Батырлар мен қолбасшылар мекені: Астана іргесіндегі жұмбақ каньон

Бөлісу

26.08.2026 167

Бұл жер бір күнде немесе бір ғасырда пайда болған жоқ әрі геологиялық қалыптасу тарихы миллиондаған жылдармен өлшенеді.


Астанадан шығысқа қарай шамамен 140-160 шақырым қашықтықта, Ақмола облысы Ерейментау ауданының аумағында туристер арасында «елордалық Шарын» аталып кеткен бірегей табиғат ескерткіші — Сілеті каньоны жатыр. Бұл жер соңғы жылдары қала қарба-басынан қашып, табиғат аясында тынығуды ұнататындардың сүйікті бағытына айналған.

Палеозой дәуірінің мұрасы

Сілеті каньоны бір күнде немесе бір ғасырда пайда болған жоқ. Каньонның геологиялық қалыптасу тарихы миллиондаған жылдармен өлшенеді.

Каньон жартастары мен тау жыныстары жүздеген миллион жыл бұрын, палеозой заманында қалыптаса бастаған.

Бір сөзбен айтқанда Сілеті өзенінің эрозиялық жұмысы. Яғни мыңдаған жылдар бойы Сілеті өзенінің күшті су ағыны қатты тау жыныстарын, әсіресе жанартаулық және шөгінді түзілімдерді шайып, терең шатқал ойып шығарды.

Өзен суының тынымсыз ағысы мен жел эрозиясы бүгінгі таңдағы біз куә болып отырған сан алуан пішінді жартастардың, қайталанбас геологиялық қабаттардың түзілуіне түрткі болды.

Сілеті каньоны өзінің сыртқы келбеті мен атмосферасымен ерекшеленеді. Қызыл жартастары яғни каньон қабырғаларының түсі мен құрылымы әйгілі Шарын шатқалы немесе Американың үлкен каньондарын еске түсіреді. Тағы бір айта кетерлігі, қызыл, қоңыр және сары реңкті жартастар күн сәулесінің түсу бұрышына байланысты түсін өзгертіп отырады.

Каньон түбімен ағып жатқан Сілеті өзенінің суы мөлдір әрі таза. Жартастардың қызыл түсі мен өзеннің көк-жасыл аясы өзара үйлесіп, ерекше контраст түзеді.

Флора мен фаунасы өте бай. Айнала жазық дала болғанымен, өзен бойында өсімдіктер мен бұталар қалың өскен. Мұнда әртүрлі құстарды, ал дала өңірінен аймаққа тән жабайы аңдарды кездестіруге болады.

Сілетін шатқалын көзімен барып көргендер ол жердің суретшілер, фотографтар мен туристер үшін нағыз шабыт көзі екенін айтады. Жартас басынан төменге көз салғанда ашылатын панорамалық көрініс адамды тәнті етпей қоймайды. Әсіресе таңертеңгілік және кешкі уақыттағы Шапақ (режимдік) сәуле түскен сәттерде кадрлар өте әдемі шығады.

Сілеті каньоны тек табиғи ғажайып қана емес, сонымен қатар Сарыарқаның көне тарихымен, қазақ халқының өмірімен және рухымен тығыз байланысты мекен. Сілеті өзені аңғары мен каньон маңы ерте заманнан бері адам қоныстанған қасиетті мекен болған.

Қола және сақ дәуірінің іздері

Каньон орналасқан Ерейментау өңірі мен оған жақын аумақтарда (мысалы, Қарағайлы ауылы маңында) көне түркі мәдениетінің ескерткіштері, қола дәуірінің қорымдары мен сақ кезеңінің қорғандары көптеп табылған. 

Ұлы Жібек жолының тораптары

Сарыарқа даласы мен ұсақ шоқылар арқылы ерте орта ғасырларда түрлі көшпелі тайпалар мен керуен жолдары өткен. Сілеті өзенінің бойы сол замандарда мал өсіріп, көші-қон жасаған тайпалар үшін өмірлік маңызы бар су көзі қызметін атқарды. 

