Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

78 жыл бұрын Балқаш елді мекені қала мәртебесін алды

85 жыл бұрын ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) «үштігінің» шешімімен Алаш қозғалысының 20-дан астам мүшесі репрессияға ұшырады

- = -

«ҚР мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы қабылданды

25946
Мемлекет басшысымен Мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы ара қатынастарды реттеуге бағытталған, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заңына қол қойды. Заң мемлекеттік шекара туралы заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік органдардың өкілеттігі мен қызметіне анық шек қоюға бағытталған. Осы құжатпен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» және «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі туралы» заңдары бірегей заңға біріктірілді. «Шекаралық қауіпсіздік», «шекаралық қақтығыс» «мемлекеттік шекараны санатқа жіктеу» түсініктерін анықтайтын глоссарийлері қарастырылған. Бейінді комитеттің белгілеуінше заң, мемлекеттік шекараны қорғау және сақтау бойынша тапсырмаларды орындау барысында, Қазақстанның өкілетті органдарымен жабдықтау және әскери техника, арнайы құралдарды қолдану шегі мен шарттарын анықтайды. Бұдан басқа, елдің шекара саясатын құру бойынша ұсыныстарды өңдеу үшін үкімен жанында Мемлекеттік шекара комиссиясын құру қарастырылған. Шекарамен шектес аудандарының әкімдіктерінде шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін шұғыл шешу үшін үйлестіру кеңесін құру болжанып отыр.