Бұл күн тарихта

71 жыл бұрын (1943) Петропавл 1-ші жылу энергия орталығы алғашқы киловат электр энергиясын берді.

11 жыл бұрын (2001) «Шанхай бестігі» Өзбекстанмен толығып, «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» құрылды.

- = -

«Әділет» партиясы тіркелді

«Әділет» партиясы тіркелді - e-history.kz
Партия аумақтық қағидат бойынша құрылады және де республиканың барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларында партияның бөлімшелері бар. Басты міндет: Қазақстанда құқықтық демократиялық әлеуметтік мемлекетті құру, тиімді, озық және өркендеген экономикалық жүйені құру, азаматтық қоғамды қалыптастыру. 2004 жылы Мәжілістегі сайлау қорытындысына сәйкес партиялық тізім бойынша дауыс берген кезде партия 0.76% дауыс алды. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір мандатты округ бойынша сайланған бір депутат бар. 2007 жылғы 8 шілдеде «Әділет» демократиялық партиясының 5 съезінде Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясына қосылу туралы шешім қабылданды. 2007 жылғы 20 қазанда өткен «Әділет» демократиялық партиясының VI (кезектен тыс) съезінде «Ақ Жол» ҚДП қосылу туралы «Әділет» ДП V (кезектен тыс) съезінде бұрын қабылданған шешімнің күшін жою туралы шешім қабылданды.