Батырлар мен қолбасшылар мекені

Тағы бер деректерде бұл жердің жаугершілік заманда бой тасалау, жасырыну орны болғанын айтады. Жаугершілік заманда қазақ жасақтары осында жасырынып, жауға тойтарыстан тап беріп, соққы беріп отырған делінеді. Бұл деректер рас болу әбден мүмкін. Себебі, Сілеті каньоны әкімшілік тұрғыдан Ақмола облысының Ерейментау ауданына қарайды. Бұл өңір — қазақ тарихында ерекше орны бар ұлт-азаттық қозғалыстар мен шайқастар көп болған мінезді өңір. 

Халық ауыз әдебиетінде және Ерейментау өңірінің топонимикасында бұл аймақтардың көне заманнан бері батырлардың аяғы тиген, ел мен жерді қорғауда маңызы болғаны жиі айтылады. Сілеті каньоны жай ғана әдемі пейзаж емес, қиын-қыстау замандарда табиғаттың өзі жергілікті жұртқа қорған етіп жаратқан көне мекендердің бірі болып есептеледі.

Яғни ресми түрде Сілеті каньонына қатысты «пәлен жылғы шайқас болды» деген жазбаша құжаттар тым көп сақтала қоймағанымен, Сарыарқа өңірінің географо-климаттық ерекшелігі мен көшпелілердің соғыс өнері бұл жердің табиғи пана болғанын анық көрсетеді.

Бұл бағыттағы деректер мен өмірлік логиканы бірнеше маңызды аспектіге бөліп қарастыруға болады:

Жаугершілік замандағы табиғи форпост және құпия әскери лагер болды. 

Көшпелілер соғыс тәжірибесінде ашық даладағы шайқастармен қатар, жергілікті ландшафты (тау, шатқал, орман, каньон) қорғаныс мақсатында шебер пайдалана білген. 

Оның үстіне ол жер көзден таса рельеф болып есептеледі. Сілеті каньонының жазық даланың ортасында кенеттен тереңдеп түсуі сырт көзге оны бірден байқатпайды. Жау шапқыншылығы кезінде ауылдар, малшылар мен жасақтар бұндай ойпаң жерлерге, каньонның жарқабақтары мен бұрылыстарына малын тығып, өздері де көзден таса бола алған. 

Жалпы қазақтың әскери өнері мен көшпелілердің тыныс-тіршілігінде табиғи ландшафты - каньондарды, сай-салаларды, жартастар мен үңгірлерді қорғаныс ретінде пайдалану тәсілі кеңінен қолданылған. Жаугершілік заманда және қолайсыз ауа райы кезінде бұл аймақтардың атқарған маңызын бірнеше ерекшелік арқылы түсіндіруге болады:

Шағын әскери тосқауыл (засада) жер

Бұл жерді жақсы білетін жергілікті сарбаздар тар шатқал мен өзен өткелдерін шағын күшпен-ақ үлкен жауға қарсы қорғап, партизандық сипаттағы соғыс әдістерін қолданған. Тік жартастар жаудың қоршауға алуын қиындатып, қорғануға қолайлы жағдай жасады.

Көшпелілер соғыс өнерінде «табиғи фортификацияны» (табиғат жаратқан бекіністерді) шебер қолданған. Сілеті секілді терең каньондар мен Ерейментаудың таулы-қатпарлы аймақтары жаудан қорғануға немесе тұтқиылдан соққы беруге өте қолайлы жер. 

Каньонның тік жартасты, сайлы құрылымы жау әскерінің легін тежеп, тығырыққа тіреу үшін таптырмас жер. Қалың қолмен келе жатқан жау каньон ішіне немесе аңғарға қамалып қалса, олардың әскери артықшылығы жойылатын. Ал биікте тұрған жергілікті сарбаздар аз күшпен жауға қарсы тұра алған.

Яғни аз әскермен көп жауға төтеп беруге лайықты-ақ жер. Қазақ батырлары мен жасақтары ауыр шайқастар кезінде осындай ұйтқыған жерлерді паналап, партизандық соғыс әдістерін (шапқылап тию, қайта шегіну) сәтті қолданған.

Сол секілді басында айтып өткеніміздей, қатаң ауа райынан (аяз бен бораннан) қорғануға ыңғайлы жер болды. Сарыарқаның қысы аса қатал, желді әрі боранды болып келеді. Ашық даладағы көшпелілер үшін қыс мезгілінде желден қорғалған орындарды табу өмірлік маңызды мәселе болған.

