Латын әліпбиінің бекітілген нұсқасы
20.02.2018 3082
«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» ҚР Президентінің Жарлығына өзгеріс енгізілді

«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакция­да жазылсын.

2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бас­тап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 19 ақпан  №637