Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Бүгін Павлодар облысы құрылды

«ҚР ғылым және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы» Заңы жарық көрді

- = -

81 жыл бұрын г-м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА, минералдық ресурстар академиясының академигі Диаров Муфтах дүниеге келді.

25847
Атырау облысында туған. Қазақ кен-металлургия институтын бітірген.
1955-1964 жылдары - Индер геологиялық барлау экспедициясының геологы, партия комитетінің бастығы, бас геологы. 1964-1978 жылдары - Қазақ мұнай геологиялық баралу ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі. 1978-1992 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының Мұнай химиясы және табиғи тұздар институты директорының орынбасары, директоры, зертхана меңгерушісі. 1992-1997 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының Батыс бөлімшесі академик хатшысының орынбасары. 1997 жылдан «Атырау-ғылым» акционерлік қоғамының вице-президенті болған. Ғалым Каспий маңы ойпатында бор, борлы-калийлі тұздар іздеу, барлау мәселелерімен шұғылданған. Минералдық тұздарды барлаудың жаңа тәсілдерін жасап, пайдаланған.