«Ұлттық мұра» автошеруге қатысушылар Оңтүстік Қазақстан облысында
15.09.2014 1945
«Ұлттық мұра» автошеру аялдамасының соңғы орны Түркістан қаласы болды. 13 қыркүйекте автошеруге қатысушылар тарихи-мәдени этнографиялық орталықта қала тұрғындарымен кездесті.

Жол бойында зерттеушілер мен тілшілер Отырар қаласындағы Қожа ахмет Яссауидің мұғалімі мен рухани мұрагері Арыстан Бабтың кесенесіне барып, XIV ғасырдағы сәулет ескерткіштерін көрді. 

Қазақстанның Ұлттық музей қызметкерлері ұйымдастырған тұңғыш автошерудің бағдарын бақылауын жалғастырамыз. ҚР Ұлттық музейдің баспасөз қызметі хабарлағандай, 12 қыркүйекте Шымкент қаласында Ш. Алдаяқов ат. Облыстық филармония ғимаратында автошеруге қатысушылар ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, кітапхана мен музей қызметкерлері және қаланың жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті.

Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Күлия Айдарбекова, А. Х. Марғұлан ат. археология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бауыржан Байтанаев және профессор, тарих ғылымдарының докторы Анвар Исмаилов кездесуге қатысты. ОҚО мәдениет басқармасы ҚР Ұлттық музейіне Р. С. Смағұловтың «Қазақстанның алтын ғасыры» циклынан алынған «Қыз ұзату» суретін сыйлады.

11 қыркүйекте автошеру Оңтүстік Қазақстан облысынан Жамбыл облысына келді және Тараз қаласының Облыстық тарихи-өлкетану музейінде тұрғындармен кездесті.

Автошеруге қатысушылар Мемлекеттік «Есік» тарихи-мәдени қорық-музейінде, Қарахан, Дәуітбек, Тектұрмас және Айша бибі сынды белгілі тарих және мәдениет кесенелерінде, көне Сайрам қаласындағы Ибрагим-ата және Қарашаш-ана кесенелерінде болды.

Тектұрмас кесенесі

Ибрагим-ата кесенесі

Айша бибі кесенесі


«Ұлттық мұра» автошеруі 10 қыркүйекте Алматы қаласынан басталды. ҚР Ұлттық музейінің жобасы «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының 10 жылдығына арналған және мемлекеттік бағдарламасының болашақта жүзеге асуы үшін республикадағы музей жұмысшыларының күштерін біріктіруге шақырылыған.

Он күндік автошеруге қатысушылар — Ұлттық музейдің қызметкерлері өздерінің алдына бірнеше мынандай міндеттер қойып отыр: музей ісі бойынша тәжірбие алмасу; аймақтардағы музейлердің жетістіктерін, проблемалары мен келешектегі даму жолдарын талқылау; тарихи-мәдени мұраны көпшілікке таратудағы тиімді тәжірбиені талдап қорыту және тарату. Сонымен қатар ұйымдастырушылар қазақстандықтардан бүкіл халықтың дәулеті болуы үшін ата-бабалардан қалған ескі заттарын Ұлттық музей қорына тапсыру ниетін шақыруға үміттенеді. 

Ұлттық музейдің жобасы 3 жылға арналған. Алғашқы «Ұлттық мұра» автошеру маршруты 7 мыңдай шақырымды құрайды және Қазақстанның оңтүстік және орталық аймақтарындағы мәдени-тарихи нысандар мен облыстық музейлерді аралауға жоспарлаған. Келесі автошерулер шығыс, солтүстік және батыс Қазақстан аймақтарын қамтып алуы жоспарлануда.