Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Халық ақыны, әнші-композитор Мәди Бәпиұлы дүниеге келді

23 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Мәскеуге алғашқы ресми сапармен барды

- = -

Алғаш қазақ драма театры құрылды

26106
Алғаш қазақ драма театры құрылды - e-history.kz
Сол кездегі Қазақ АКСР астанасы, Қызыл-Орда қаласында 1925 жылдың аяғында ұйымдастырылған болатын. Театр 1926 жылдың 13 қаңтарында Көшке Кемеңгеровтың «Алтын сақа» пьесасымен және үлкен концертпен тұңғыш рет театр шымылдығы ашылды. 1928 жылы астана Алматыға көшірілуіне байланысты театр да қоныс аударды. 1937 жылдан бастап академиялық театр атағын алды, ал 1961 жылдан бастап - Мұхтар Әуезовтің есімі берілді. Алғашқы құрылған жылдары театр құрамында көркемөнерпаздық пен халық шығарманың танымал шеберлері – И.Байзақов, Ә.Қашаубаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Ж.Шанин, Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, Қ.Бадыров, Қ.Мұңайтпасов, З.Атабаева, Ш.Әлібекова, Ш.Байзақова, М.Шамова, Ж.Шанина ойнады. Алматыдағы Әуезов атындағы Қазақ драма театрының алдындағы Мұхтар Әуезовке ескерткіш 1980 жылы орнатылды. Театрдың алғашқы жылдары режиссерлер актерлік ортадан ұсынылды: Шанин, Қожамқұлов, Жандарбеков. Алғашқы репертуарды құруға Әуезов, Сейфуллин, Майлин еңбек етті. Ерте кезеңде, Совет өкіметінің қалыптасуын бейнелейтін спектакльдер қойылды: «Қызыл сұңқарлар», Оспанов пен Өтеулиннің «Зарлық» қойылымдары, сондай-ақ қазақ халқының көтеріліске дейінгі, ескі ауыл тұрмысы: Әуезовтың «Қаракөз», «Бәйбіше-тоқал», Майлиннің «Неке қияр», «Шаршар молда», Ерданаевтың «Малқамбай», Шаниннің «Торсықбай», «Айдарбек», «Арқалық-батыр» қойылымдары қойылды. 30 жылдары тееатрға арнайы шақыртумен келген орыс режиссерлері (М. Г. Насонов, И. Б. Боров, М. А. Соколовский), суретшісі (К. Ходжиков) күрделі драмалық шығармаларды Әуезовтың «Түнгі сарыны», Майлин мен Мүсреповтың «Амангелді» спектаклін қоюға кіріседі. 1941-45 жылдары совет халқының ерлік күресіне арналған Әуезовтың «Сынып сағаты», Әуезов пен Әбішевтың «Намыс гвардиясы», сондай-ақ Мүсіреповтың «Ақан сері- Ақ тоқты», Шекспирдің «Асауға тұсау» пьесалары театр репертуарынан мол орын алды. 40-80 жылдарда аса маңызды: Ә.Әбішевтың «Достық пен махаббат», «Мансап пен ұждан», Мұстафиннің «Миллионер», Құсайыновтың «Кеше және бүгін», «Ауыр тағдырлар», Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш орман емес», Мұхаметжановтың «Бөлтірік бөрік астында», «Құдалық» «Жат елдесінде», Ахтановтың «Боран», «Сәуле», Шашкиннің «Ақын жүрегі», Қабдоловтың «Өтпейтін от», Айтматов пен Мұхаметжановтың «Фудзияма тауы» және тағы басқа қойылымдары қойылды. Қойылымдар қазақ тілінде ілеспе аудармамен жүреді.