2014 жылы 11 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасында жазушы, пушкинтанушы, Қазақ КСР мәдениетінің көрнекті қызметкері Николай Алексеевич Раевскийдің 120 жылдығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағы ұйымдастырған іс-шараға ғалымдар, тілшілер, мұрағатшылар, өлкетанушылар, кинорежиссерлер, кинооператорлар, Николай Алексеевичтің әріптестері мен бұрынғы көршілері, студенттер және білім алып жатқан жастар қатысты.
Қатысушылар мен қонақтар назарына Раевский кітаптарының көрмесі және республикалық БАҚ-де ол туралы жазылған жарияланымдар, ҚР кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының Мемлекеттік мұрағаты қорынан алынған фотогалерея, жеке мұрағаттар, «Портрет с кометой и Пушкиным» кинофильмі ұсынылды.
Н. Сац атындағы жасөспірімдер театрының әртістері Т. Тарская және О. Ефремов Николай Раевскийдің шығармаларынан үзінділер оқыды. Әрбір мерейтой сияқты іс-шара сыйлықсыз өткен жоқ. Сөйтіп, «Простор» журналының редакциясы ҚР Ұлттық кітапханасына қазақстандық суретші Сергей Сухов салған Николай Алексеевичтің портретін сыйлады. Кинорежиссер Александр Головинский «Письма живого человека» атты Раевский туралы фильміне жазылған әндері бар бірегей дисклерімен Ұлттық кітапхананың аудио қорларын толтырды. Ақын, прозашы және аудармашы, жазушының соңғы мемуарларының редакторы Надежда Чернова 1917 жылы басылып шығарылған, дөңгелек үстелінің ұйымдастырушыларына «Қазақстан хирургиясының тарихы жөнінде очерктерін» берді, онда Раевскиймен бірге Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша мақалалар дайындалған.
ҚР МҰК бас директоры Әлібек Асқаров Раевскийге арналған мерейтойлық іс-шараның өткізілуі символды болып табылатынын атап өтті, себебі өз уақытында 30 жыл бойы ақтың офицері Қазақстанның «бас кітапханасына» жиі барып тұратын. Дәл осы жерде ол өз зерттеулерін жалғастырды, «Если заговорят портреты», «Джафар и Джан», «Последняя любовь поэта», «Друг Пушкина Павел Воинович Нащекин» және т. б. кітаптары оның нәтижесі болып табылды. Олар бірнеше рет Қазақстанда, шет елдерде түпнұсқада, қазақ, чех және ағылшын тілдерінде қайта жарияланды. Бестселлерге айналған «Портреты заговорили» шығармасы Қазақстанда 2 миллионға жуық жалпы тиражбен алты рет қайта басылып шыққан.
Ақын Римма Артемьева — дөңгелек үстелді ұйымдастырушы және модератор қатысушылардың назарын Раевский дарынының бірегейлігіне аударды: «Николай Алексеевичтен сан қырлы мінездің барлық көріністерін қалай қатар қолданып жүргенін сұрағанда, ол былай жауап берген: «Үш икемділік қажет. Өз мақсатын нақты айқындай алу, қойылған тапсырманы орындау үшін өзін жауапты сезіне алу және өз уақытын тиімді пайдалана алу».
Мемлекеттік ғылыми—техникалық құжаттамалар мұрағатының директоры Гүлайхан Сәрсенова өзінің баяндамасында жазушының басқа қызығушылықтары туралы құжаттық дәлелдерді келтірді: «1966 ж. Н. А. Раевский хирургия тарихы бойынша музейге материалдарды жинау үшін екі рет іссапарға шыққаны сақталған хат алмасудан белгілі. Маусым айында — Ленинград қаласындағы Салтыков-Щедрин ат. кітапханаға, тамыз айында — Қарағанды қаласына барған... Николай Алексеевичтің өткен өмірі (лагерь, жер аударуы) Институт басшылығын оны қызмет бойынша көтеру мүмкіндігіне байсалдылықпен қарауды мәжбүр етті. Бірақ осыған қарамастан, ол бір кезде музей меңгерушісінің міндеттерін ресми түрде атқарған».
1970-ші жылдары клиникалық және эксперименталдық хирургияның институтында жұмыс істеген Е. Д. Прицкер айтуы бойынша Николай Алексеевич Минусинкіде ұзақ жер аударғаннан кейін А. Н. Сызғановтың шақыруы бойынша Алматы қаласына келді.
Шынында да Раевский 1961 жылы ҒЗИ аға зертханашы ретінде қабылданды. Жағдайдың қарама-қайшылығы оның мінсіз өткен өмірінде емес, жасында болды. Институтқа оны қабылдаған кезде, ол 67 жаста еді.
Мүмкін, Раевскийдің бірегей тәжірибесі (диагнозды қан анализі бойынша қою) Сызғановты қызықтырған шығар. Бүгінгі күні бұл жазушы өмірбаянындағы аңыздардың бірі. Николай Алексеевичтің білімі осыған себеп болды. Эмиграцияда бола отырып, ол биология мамандағы бойынша Прага қаласында Карлов университетін аяқтады, төрт еуропалық тілді білді, зерттеу жұмысында тәжірибесі болды. Хирургия тарихының музейінен басқа, сонымен қатар Институт кітапханысының анықтамалық аппаратын құруға қатысқаны, қалқанша без бойынша жұмыстың кең библиографияны құрғаны белгілі.
Осының барлығын қазақстандық корифейдің өмірбаяншылары зерттейді. Өлкетанушылар мен мұрағатшылардың міндеті дөңгелек үстелде айтылған мәліметтер сияқты, әйгілі жерлестері туралы бірегей ауызша дәлелдеулерді, оның Қазақстандағы қызметі туралы құжаттарды, өзінің оқырмандарына сыйлаған қолтаңбаларын жинау.
Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының Кітапхана қорында Н. А. Раевскийдің өзінің әріптесі В. Владимировқа (бүгінгі күні ол ҚР ПӘ қор құраушы болып табылады) сыйға берілген кітаптары бар.
Евгения Чиликова,
Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының бас сарапшысы