Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

100 жыл бұрын (1918-2006) партизан жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсенов дүниеге келді.

- = -

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасын ұйым мүшесіне қабылдау туралы қарарды мақұлдады

26310
1992 жылғы 23 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі өз отырысында Қазақстан Республикасын БҰҰ мүшесіне қабылдау туралы қарарды мақұлдады. Н.Ә. Назарбаевтың атына жолдаған өз жеделхатында сол кездегі БҰҰ бас хатшысы Бутрос Гали, Қазақстан БҰҰ Жарғысында көрсетілген талаптарды орындай алатын және орындауға тілек білдірген бейбітшіл мемлекет ретінде, осы халықаралық ұйымның қызмет етуінің бүкіл саласына зор, белсенді де сындарлы үлес қосатынына сенім білдірді. 1992 жылдың 3 наурызында Қазақстан БҰҰ толық құқылы мүшесі болды. БҰҰ Бас Ассамблеясының толық мәжілісінде Қазақстан Республикасын Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесіне қабылдау туралы шешім дауыс берусіз қабылданды. Мәжілістен кейін БҰҰ штаб орнында Қазақстанның туын көтеру салтанаты өтті.