Яғни Сілеті сияқты терең өзен аңғарлары мен каньондар Сарыарқаның қақаған аязы мен өтіп кетер өткір желдерінен табиғи қалқа (қорған) қызметін атқарды. Жергілікті халық малды өзен бойындағы қалың ну мен жартас қуыстарына (қыстауларға) түсіріп, бораннан аман алып қалған.

Оның үстіне су мен отынның қолжетімділігі тағы бар. Қыстыгүні ашық далада малды суару және отын табу қиынға соғатын. Ал Сілеті өзенінің аңғары мен оның қамысты, бұталы алқаптары аязды күндері де мал ұстауға, от жағуға қолайлы қажетті жағдайлармен қамтамасыз етті.

Тағы бір айта кетерлігі, төтенше жағдайлар мен дала өртінен сақтану орны болу мүмкіндігі тағы бар. Жазда Сарыарқада құрғақшылық болып, дала өрті жиі тұтанатын. Мұндай кезде өзен аңғары мен тасты каньондар оттың тез өтіп кетуіне немесе оттан аман қалуға көмектесетін қауіпсіз аймақ рөлін атқарды. 

Көктемде керісінше, қауіпті орын. Еріген қар суы жүргенде өзен арнасы таситындықтан, жергілікті тұрғындар бұл уақытта мал мен жанды биікте орналасқан жарқабақтарға көшіріп, қауіпсіздік шараларын жасауы мүмкін. 

Ерейментау таулары мен Сілеті бойы қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінде маңызды стратегиялық аймақ болған. Бұл өңірде ел мен жерді қорғаған танымал батырлардың ерліктері мен олардың жасақтарының әскери әрекеттері өткені туралы аңыздар мен тарихи деректер сақталған.

Сарыарқаның шөбі шүйгін, өзені таза алқаптары қазақтың орта жүз тайпаларының (әсіресе арғындар мен уақтардың) ата қонысы, жайлауы мен қыстауы болған. Сілеті өзенінің бойы ғасырлар бойы мал өсіріп, дәстүрлі өмір салтын ұстанған қазақ ауылдарының киіз тігетін, мал жаятын қасиетті мекені ретінде танылды.

«Сілеті» атауының шығуы

Өзен атауының түп төркіні көне түркі немесе моңғол тілдерімен байланыстырылып, судың молдығын, тазалығын немесе жер бедерінің ерекшеліктерін сипаттайды. 

Кейбір лингвисттер Сілеті сөзінің моңғолдың «Чулуутай» сөзінен шыққанын айтады. Бұл да рас болуы мүмкін. Себебі, бұл сөз бізше «Чулуты» деп оқылады. Ал «чулуу» сөзі қазақша тас деген сөз. Яғни тасты, тік жартасты жер деген мағына береді. Тағы бір айта кетерлігі, XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысына дейін бұл өңір Сарыарқа мен Ертіс бойына басып кірген Жоңғар хандығының ықпалында болған еді. 

Қалай болғанда да қазақ халқы табиғатпен үнемі үндес өмір сүріп, әрбір өзенге, сайға, жартасқа мән беріп, өзіндік атау бергені даусыз.

Бұл каньонның тік жартастары мен үңгірлі тұстары өткен ғасырлардағы алмағайып замандарда, ел шетine жау тигенде немесе әртүрлі тарихи тартыстар кезінде жергілікті тұрғындар мен малшылар үшін пана болған жасырын орындардың бірі ретінде де бағаланады.

Яғни Сілеті каньоны — тек геологиялық тұрғыдан қызықты объект емес, бұл — бабалардың ізі қалған, тарихымыздың қойнауы сыр бүккен қасиетті Сарыарқа топырағының бір бөлшегі. Мұнда келушілер табиғат сұлулығын тамашалап қана қоймай, мыңдаған жылдық көшпелілер өркениетінің рухын сезіне алады. Сілеті сияқты каньондар тек сұлу көрініс мекені ғана емес, ата-бабамыз үшін сан ғасырлық тарихтың сырын бүккен, қажет кезінде қорған болған қасиетті өңір саналады.

 

Бөлісу