Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

1996 жылы Алматыда ҚР мен РФ президенттері Каспий жөніндегі мәлімдемеге қол қойды.

1994 жылы Алматыда «Абылай хан» атындағы қор құрылды.

- = -

Швеция Корольдігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады

26303
1992 ж. 16 қаңтарында Швеция Корольдігі Қазақстан Республикасының, мемлекеттік тәуелсіздігін мойындап, осы жылдың 7 сәуірінде екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Қазақстан мен Швеция арасындағы екі жақты саяси қарым-қатынас жоғары қарқынды байланыспен ерекшелінбей, ынтымақтастық ретінде сипатталынады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Швеция Корольдігіне бірінші ресми сапары 2004 ж. 25-26 қазанында болды. 2006 ж. 20-22 ақпанда Қазақстан ел басының Швециядағы келісімдердің орындалған сон, кәсіпкерлер делегацияны басқарып, Швеция Премьер Министрдің бірінші орынбасары Б.Рингхолм Қазақстанға сапар шекті. Шведтік делегация, Швеция Корольдігінің сыртқы істер Министрі К.Бильдтпен Астана қаласында болып өткен ЕҚЫҰ саммитіне қатысты. 2011 жылдың 11-12 маусымында Вестерос қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігінің, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы және Еуропадағы қазақ диаспорасы Федерациясының қолдауымен Еуропадағы қазақтардың кіші құрылтайы болып өтті. Іс шара мақсаты диаспораның жас буын өкілдерін қазақ тіліне, мұрасы мен мәдениетіне баулу, сондай – ақ Қазақстан Республикасының Президенті - Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 ж. 25-27 мамырда Астана қаласында өткен, IV Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында жолданған үндеуінің негізгі ережелерін жеткізу болып табылады.