«Тұлпар – біздің күндерге дейін ежелгі уақыттағы қанатты ат» балалар шығармашылығының байқауы
01.04.2014 2973
Байқау «Ғылым ордасы» РММ табиғат Мұражайының негізінде Алматы оқушылары арасында өткізіледі. Осы ерекше мұражайдың экспозициясы келушілерді сырлы ежелгі жануарлармен таныстырады

Қазақстан аумағында бұрынғы тарихқа дейінгі дәуірде жылқылар мекендеген. Тұлпар бейнесі ежелгі уақыттан бастап батылдылық, сенімділік және күшті бейнелейді. Оның бейнесін тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасында көруге болады.

Алматы қаласының қосымша білім беру мекемелерінің 3-15 жас аралығындағы оқушылар мен тәрбиеленушілері байқауға қатыса алады.

Шығармашылық жұмыстардың тақырыптары (сюжеттері)

Байқауға қатысушыларға келесі тақырыптар ұсынылады:

- Тұлпар менің Отанымның елтаңбасында;

- Өз кішкене жылқымды жақсы көремін;

- Сен ұша бер, менің сенімді атым;

- Менің арманымдағы жылқы;

- Сиқырлы аттар;

- Жылқы – мамонт фаунасының серігі;

- Аспан тұлпарлары;

- Жылқы – сүйікті кітап, фильм, ертегінің кейіпкері;

-  Жылқы адам өмірінде;

- Жылқы – қозғалыстағы поэзия.

Ең үздік жұмыстардың авторларына номинация бойынша дипломдар мен құнды сыйлықтар беріледі.

ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РММ байқаудың құрылтайшысы болып табылады. ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РММ табиғат Мұражайы болып табылады. «Қазақстан тарихы» веб-жобасы ақпараттық қолдауды көрсетеді.

Байқауды өткізу мерзімдері, тәртібі мен шарттары

Байқау 2014 ж. 1 наурыздан 30 сәуір аралығында, 3 кезеңде өткізіледі:

кезең – 2014 ж. 1 наурыздан 30 сәуір аралығында. Байқауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау.«Ғылым ордасы» табиғат Мұражайының палеонтологиялық экспозицияларына бару.

2 кезең– 2014 жылдың 1 мамырдан 14 мамыр аралығында, 2014 ж. 18 мамыр – Халықаралық мұражайлар күніне нәтижелер мен байқау жүлдегерлерін таңдау. 2014 ж. 20 мамырда байқаудың жеңімпаздары бен номинанттары анықталатын алқазылар алқасының отырысы өтеді.

3 кезең – 2014 ж. 23 мамырда жеңімпаздардың марапаттауы өткізіледі. Марапаттау аясында «Ғылым ордасы» мұражайы бойынша байқау қатысушылары үшін саяхат өткізіледі, Қазақстан табиғаты туралы фильм көрсетіледі.

Байқау жұмыстарын қабылдау және дайындау туралы қосымша ақпаратты «Ғылым Ордасы» сайтынан қарай аласыз: www.gylymordasy.kz.