«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English

Бұқарбай Естекбайұлы

Бұқарбай Естекбайұлы
  • Аты
  • Бұқарбай Естекбайұлы
  • Қызмет саласы
  • Ел басқарушылар, хандар, сұлтандар
Қазақ халқының батыры, шешен, даңқты қолбасшы, Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің бас сардарларының бірі

1822 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қараөзен бойында туған. Кіші жүздегі Табын руының теке аталығынан шыққан. Кенесары Қасымұлына қосылғанға дейін Қоқан бектерінің ықпалында болған. Бұқарбай Кенесары көтерілісіне алғашқылардың бірі болып қатысып, 1847 жылға дейін көрнекті батырлардың қатарында аталады.

Ол 1838 жылы тамызда Ақмола бекінісін алуға қатысты. 1850 жылы Бұқарбайдың жасағы Қазалы, Арал, Қосқорған бекіністеріне шабуыл жасап, казак-орыстар мен қоқандықтарды жеңді. Орыс тіліндегі деректерге қарағанда, Бұқарбай осы шайқастардың бірінде ауыр жараланып еліне қайтқан соң бейбіт еңбекпен айналысқан.

Егін егіп, Сырдария сағасынан күні бүгінге дейін ұрпақтары пайдаланатын «Бұқарбай арығын» (ұзындығы 25 – 30 км) қаздырған. Бұқарбай батырдың ерліктері ақын-жыраулардың мұраларында, тарихшы Е.Бекмахановтың зерттеулерінде, жазушы І.Есенберлиннің «Қаһар» романында, зерттеуші Қ. Бердәулетовтың «Бұқарбай батыр» кітабында көрініс тапқан.