Қазақ тарихын қалай түсінуіміз керек?

Автор:
168
Материалға сурет: Қазақ тарихын қалай түсінуіміз керек?

Қазақстан тарихын зерттеу, ру-тайпалық құрылымның қоғамдағы орны, жастардың тарихи санасы мен заманауи медианың ықпалы – бүгінгі тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі. Осы тақырыптар төңірегінде жас ғалым, тарихшы Елнұр Ешіммен сұхбаттасып, оның ғылыми ізденістері, шетелдегі білім тәжірибесі және тарихты жаңа буынға жеткізудің жолдары туралы әңгімелестік.

Елнұр Ешім – тарих ғылымында өзіндік зерттеу бағытын қалыптастырып келе жатқан жас ғалымдардың бірі. Оның ғылыми қызығушылығы қазақ халқының құрамындағы субэтникалық топтарды, соның ішінде Қырғыз руының тарихын зерттеуге бағытталған. Сұхбат барысында жас тарихшы бұл тақырыпқа қалай келгенін, мұндай зерттеулердің қазақ қоғамының тарихи құрылымын тереңірек танудағы маңызын айтып өтті.

Сұхбат барысында тарихи мифтер, әлеуметтік желідегі жалған ақпарат, дереккөзбен жұмыс істеу мәдениеті және қоғамның тарихқа жауапкершілікпен қарауы туралы да пікір айтылды. Жас ғалым үшін тарих – тек өткен оқиғалардың жиынтығы емес. Ол қазіргі қоғамның қалай қалыптасқанын, адамдардың дүниетанымы мен құндылықтарының қайдан бастау алғанын түсінуге мүмкіндік беретін ғылым.