Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Бүгін тарихта

Гүлсім Асфендиярова дүниеге келді

- = -

Гүлсім Асфендиярова дүниеге келді

26254
Асфендиярова Гүлсім (1880-1941) дәрігер, Қазандағы Бүкілресейлік мұсылмандар съездінің Түркістандағы делегаты, Ресей мұсылмандарын ұйымдастырудың Уақытша орталық бюросының мүшесі.
Асфендиярова Гүлсім – дәрігер, Қазандағы Бүкілресейлік мұсылмандар съездінің Түркістандағы делегаты, Ресей мұсылмандарын ұйымдастырудың Уақытша орталық бюросының мүшесі. XX ғасырдың басында Петербургте қазақ әйелдері де жоғары медициналық білім алды. Олардың арасында Санкт-Петербургтегі Әйелдер медициналық институтын бітірген ең алғашқы қазақ-дәрігері – Гүлсім Сейітжапарқызы Асфендиярова. Ол Қазанда өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съездінің жұмысына Түркістаннан келген делегат ретінде қатысты. Съезде Гүлсім Асфендиярова Ресей мұсылмандары Орталық бюросының мүшесі болып сайланды.