Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Тарихшы Әділгереев Халел Мұхамеджанұлының туылған күні

Ташкентте «Түркістан уалаятының газеті» алғаш рет қазақ тілінде жарыққа шыға бастады

- = -

1953 жылы Мойынты- Шу темір жол желісі тұрақты түрде пайдалануға берілді.

26111
Трансқазақстандық магистралі құрылысын аяқтайтын Мойынты- Шу темір жол желісі тұрақты түрде пайдалануға берілді.
Д.Омаров 1953–1959 жылдары Түркістан -Сібір темір жолы басытығының орынбасары және бас инженер болып, Түрікстан -Сібір базасында1958 жылы құрылған Қазақ темір жолында, 1958–1967 жылдарында Қарағанды жолдарында, Ташкенттің екі бөлімінде, Орынбордың үш бөлімінде және республиканың басқа да учаскелерінде бас инженер лауызымында жұмыс істеді. Осы жолдардың техникалық қайта жөндеу жұмыстары Жұмағали Омаров магистралдің инженерлік -техникалық жұмыстарын басқарған 1958–1965 жылдары жүргізілген. Қарағанды -Целиноград — Атбасар — Тобол бағыттарын электірлендіру басталды, Целиноград -Тобол учаскесінде екінші жол салынды, Шу — Жамбыл — Бадам, Арысь — Шенгелді бағыттарында екінші жолдары және қосарлы жолдары салынды. Ірі өндіріс орталықтарына, атап айтқанда Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Шымкент және басқа қалаларға қызмет көрсететін ірі темір жол тораптары құрыла басталды. Негізгі магистралды учаскелер орталықтандырылған диспетчерлікпен жабдықталды, вагондық және басқа да шаруашылықтар техникалық, пайдалану мүмкіндіктерге сай жаңа локомотивтермен қамтамсыз етілді.