өңдеу мен өндіріс мәдениеті қола дәуірінен тамыр тартады. Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениетіне тиесілі Атасу, Қарқаралы өңірлеріндегі ежелгі пештердің қалдықтары бабаларымыздың мыс пен қоланы балқытудың қыр-сырын ерте меңгергенін дәлелдейді.

Орта ғасырларда Отырар, Тараз, Түркістан, Сығанақ секілді шаһарларда металл өңдеу, қару-жарақ соғу, қыш құю және зергерлік шеберханалар ірі өндірістік орталықтар қызметін атқарды. Ал қазіргі түсініктегі фабрика-зауыт жүйесі Ресей империясының капиталистік қатынастарының енуімен байланысты қалыптаса бастады. 

Тұңғыш зауыттар мен кеніштер 

XVIII–XIX ғасырларда Қазақстанның бай кен орындарына Ресей және батыс капиталдары (ағылшын, француз, американдық инвесторлар) белсенді түрде тартылды. Осы кезеңде елдегі алғашқы ауыр және жеңіл өнеркәсіп ошақтары ашылды: 


Алтай металлургиялық жүйесі (1786 жыл): Филипп Риддер Алтай тауларынан бай полиметалл кен орнын тапқан соң, өңірде Риддер және Крюков кеніштері, күміс пен қорғасын балқытатын өндіріс ошақтары бой көтерді. Бұл — Шығыс Қазақстандағы түсті металлургияның бастауы болды. 

Спасск мыс балқыту зауыты (1830–1840 жж.): Орталық Қазақстандағы мыс өндірісінің алғашқы қарлығашы. Бұл зауытты отынмен қамтамасыз ету мақсатында 1856 жылы Қарағандыда тунгош көмір шахталары іске қосылды. 

Қарсақбай мыс зауыты: Жезқазған өңіріндегі мыс байлығын игеру мақсатында пайда болған зауыт. Оның құрылысын аяқтап, 1928 жылы алғашқы қазақстандық мысты балқытуға академик Қаныш Сатпаев орасан зор үлес қосты. 

Шымкент сантонин зауыты (1882 жыл): Еліміздегі химия-фармацевтика өнеркәсібінің алғашқы қарлығашы. Жергілікті сирек кездесетін дермене (дармина) өсімдігінен медициналық сантонин препаратын бөліп алып, Еуропа мен Америкаға экспорттады. 

Ауыл шаруашылығын өңдеу кәсіпорындары: Семей, Петропавл, Орал, Верный (Алматы) қалаларында мал өнімдерін өңдейтін былғары, май шайқау, сабын қайнату, спирт және нан зауыттары ашылды. 

XIX–XX ғасырлар тоғысында негізі қаланған шағын кеніштер мен зауыттар бүгінде Қазақстан экономикасының негізін құрайтын ірі ұлттық және халықаралық корпорацияларға айналды. 

«Kazzinc» (Қазцинк) — Риддер пен Зырян кеніштерінің мұрагері 

1786 жылы ашылған Риддер-Сокольный кеніші мен Зырян полиметалл кен орындары. 

«Қазцинк» ЖШС — Өскемен, Риддер және Алтай (Зыряновск) өндірістік кешендерін басын біріктіретін, әлемдік деңгейдегі мырыш, қорғасын, мыс және бағалы металдар өндіруші халықаралық гигант. Компания — елдегі ең ірі жұмыс берушілер мен салық төлеушілердің бірі. 

«Kazahhmys» (Қазақмыс корпорациясы) — Спасск мен Қарсақбайдың заңды жалғасы

Спасск мыс зауыты, Жезқазған кеніштері және 1928 жылы алғашқы өнімін берген Қарсақбай медеплавильный зауыты. 

 «Қазақмыс» — мыс өндіру мен өңдеуден әлемдік көшбасшылардың бірі. Құрамына кен байыту фабрикалары, медеплавильный зауыттар (Жезқазған, Балқаш), көмір шахталары мен электр станциялары кіреді. 

«ArcelorMittal Темиртау» / QARMET — Магнитка тарихы

Қарағанды көмір бассейні (1856 ж.) мен Орталық Қазақстандағы темір кенін игерудің негізінде, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Теміртауда Қазақ металлургия зауытының іске қосылуы (1944 ж.). 

Бұрынғы Қарағанды металлургия комбинаты (Қазақстан Магниткасы) негізінде құрылған QARMET (бұрынғы АрселорМиттал Теміртау) — металлургия мен көмір өндіруді толық циклде жүзеге асыратын ТМД-дағы ең ірі интеграцияланған металлургиялық кешендердің бірі. 

Екібастұз көмір кешені («Богатырь Көмір») 

XIX ғасырдың аяғында (1895 ж.) геолог Н. Коншин мен кәсіпкер К. Пшенобаев ашқан Екібастұз көмір кен орны. 

Екібастұздағы «Богатырь» кеніші — әлемдегі ең ірі ашық көмір тілігі (Гиннесстің рекордтар кітабына енгізілген). Бүгінде «Богатырь Көмір» ЖШС Қазақстанда өндірілетін барлық көмірдің 40%-ға жуығын қамтамасыз етеді. 

Қазақстандағы алғашқы зауыттар мен кеніштер — бұл тек өткен күннің тарихи белгісі емес, қазіргі заманауи индустрияның берік іргетасы. XIX ғасырдағы шағын пештер мен шахталардан басталған өндіріс жолы бүгін елімізді жаһандық металлургия, тау-кен және энергетика нарығындағы басты ойыншылардың біріне айналдырды.