Бұл күн тарихта

1938 жылы монументші-суретші Шәкен Ниязбеков дүниеге келді

2005 жылы Алтынжарда Құрманғазы Сағырбайұлы мәдени орталығы ашылды

1991 жылы Қазақстан Жастар одағы құрылды

1997 жылы Ұлттық ақпарат орталығы ашылды

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Григорий Матвеевич Самойлинің туғанына 106 жыл.

- = -

1938 жылы монументші-суретші Шәкен Ниязбеков дүниеге келді

Материалға сурет: 1938 жылы монументші-суретші Шәкен Ниязбеков дүниеге келді
Шәкен Ниязбеков - Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, КСРО Суретшілер одағының мүшесі
Тараз қаласында туған. Санкт-Петербор көркем өнеркәсіп институтын бітірген. 1963-1966 жылдары - Санкт-Петербордағы Электрлік пісіру жабдықтарының бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының суретші-конструкторы. 1966-1968 жылдары - Қазақ КСР халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің суретшісі. 1969-1982 жылдары - Алматы қаласының бас суретшісі. 1982-1987 жылдары - Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы. 1983-1984 жылдары - КСРО Суретшілер одағының хатшысы. Ол «Абай», «Музыка сазы», «Аңшылық», «Құрманғазы», «Кісен ашқан», «Әли Батыр», «Сырым Датов», т.б. алюминийге, мысқа, жезге бедерленген монументтік туындылардың, Қазақстан Республикасы Туының, Алматы қаласы таңбасының авторы. Техника ғылымының докторы В.Зайчикпен бірлесіп жасаған пісіргіш машинасы Монреальдағы дүниежүзілік көрмеде көрсетілді. «Глобус» телевизорының көркемдік-конструкторлық сапасы үшін 1965 жылы Чехословакияда өткен халықаралық конкурста 1-ші дәрежелі сыйлық берілді. «Құрмет» орденімен марапатталған.